2016 жылғы 30 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г.М. Қабденова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Қастерлілерге теңелу» атты сазды-поэзия сағатын өткізді.
Іс-шараны өткізуге Э-11 (сынып жетекшісі А. Б. Сүлейменова), ДМ-11 (сынып жетекшісі К. Ж. Тасмагамбетова) топ студенттері қатысты.
Қатысушылар Отанға деген сезім, еліне деген мақтаныш оның рәміздеріне құрметтен басталатынын атап өтті. Сондықтан қай заманда болмасын, мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш. Олар нақты бір мемлекеттің тарихын баяндайды, бүгінді бейнелейді, азаматтарының патриотизмін білдіреді және халықаралық аренада бет-бейнесі, ерекшелік белгісі болып табылады. Біздің парызымыз, Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы – мемлекеттің мызғымас негіздерін қастерлеу және құрметтеу.
Іс-шараның барысында Қазақстан Республикасының Гимні орындалды, интербелсенді тақтада слайдтар, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» бейнефильмі, Н. Назарбаевтың «Мой город» өлеңіне жазылған әннің бейнебаяны көрсетіліп, оқу залында «Тәуелсіздіктің белгілері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2016 ж. 26 мамыр күні кітапхананың оқу залында қазақ тілінің оқытушылары «Жаңа әлемдегі жаңа Астана» әдеби-сазды кешін өткізді.
Іс-шараны өткізуге II курс студенттері қатысты. Олар Астананың құрылуы туралы әңгімелеп, өлеңдер оқу арқылы біздің елордамыздың тарихына студенттердің қызығушылығын арттырды. ДМ-11 топ студенті Жаменов Әділдің орындауында «Астана», «Айналайын» әндері шырқалды. Көрермендермен виторина өткізілді.
Интербелсенді тақтада «Астана. История молодой столицы», «Елімнің жүрегі – Астана» әнінің бейнебаяны, слайдтар көрсетілді.
Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы колледж студенттері мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» тақырыбындағы шығармалар байқауын өткізді.
Байқау Солтүстік Қазақстан облысының географиялық, әкімшілік-аумақтық атауларының шығу тарихын зерттеу арқылы студенттердің бойында туған жерге деген сүйіспеншік сезімін тәрбиелеу, тарихи-географиялық атаулардың шығу тарихын анықтау мақсатында өткізілді. Байқауға біздің студенттер: «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының 3 курс студенті Свежак Евгений және 4 курс студенті Хамзин Қадырбек қатысты, жетекшісі – география оқытушысы Құсайынова Айгүл Зейнулқызы.
2016 жылғы 24 мамыр күні жеңімпаздарды марапаттау өтіп, біздің студенттерге жүлделі орындар берілді – колледж студенттерінің арасында Хамзин Қадырбек қазақ тілінде жазылған шығармасы үшін 3 орынды иеленді; Свежак Евгений орыс тілінде жазылған шығармасы үшін 2 орынды иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
18 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Ұлан» облыстық жарыстарының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жеңімпаздарға медаль мен грамоталарды СҚО білім басқармасы мен СҚО дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындық аймақтық әдістемелік орталығы атынан Петропавл темір жол көлігі колледжі әкімшілігінің өкілдері табыс етті.
2016 жылғы 18 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – патриоттық актісі» жалпықазақстандық ашық диктантын өткізуге қатысты.
Диктантты өткізудегі басты мақсат – жеке сауаттылықты тексеру және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Бұл акция азаматтық және өмірлік белсенді ұстанымның көрінісі болып табылады.
Акцияға 43 студент қатысты. Ашық диктант қорытындылары бойынша 9 қатысушы «үздік» деген баға, 27 – «жақсы» деген баға алып, 7 қатысушы тапсырманы «қанағаттанарлық» деген бағаға орындады.