Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен бірлесіп, отандық машина жасау саласын қолдау мәселелері бойынша ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының тапсырмаларын іске асыру жұмыстарын жүргізуде. Машина жасау саласы үшін жұмысшы кадрларды даярлау мақсатында Сенаттың Конструкторлық бюросының жұмыс тобы құрылған.
2025 жылғы 19 маусымда дуальді оқытуды енгізу жөніндегі ұлттық бастаманы іске асыру аясында пилоттық жобаға қатысушы Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің базасында Қазақстан машина жасаушылар одағы атқарушы дирекциясының директоры Т.К.Базарбеков пен «Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту институты» ЖШС директоры М.М.Идрисовтың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Негізгі тақырып – Солтүстік Қазақстан облысында пилоттық жобаны іске асыру әдістері мен жолдарын талқылау болды.
Дөңгелек үстел жұмысына өңірдің жетекші машина жасау кәсіпорындарының өкілдері: «Авагро» ЖШС, «Мунаймаш» АҚ, «КазТехМаш машина жасау зауыты» ЖШС, «СТ Assembly» ЖШС, «ЗМО» ЖШС, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан Satbayev University, СҚО Білім басқармасы мен қала колледждерінің өкілдері қатысты. Талқылау барысында өңірдің машина жасау саласын дамытуға қатысты маңызды мәселелер қаралды. Әсіресе кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ дуальді оқыту қағидаттарына негізделген – білім беру мекемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың тығыз өзара іс-қимылы арқылы білікті кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында колледждің өндірістік цехтары мен оқу зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар СҚО Білім басқармасына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін және Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжіне алаң ұсынғаны үшін алғыстарын білдірді.
2025 жылғы 17 маусымда Петропавл қаласындағы Байкен Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Малик Нұржанұлы Отарбаев Петропавл қаласы колледждерінің студенттері мен педагогтарымен кездесті. Жұмыс сапары аясында Малик Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында жариялаған баяндамасының негізгі тұстарын түсіндіріп өтті. Өз сөзінде ол жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуының, азаматтық жауапкершіліктің артуының және адами капиталды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Кездесуге қатысушылар кеңесшіге өзекті сұрақтарын қойып, өңірдегі жастар саясаты мен білім беру саласына көрсетіліп жатқан көңіл үшін алғыстарын білдірді.
Құттықтаймыз Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің құрамасын Солтүстік Қазақстан облысының ТжКБ ұйымдары арасында 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлан» әскери-спорттық көпсайысы бойынша облыстық мамандандырылған спартакиадада жалпыкомандалық ???? үшінші орын алуымен құттықтаймыз!
Құраманың қатысушылары:
Алхимов Р.А. – Л-22 тобы, Бубняк Д.В. – Д-11 тобы, Еремушкина А.К. – Д-21 тобы, Калмыков А.В. – С-11 тобы, Кутузова М.Е. – ПО-11 тобы, Пытьев Р.А. – Л-22 тобы, Ралло А.В. – ПО-11 тобы, Терещенко Е.А. – Л-11 тобы, Швецова Ю.С. – Б-11 тобы.
2025 жылдың 5 маусымында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері "Таза орман" акциясына қатысып, 3 орынға ие болды. Аталған іс-шараны "Жастар СӨС үшін" ЖҚБ "Қалалық ормандар мен саябақтарды, су айдындарының жағалауларын тазарту бойынша төрт акцияны ұйымдастыру және өткізу" жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бекітілген жоспарға сәйкес 2025 жылдың 4 маусымында "Үздік шиномонтажшы" қалалық студенттік кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Өткізуді ұйымдастырушы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ-нің қолдауымен "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК болды.
Аталған байқауды өткізудің басты мақсаттары – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, шиномонтаж саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту арқылы практикалық дайындық сапасын көтеру, сондай-ақ болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Конкурсқа қалалық колледждердің 6 студенті қатысты. Студенттер автокөлік дөңгелегімен жұмыс істеудің негізгі кезеңдерін көрсетті: шинаны шешу, орнату, теңгеру жасау және дөңгелекті орнына қою. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
1-орынды – Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінің студенті Кирилл Русланович Хайбрахманов иеленді.
2-орынды Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінің студенті Игорь Алексеевич Кондратьевпен Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенті Никита Владимирович Широбоков өзара бөлісті.
3-орынға гуманитарлық-техникалық колледждің студенті Александр Александрович Захваткинмен Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенті Тимур Амангельдиевич Молдабеков ие болды.
Конкурстың жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.