ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






24.01.2018
«Астана ғажайыптар қаласы» атты брейн-ринг

2018 жылғы 24 қаңтар күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Астана ғажайыптар қаласы» атты брейн-ринг өткізілді. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Б. Б. Илюбаева ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаттары: Астана қаласының тарихы туралы білімдерді бекіту, қызығушылықты арттыру, туған жеріне деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу.

23.01.2018
«Заңды білесің бе?» атты блиц-турнир

2018 жылғы 19 қаңтар күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Б. Ж. Нуртазина «Заңды білесің бе?» атты блиц-турнир өткізді. Бұл іс-шара ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Блиц-турнир өткізуге В-32 топ студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты: қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен, оның негізгі бөлімдерімен, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, құқықтарды, саяси ұғымдарды және заңды терминдерді білу деңгейін тексеру, құқықтанудың үздіктерін анықтау.

Блиц – турнир келесі бөлімдерден тұрды:

1 бөлім «Конституцияны білесің бе?»;

2 бөлім «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары»;

3 бөлім «Тәуелсіздіктің хронологиялық кезеңдері».

Іс-шараға қатысушылар байқаудға белсене араласты, конституциялық құқықтарды білу жақсы деңгейін көрсетті. Белсене қатысқандар көтермелеу сыйлықтармен марапатталды.

Блиц-турнир өту барысында «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары» атты бейнефильм және слайдтар көрсетілді.

Кітапхана залында «Заңды білу және қадірлеу» тақырыптағы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
18.01.2018
«Бой көтерді бір қала» сынып сағаты

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі «Электрмен жабдықтау» мамандығының II курс студенттері «Бой көтерді бір қала» сынып сағатына қатысты. Сынып сағатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А. Қ.Қабденова өткізді.

Іс-шараға қатысушыларының назарларына Астана тарихына қызықты саяхат ұсынылды. Балалар еліміздің бас қаласының өткені мен қазіргі уақыты туралы, астананың басты көрнекі орындары туралы әңгіме қозғады. Қазақ және орыс тілдерінде ән шырқалып, өлең оқыды. «Менің Астанам» бейнефильм, «Мой город», «Астана» атты бейнеклиптері, слайдтар көрсетілді. Сағаттың соңында викторина өткізілді.

Подробнее
16.01.2018
«Ерекше елорда – гүл қала» сынып сағаты

2018 жылғы 16 қаңтар күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Ерекше елорда – гүл қала» сынып сағаты өткізілді. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.С. Оспанова ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаттары: Студенттерді Отанын, халқын, жерін сүюге тәрбиелеу, туған жеріне деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу. Қазақстан астанасының тарихы, географиясы бойынша білімдерін кеңейту.

12.01.2018
«Болашаққа ұмтылған қала» тілдесу сағаты

2018 жылы 12 қаңтар күні кітапханашы Таран Т. А. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған «Болашаққа ұмтылған қала» атты тілдесу сағатын өткізді.

Іс-шараға ПВ-21 топ және Э-22 топ студенттері қатысты.

Астана – еліміздің мақтанышы, тәуелсіздігіміздің және кемел болашағымыздың нышаны болып табылады. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала – жас қаламыз – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Астана әлем елдерінің тарихында шапшаң жылдамдықпен қарыштап, өсіп-өркендеп келе жатқан еңселі шаһарлардың бірі. 1999 жылы ЮНЕСКО Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады.

Астана – Қазақстанның мақтанышы, көз қуанышы. Бүкіл ел абыройының асқақ көрінісі, мемлекетіміздің мақтан тұтар айнасы.

Іс-шараның барысында Қазақстанның бас қаласына арналған өлеңдер қазақ, орыс тілінде оқытылды.

«Астана – 20 лет преображения» бейнефильмі интербелсенді тақтада көрсетілді. Кітапхана залында «Болашақ мекенжайы – Астана» тақырыбындағы кітаптар көрмесі дайындалды.

Подробнее
Страница 403 из 475