ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






03.10.2016
Еңбек апталығы

2016 ж. 26.09 бастап 02.10 дейін Петропавл темір жол көлігі колледжінде Еңбек апталығына арналған іс-шаралар өткізілді.

Студенттермен кездесуде: ӨТБ басшысы А. Молчанов, Вагон депосының кадрларды даярлау жөніндегі инженері А. Глумов, Вагон депосының еңбекті қорғау жөніндегі инженері К. Овчинникова, ЭЧ-4 техник–электригі А. Галеев, ЭЧ-4 энергодиспетчері С. Кохан, Петропавл қ. «САЭМ» ЖШС басшысының кадрларды даярлау жөніндегі көмекшісі А. Радченко, «СолтүстікҚазақстанэнерго» АҚ ПЖЭО–2 қазандық цехы басшысының орынбасары Г. Жаразбаева, Локомотив депосының оқу орталығы, жолаушылар қозғалысының машинисі Н. Орленко, ПТКК педагогикалық еңбек ардагері Т.Тропицына кәсіптік тәжірибесімен бөлісті.

Арнайы пәндердің оқытушылары өндіріске (ПЖЭО-2, ООТЖ Локомотив депосы, ООТЖ Вагон депосы) экскурсиялар ұйымдастырды.

26.09.2016
Шағын футбол бойынша чемпионат

2016 жылғы 26 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің командасы шағын футбол бойынша чемпионатта М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің командасынан басым түсті және І орынды иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Команданың құрамы: Қамбар Алтай, Абсен Асхат, Зияханов Оңарбек, Азатбеков Дастан, Ережеп Бекжан, Халиулин Руслан, Сагайдак Григорий, Рақым Серік, Байғон Жанназар.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

24.09.2016
«Таза орман» экологиялық байқауы

2016 жылғы 24 қыркүйек күні «Простоквашино» демалыс аймағында «Таза орман» экологиялық байқауы өткізілді. Байқау қорытындылары бойынша Петропавл темір жол көлігі колледжінің «Жас Әлем» командасы І орынды иеленді. Команданың құрамы: Сухарев Д., Крысин Д., Товкало В., Кожанов С., Невзоров В., Шопырев А., Аладин А., Шат Д., Татауров А., Тарасенко Р., Чердынцев Э., Эрман В., Мартышев Н., Лачугин А., Сергеев А., Матягин Р., Родин В., Ионов В., Киселев А., Жеңісов К..

23.09.2016
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл

2016 жылғы 23 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кездесу өтті. «6637 әскери бөлім» РММ командирінің орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі бөлімнің басшысы А. Ж. Тәттімбетов және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті З. Ш. Бимақова шақырылды.

23.09.2016
«Болашақ өмірге арналған жасыл экономика»

2016 жылғы 23 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран «Жасыл экономика» саласындағы жетістіктердің «Болашақ өмірге арналған жасыл экономика» таныстырымын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Э-11 (сынып жетекшісі М. В. Степанова), Д-21 (сынып жетекшісі Е. Ф. Баймышева) топ студенттері қатысты.

Қатысушылар күн энергетикасы, энергия тиімділігі, қоқыстарды кәдеге асыру саласында Қазақстанның әлемде үздік боп саналатын технологиялары мен инновациялары бар екенін атап өтіп, Солтүстік Қазақстан облысының инновация саласында сенімді қадам жасап, өнеркәсіп, машина жасау, металлургия, энергетика салаларын табысты дамытып келе жатқаны туралы әңгімеледі. Мәселен, солтүстік-қазақстандық жаңашыл «Сапро-НАТ» компаниясы пиролиз газдарын жағып бітіретін ұзақ жанатын қазандар шығарады және дәл осы кәсіпорын Астанада өтетін Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне аймақтың атынан қатысады.

Интербелсенді тақтада: «Жасыл экономика. «ЭКСПО–2017» көрмесіне дайындық», «Балама энергетика. «ЭКСПО–2017» мега көрмесі», «Қазақстан ғалымдары ұсынған жаңа буынның құрылыс материалдары» бейнефильмдері көрсетіліп, оқу залында «ЭКСПО–2017: Болашақ энергиясының көзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
Страница 402 из 445