«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 4 «Біртектілік және бірлік» бағытын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ақпараттық технологиялар саласында жаңа бірегей өнім – «Қазақстан – Ұлы дала елі» сандық қосымшасын құрып, пайдалануға ұсынды.
Аталмыш жоба әр азамат пен шетел өкілдерінің біздің еліміз туралы көбірек білуіне көмектесуді басты мақсат етіп қоятын «Қазақстан энциклопедиясы» ауқымды интернет жобасын құру бойынша 87 қадамның аясындағы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасын орындау болып табылады.
Қосымшаны жасауға журналистер, фотографтар, бейнеоператорлар, дизайнерлер, бағдарламашылардан – барлығы 80 адам және 33 мемлекеттік және жеке ұйымдардан тұратын үлкен команда тартылды. Қосымшаға эксклюзивті және бұрын-соңды ешқайда жарияланбаған материалдар енгізілді. Жоба үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылды, он бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және Экспо-2017, қазіргі барлық операциялық жүйелерде жұмыс істейді (Windows, Apple, Android) және веб-нұсқасы бар.
Жалпы алғанда Қосымшада:
– жеке сурет галереясы бар 68 бөлім, барлығы 370-тен астам фотосурет;
– 24 бейнеоролик;
– 3D форматындағы 12 нысан;
– 20 панорамалық фотосурет (360 градустағы көрініс қамтылған фотосуреттер);
– 12 интербелсенді 3D графикалар;
– 4 интербелсенді 3D карталар бар.
Қосымшаны AppStore және PlayMarket арқылы жүктеуге және орнатуға болады. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің ресми веб-сайтында windows нұсқасы және онлайн тәртібі қолжетімді.
Қосымшаны қалай жүктеуге және орнатуға болады:
1. Телефондар үшін - Apple Store (Apple құрылғылары үшін) немесе Play Market көмегімен (Samsung және басқалар үшін) «Қазақстан – Ұлы дала елі» қосышасын жүктеу керек;
2. Компьютерлер үшін – Сыртқы істер министрлігінің www.mfa.kz ресми веб-сайтынан (басты бетте Kazakhstan Land of the Great Stepp суретін басу) жүктеуге немесе АТ бөліміне бағдарламаны алу үшін келуге болады;
3. Сіз келесі СІЛТЕМЕ бойынша өтіп, Қосымшаны он–лайн тәртібінде қоса аласыз.
03 қазаннан бастап 15 қазанға дейінгі кезеңде Қарағанды қ. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ ұйымдастырған «Дуалды оқыту жағдайында Т және КБ жүйесіндегі білім беру үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар арнайы пәндер оқытушыларының біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқытушылары Л. А. Клышпекова және А. Н. Колмаков курс тыңдаушыларының құрамында болды.
2016 жылғы 13 қазан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған «Туған өлкенің мерейтой шежіресі» атты өлкетану сынып сағатын өткізді.
Іс-шараны өткізуге Л-11 (сынып жетекшісі О. А. Мухамедшина) және Л-12 (сынып жетекшісі В. В. Гутевич) топ студенттері қатысты.
Қатысушылар әр адамның өзіне ерекше ыстық болып көрінетін жері болатынын атап өтті. Бұл жерді адам өзінің жүрегінде сақтайды. Оның аты – кішкентай Отан. Отан – шегі мен шеті жоқ кең дала. Отан – бұл байтақ Қазақстан және оның кішкентай бөлігі – Солтүстік Қазақстан облысы.
Осы жылы біз Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығын атап өттік. Біздің өлкеміз ұзақ жолмен өтіп, ірі аграрлық-индустриялық аймаққа айналды. Осы таңда еліміздің тек астық қоры ғана емес, сонымен қатар ірі өнеркәсіптік орталығы болып отыр. Біздің облысымыз бүгінгі күні де Тәуелсіз Қазақстанда болып жатқан өзгерістердің берік іргетасына сүйеніп, өмірдің әлеуметтік-экономика және мәдениет салаларында жаңа жетістіктерге жетіп келеді.
Іс-шараны өткізу барысында солтүстікқазақстандық ақындардың қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдері оқылды. Интербелсенді тақтада «Солтүстік Қазақстан облысына 80 жыл», «Біздің Қазақстан» бейнефильмдері көрсетіліп, «Есіл өңірі тарихының парақтары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2016 жылғы 7 қазан күні М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» байқауы өткізілді.
Аталған іс-шараны ұйымдастырушы «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы болды. Байқауға СҚО колледждері мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 8 командасы қатысты.
Петропавл темір жол көлігі колледжінің «Альтернатива» командасы байқауда белсенділік танытты. Команданың құрамы Л-22 топ студенттері: Т. Мурзакан, С. Иванов, В. Герасимович, И. Логвинов, Н. Лаптев.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ-нда 2016 жылғы 5 қазан күні «Тәлімгер және жас маманның дуэті» атты облыстық кәсіптік шеберлік байқауы өтті.
Байқауды өткізудің мақсаты – тәлімгерлік тәжірибені жаңғырту, жас оқытушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту және білім берудің жаңа сапасын іске асырудағы маңызды ресурс ретінде тьюторлық тәжірибесін тарату болды.
Байқауға 32 педагогикалық дуэт қатысты, олардың ішінде Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқытушылары Құсайынова Айгүл Зейнулқызы және Гринькив Светлана Николаевна бар.
Бірінші (сырттай) кезең қорытындылары бойынша ПТКК педагогикалық дуэті ақтық сынға шықты. Байқаудың ақтық сыны екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырды, ал екінші кезеңде сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың шағын таныстырымы өтті.
Біздің колледжіміздің оқытушыларынан тұратын педагогикалық дуэт Құсайынова Айгүл Зейнулқызы мен Гринькив Светлана Николаевнаға «Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ директоры Алма Жәкімқызы Мырзалинова байқаудың «Ерекше дуэт» номинациясын анықтады.
Біздің оқытушыларымызды құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тілейміз!