17 сәуір күні «Алғыс» әскери патриоттық клубының құрамына кіретін Петропавл темір жол көлігі колледжінің 12 студенті Тула қаласына Халықаралық еске алу вахтасына қатысу үшін жол жүріп кетті.
15 сәуір күні вокзал алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған «Көше мерекесі» концерті өтті. Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері аталған іс-шараның қатысушылары мен көрермендерінің қатарында болды.
2015 жылғы 08 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында кәсіби бағдар беру бойынша «Еңбек. Мамандық. Болашақ» форумы өткізілді. Қала және аудандардың 16 мектебінен келген оқушылар қатысты.
2015 жылғы 16 наурыздан бастап 20 наурызға дейін Петропавл темір жол көлігі колледжінде Наурыз мерекесіне арналған Жалпы гуманитарлық пәндер циклінің апталығы болды. Байқаулар, сынып сағаттары, сазды кеш өткізілді.
17 наурыз күні өткен «Жігіт сұлтаны» байқауы ең дарынды жігітті анықтады. Студенттер қазақ халқының мақал-мәтелдері, хандары мен батырлары туралы білімдерін сынға салды. Л-23 топ студенті Абсен Асхат «Жігіт сұлтаны» атануға лайық деп танылды. Байқауды оқытушы Ж. Ө. Әділбаева өткізді.
18 наурыз күні колледждің акт залында «Қош келдің, Наурыз!» атты үлкен мерекелік кеш өткізілді. Іс-шарада студенттер мен оқытушылар қазақ халқының «Келін түсіру», «Аластау» дәстүрлерін көрсетіп, гір спорты және арқан тартыс бойынша спорттық сайыстар өткізілді. Сахнаға киіз үй тігіліп, студенттердің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
19 наурыз күні оқытушы А. Қ. Қабденова мен Р. С. Жамұлдинова «Халқымның салт-дәстүрлері» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
20 наурыз күні оқытушы А. Б. Сүлейменова «Біз Наурыз тойы туралы не білеміз?» сынып сағатын өткізді.
Бірінші және екінші курс студенттері Наурыз мерекесіне арналған қабырға газеттерінің байқауына қатысты.
2015 ж. 19 наурыз күні оқытушы А. Қ. Қабденова мен Р. С. Жамұлдинова «Халқымның салт-дәстүрлері» атты сынып сағатын өткізді. Іс-шараға «Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының студенттері қатысты. Мерекенің шашуы шашылып, Ольга Малиновская мен Азатбек Тағайбек Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны, ұлттық ойындар жайлы әңгімелеп берді. Вадим Хлебуш гитарада орындаған әсем әнге кезек берілді. Іс-шараның соңында өткізілген викторина көрермендердің көңілінен шықты.