ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






12.11.2016
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл

2016 жылғы 12 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжіне «Тәуелсіз Қазақстан» ақпараттық-насихаттау пойызының өкілдері келді:

Сагиева Айгүл Хасенқызы – Білім беру кредиттерінің және жас мамандарды жұмысқа орналастырудың мониторинг департаментінің менеджері;

Шаңқозов Нұрлан Рсалыұлы – Білім беру кредиттерінің және жас мамандарды жұмысқа орналастырудың мониторинг департаментінің менеджері;

Ткаченко Владимир Сергеевич – Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары;

Тобылбаева Зәуреш Тайшыбекқызы – Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы.

Сапар барысында ұстаздар ұжымымен, студент жастармен кездесу, сондай-ақ колледждің оқу-материалдық базасымен таныстыру өткізілді.

Фотогалерея
05.11.2016
Ы. Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына арналған «Өз заманының жаршысы» әдеби кеші

2016 жылғы 4 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран Ы. Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына арналған «Өз заманының жаршысы» әдеби кешін өткізді.

Іс-шараны өткізуге В-11 (сынып жетекшісі В. В. Симоненко), В-21 (сынып жетекшісі В. В. Филитов) топ студенттері қатысты.

Қатысушылар Ы. Алтынсарин есімінің қазақ халқы мақтан тұтатын тарихи тұлғалар қатарында құрметті орын алатынын әңгімеледі. Ол өзінің бар күші мен бойындағы бар дарынын туған өлкені ағарту ісіне сарп етті. «Қазақ халқы білім ұрығы қаулап өсетін құнарлы жер тәрізді» - деп жазған болатын. Осы күні ұлы ағартушы-педагог, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ғалымның бай мұрасы адамзат игілігіне қызмет етіп келеді.

Іс-шараны өткізу барысында Ы. Алтынсарин жазған өлеңдер қазақ және орыс тілдерінде оқылды, «Ғаламшар Ы. Алтынсарин RU», «Ы. Алтынсарин қазақ балалары үшін алғаш мектеп ашты» бейнефильмдері көрсетіліп, «Тарих толқынындағы адам» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Э-11 топ студенті А.Дуйшанбенің орындауындағы «Туған жер» әні кештің шымылдығын жапты.

Подробнее
02.11.2016
Жастармен кездесу

2016 жылғы 02 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында студенттердің СҚО ІІД басшысы полиция генерал-майоры Берік Біләловпен кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – полиция қызметкерлері мен жастар арасындағы сенімді қарым-қатынасты дамыту және нығайту. Облыстың бас полицейі аймақтағы жедел ахуал және ІІД қызметіндегі басты бағыттар жайлы әңгімеледі.

Студенттермен кездесуге ІІД басшысынан басқа Петропавл қ. ІІБ басшысы Анатолий Мурзыканов, ІІД жанындағы консультативтiк-кеңес органының төрағасы Жасұлан Ахметов, жергілікті полиция қызметінің басшылығы, ювеналдық полиция инспекторлары келді.

Кездесудің соңында Петропавл темір жол көлігі колледжінің директоры Михаил Леонидович Шатковский кездесулер ұйымдастыруға ынта білдіргені үшін полицейлерге алғыс айтты.

21.10.2016
Студенттер қатарына қабылдау

2016 ж. 21 қазан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында «Студенттер қатарына қабылдау» өткізілді. Іс-шара Жайдарман форматында болып, «Электрмен қамтамасыз ету», «Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері», «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандықтарының командалары өнер көрсетті.

20.10.2016
Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты және этносаралық келісім

2016 жылғы 20 қазан күні І-ІІ курс студенттері үшін Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында «Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты және этносаралық келісім» тақырыбында дәріс өткізілді. Кездесуге М. Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының басшысы Г. Н. Мұсабаева, бөлімнің бас прокуроры Е. Нурушкин шақырылды.

Страница 400 из 445