ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






31.03.2015
Ұлы Жеңіс күніне арналған концерт

2015 ж. 31 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында ардагерлер хоры өнер көрсетті. Репертуар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналды.

31.03.2015
«Білімдар» құқықтық байқауы

2015 жылғы 30 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Е. В. Моисеева «Құқылы болуға құқығым бар» ұранымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Білімдар» құқықтық байқауын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Э-21 топ (сынып жетекшісі Л. В. Девальд) және Э-22 топ (сынып жетекшісі Р. С. Жамұлдинова) студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен, оның негізгі ережелерімен, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары және міндеттерімен таныстыру, құқықтық білімдерін, саяси ұғымдар мен заң терминдерін түсіну деңгейлерін тексеру.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:

1. Командаларды құқықтық ширату;

2. Жанкүйерлерге арналған «Өз еліңнің Конституциясын білесің бе?» викторинасы;

3. Командалардың Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерін қаншалықты білетінін анықтайтын практикалық тапсырма;

4. Командалардың берілген мәтіннен Қазақстан Республикасы Конституциясы бөлімдері бойынша қалдырып кетілген ұғымдар мен ойларды анықтау бойынша жұмысы;

5. «Шифрды айырып оқушы» байқауы кезінде анаграммалардан заң терминдеріне қатысты сөздерді құрау керек болды.

Іс-шараға қатысушылар байқауға өте белсенді қатысып, конституциялық құқық бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Жеңімпаз команда және үздік құқық білгірлері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

22.03.2015
Наурыз мерекесімен!

Ақбоз үйді үлпілдеткен,

Боз даланы бүлкілдеткен.

Қуанышты күлкің – көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен, Наурызым!

Петропавл темір жол көлігі колледжінің әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті Сіздерді көктемгі жаңару мерекесі – Наурызбен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз – бұл көктем мерекесі, барша табиғат тіріліп, жер-жаһан жаңаратын, жаңа үміттер бүр жаратын шақта тойланады.

Біз Сіздерді осы тамаша көктем мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз Сіздердің үйлеріңізге ең бағалы сыйлықтар: отбасы жылуын, өзара түсіністікті, жайлы ахуал мен қаржылық әл-ауқаттың артуын тарту етсін!

Сіздердің шаңырақтарыңызға бақ-береке тілейміз, көктем тек қана қуаныш пен жаңа жетістіктер әкелсін!

17.03.2015
«Біз халықтар достығымен қуаттымыз» сазды-поэзия сағаты

2015 ж. 17 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Г. М. Қабденова Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және көктем мерекесі Наурызға арналған «Біз халықтар достығымен қуаттымыз» сазды-поэзия сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан этностарын біріктіру арқылы қазақстандық патриотизмді, азаматтық және рухани-мәдени тұтастықты тәрбиелеу болатын.

Іс-шараны өткізуге ДМ-11 (сынып жетекшісі Н. А. Бегімова) және В-11 (сынып жетекшісі П. Г. Вирко) қатысты.

Тарихи оқиғалардың әмірімен Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдері үшін туған үйі болып кетті. Кейбіреулер өз еркімен келсе, кейбіреулер осында келуге мәжбүрленген еді. Біздің еліміздің тарихы ашаршылықты, құлдырауды және сан мыңдаған арнайы қоныс аударушылардың тірі қалудан үміт үзілген шарасыздық сезімін есінде сақтап қалды. Алайда бұл даланың борандары өңменнен өткенмен, қазақ халқының дархан жаны соңғы тілім нанымен бөлісіп, қолынан келген қамқорлығын олардан аямады.

Бүгінгі таңда көптеген ұлт өкілдері өзге ұлт өкілдерімен қоян-қолтық араласып, олардың салт-дәстүрін құрметтей отыра, Қазақстанды өз Отаны деп есептейді. Мемлекет 500-ден астам ұлттық-мәдени бірлестіктің қызметіне қолдау көрсету үшін аз күш жұмсап жатқан жоқ.

Іс-шараға қатысушылар барлық халықтардың тарихи-мәдени дәстүрлеріне, олардың тұрмысына, этикалық және психологиялық ерекшеліктеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, ұлтаралық қарым-қатынасты үйлесімді дамыту, халықтар арасындағы татулық пен достықтың нығаюына қолдау көрсету жайлы әңгімеледі.

Іс-шараны өткізу барысында халықтар достығы туралы, Отан туралы қазақ, орыс тілдерінде поэзия жолдары оқылып, бір-бірін ұғына, толықтыра отырып, көркем өрілді. Интерактивтік тақтада слайдтар, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» сөзіне бейнеклип көрсетіліп, «Бізді қазақ жері туыс-бауыр етті», «Наурыздың өмірлік нәрі» кітап көрмелері ресімделді.

Іс-шараны сазды сүйемелдеуге М. Қосманов (Э-33 топ), «Туған жер» атты қазақ биін орындаған О. Малиновская және М. Яркова (Б-22 топ) қатысты.

17.03.2015
Психология бойынша қашықтық олимпиада

2015 жылғы 17-18 ақпан күні «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында Қазақстан Республикасы білім ұйымдары психологтарының арасында online тәртібінде психология бойынша қашықтық олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, олардың кәсіптік қызметіне қолдау көрсету. Олимпиаданы өткізуді үйлестіруді және техникалық жабдықтауды «Қазақстан Интернет олимпиадалары» порталы жүзеге асырды.

Олимпиадада уақыт бойынша шектеу белгіленді, осы кезде қатысушы тапсырмаларға жауаптар беріп үлгеруі керек еді. Әр тапсырманы өтуге берілген уақыт олимпиада тапсырмасында көрсетілді. Қатысушылардың тапсырмаларды орындау нәтижелері автоматты түрде бағаланды.

Петропавл темір жол көлігі колледжінің педагог-психологы Чернова Екатерина Лазаревна психологиядан өткен республикалық қашықтық олимпиаданың жеңімпазы атанып, ІІІ дәрежелі диплом иеленді.

Страница 424 из 445