Петропавл темір жол көлігі колледжінің әкімшілігі «Бейбітшілікті бағалау бізге аманат» әдеби-сазды композициялар байқауына қатысқан Косманов Мерейге (Э-33 топ), Фролова Ксенияға (Т-11 топ), Пономарева Анастасияға (Т-11 топ), Кирина Еленаға (Т-11 топ), Мутшаль Дмитрийге (Э-11 топ) алған ІІІ орын үшін алғыс білдіреді.
2015 жылғы 30 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Электрмен жабдықтау» мамандығы сырттай оқу бөлімінде дипломдық жобаларды қорғау өтті.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына:
С. М. Евсин - ЭЧ-4 бас инженері;
С. В. Гузев - ЭЧ-4 еңбекті қорғау жөніндегі жетекші маман;
П. Б. Шипулин - ЭЧ-4 энергия диспечері;
Г. Ш. Галимулин - Петропавл темір жол көлігі колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары;
Д. Т. Аусиилов - Петропавл темір жол көлігі колледжі «Электрмен жабдықтау» мамандығы арнайы пәндері ЦӘК төрағасы кірді.
Дипломдық жобалардың тақырыптары өзектілігімен және жаңашылдығымен ерекшеленді. Бірқатар дипломдар комиссия мүшелерінің қызығушылығын жандандырып, жаңашылдық идеялар мен қалыптан тыс батыл шешімдер қолданғандықтан, қызу талқылау мен кәсіби пәкірталасқа әкелді. Студенттер өз жобаларын асқан қызығушылықпен қорғады.
МАК төрағасы С. М. Евсин тәмамдау жұмыстарының деңгейін жоғары бағалады, «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша білім алу деңгейі соңғы 3 жылда бірнеше мәрте өскенін және қазіргі талаптарға сай екендігін атап өтті.
Дипломдық жобаларды қорғауға 15 түлек жіберілді, олардың ішінде 13 дипломдық жоба орындаушы «үздік» деген бағаға, 2 түлек «жақсы» деген бағаға қорғады.
1 курс В-11 топ студенті Жакенов Темірланды Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған облыстық қашықтық олимпиадада иеленген I орнымен құттықтаймыз.
Облыстық олимпиада жеңімпазын дайындағаны үшін Петропавл темір жол көлігі әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Жармұқанова Гүлнар Мұхаметқалиқызы дипломмен марапатталды.
2015 жылғы 19 сәуір күні Қалалық мәдениет үйінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары студенттерінің арасында «Мәңгілік ел жастары» атты патриоттық әндер байқауы өтті.
Байқауға Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенті Қосманов Мерей (Э-33 топ) қатысты. Ән сайысының қорытындылары бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015 ж. 17 сәуір күні СҚО білім басқармасының бастамасы бойынша Петропавл темір жол көлігі колледжінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ хандығының қалыптасу тарихы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Колледж фойесінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы туралы ақпарат орналастырылып, қазақ халқы ұлттық музыкасының туындылары орындалды. Конференция жұмысына СҚО-ның техникалық және кәсіптік білім беретін 10 колледжінен 17 студент қатысты.
Конференция жұмысы екі кезеңде өтті:
1 кезең – Қазақ хандығының тарихы бойынша білім байқауы;
2 кезең – секциялардағы жұмыс.
Байқауды келесі құрамдағы қазылар алқасы бағалады:
Маликова Сауле Зейнулловна - облыстық мұрағаттың директоры (қазылар алқасының төрайымы);
Саркен Нурсаят Шалкарович - «Жастар бастамасы орталығы» КММ директоры;
Зейнуллин Бауржан Жанатович - «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс пен ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскері;
Соколов Николай Александрович - «Солтүстік Қазақстан оқу-өндірістік комбинаты» ЖШС директоры;
Тюлюбаев Марат Абдулович - «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің кеңес берушісі.
Қазақ хандығының тарихы бойынша білім байқауында жеңіске жеткендер:
Қайырова Ұлпан Қанатқызы (Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі) – 1 дәрежелі диплом;
Ерман Әсел Таупыққызы («Өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені) - 2 дәрежелі диплом;
Есбатыровна Гүлнар Досалықызы (Петропавл темір жол көлігі колледжі) - 3 дәрежелі диплом.
Конференцияның барлық қатысушылары мен олардың жетекшілеріне қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.