14 мамырдан бастап 15 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының Әскери институтында СҚО колледждерінің арасында Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Ұлан» облыстық жарыстарының екінші кезеңі өтті.
Командалар келесі пәндер: саптық дайындық, азаматтық қорғаныс, атыс даярлығы, көп сатылы жарыс, кедергілер жолағынан өту бойынша жарысқа түсті.
Табанды күрес барысында Петропавл темір жол көлігі колледжінің командасы І орынды иеленді. Команданы жарыстарға дайындаумен АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы В. В. Гутевич айналысты.
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып,
Құтықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Құрметті достар!
Ұлы Жеңістің мерейтойымен құттықтаймыз!
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні, бұл тарихтағы естелікке толы және қасіретті күн. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс – барлық халықтың ерлігі мен даңқы. Миллиондаған адам Отанды жаудан қорғады, қасіретті әрі айбынды оқиғалардан бері неше жыл өтсе де, біз әрқашан жауынгерлердің, тыл еңбеккерлерінің, қараша халықтың ерлігін құрмет тұтамыз.
Біздің еліміздің ең басты мерекелерінің бірінде сіздерге бейбіт өмір, жақсылық, амандық пен гүлдену тілегіміз келеді!
Ардагерлерге тағзым, батырлар мәңгілік есте сақталсын!
5 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің АӘД кабинетінде АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы В. В. Гутевич Сталинград шайқасына арналған ерлік сабағын өткізді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы ҚК ардагері, инернационалист жауынгер, Петропавл қ. АӘД бойынша оқу орталығы директорының орынбасары, запастағы капитан Қожахметов Мұратбек Сәдуақасұлы шақырылды.
Іс-шараның барысында В-31 топ студенті Б. Байзұлданың орындауында әскери-патриоттық әндер орындалды, Д. Хайруллина (Т-11 топ), Д. Шайкенова (Т-11 топ), С. Бодров (Т-12 топ), А. Идрисов (Т-12 топ) баяндама жасады.
9 Мамыр – барлық ұрпақтың мерекесі, бейбіт өмір мен бостандыққа өз құқығын қорғап қалған біртұтас көп ұлтты халықтың ерлігі мен табандылығының белгісі.
2016 жылғы 5 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран «Жүрек естелігі» атты патриоттық сынып сағатын өткізді.
Іс-шараны өткізуге Б-11 (сынып жетекшісі А. С. Оспанова), В-22 (сынып жетекшісі А. В. Ионов), ДМ-21 (сынып жетекшісі Н. А. Бегімова) топ студенттері қатысты.
Қатысушылар Ұлы Отан соғысы біздің еліміздің барлық халқы үшін қатал сынақ болғанын атап өтті. Ол оқиғалар алыста қалып барады, ал біздің міндетіміз болса – сол күндерді есте сақтау, Жеңісті кім сыйлағанын және оның бағасы немен өлшенетінін ұмытпау.
Іс-шараның барысында қазақ және орыс тілдерінде поэзия жолдары оқылып, интербелсенді тақтада «Ұлы Отан соғысы шежіресінің жинағы» бейнефильмі, «Жеңіс күні» бейне– таныстырылымы, «Священная война», «Әлия» әндерінің бейнебаяндары көрсетілді. Кітапхананың оқу залында «Біздің ортақ естелік, біздің ортақ қасірет...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
28 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің В-11 топ студенттері «Чернобыль қасіреті. 1986 жыл» атты мұражайлық сабаққа қатысты.
2016 жылғы 26 сәуір күні Чернобыль АЭС-ндағы апатқа 30 жыл толды. Сол күні атом электр станциясының төртінші энергия блогында қатты жарылыс болып, нәтижесінде радиоактивті заттар шығып, Украин КСР, Белорус КСР және РКФСР жеріне тарады. Чернобыль қасіретінің салдарынан 2 млн. астам адам зардап шегіп, ондаған адам радиацияның жоғары мөлшерінен қаза тапты.
Солтүстікқазақстандықтар Чернобыль АЭС-ндағы апаттың зардабын жоюға оның барлық кезеңдерінде– станциядағы өртті сөндіруге де, тас табытын салуға да, қатерсіздендіруге де, адамдарды көшіруге де қатысты...
Курчатовск радиология институтының соңғы санағы бойынша Қазақстанда 600 мың апат зардабын жоюшының 6 мың 632-сі ғана қалған. 3 мыңға жақын солтүстікқазақстандық Чернобыльде болып келген. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 370 қатысушы бар, олардың ішінде Петропавл қаласында тұратындар – 138 адам.