ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






10.01.2018
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» ат

2018 жылғы 10 қаңтар күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талдады. Жастар Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы 10 негізгі мақсатқа белсене қызығушылық танытты.

Елдің технологиялық түбегейлі өзгеруі, қоғамның әлеуметтік мәселелері шешілуі, жаңа технологияларды өнеркәсіпке, құрылысқа, аграрлық салаға енгізуі бойынша оң пікірлер айтылды.

Д. Бесимбаев: «ҚР Президентінің Жолдауында жаңа технологияларды дамыту маңызды болып саналады. Қазақстандық индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысы атағаны маған ұнады. Сонымен бірге еңбектің өнімділігі қазіргі бизнес-үлгілер көмегі арқылы өседі»

Д. Падерова: «Мен болашақ бухгалтермін. Сондықтан қаржы секторын тұрақтандыру мен үшін маңызды болып тұр. Банктік жүйесін жаңартуға арналған іс-шаралар қарапайым азаматтардың мүдделерін де ескеріп отыру тиісті. Банктерді басқаратын адамдардың жауапкершіліктерін көтеріп, банктің банкротқа ұшырауына жол бермеу керек.»

Л. Садыков: «Елдің көліктік жүйесінің дамуы арқасында жұмыс орындарының саны өседі, тасымалдау уақыты азаяды, Қазақстанға шетел туристтерін тартады. Болашақта мен жолсерік мамандығын иесі боламын, сондықтан тасымалдау сапасы, көрсетілген қызметтердің халықаралық стандарттарға сай болуы мен үшін маңызды болып табылады.»

Подробнее
10.01.2018
Ару қала – Астана!

2018 жылғы 10 қаңтар күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Ару қала – Астана!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жамулдинова ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаттары: Студенттерге еліміздің бас қаласы, астанасы – Астана туралы мәліметтер беру, Астана қаласының әсем жерлерімен, ол жерлердің құрылу тарихымен таныстыру.

Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана – жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.

Әдеби-сазды кештің өту барысында студенттерге интербелсенді тақтада бейнефильмдер және слайдтар көрсетілді.

05.01.2018
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» атты республикалық этномәдени форумы

2017 жылғы 15 желтоқсан күні Тараз қаласында зерттеу жұмыстарының республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» атты этномәдени форумы onlinе-режимінде өтті. Форум Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналды. Форум мақсаты: Қазақстан халқының мәдениетін және ұлттық кодын сақтау үшін білім беру ұйымдарының оқытушылары мен білім алушыларының зерттеушілік және зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау.

Іс-шараның нәтижесінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І курс студенті Мелькова Дарья (Б-11 топ) «СҚО қоныс аударушыларының тарихы» атты жұмыс үшін Дипломды иеленді. Денисюк Виктор және Клёцин Никита (ЭРУ-11 топ), жасаған «Петропавл қаласының тарихындағы халық топонимдері» атты жұмыстар үшін Сертификаттарды алды.

Зерттеу жұмыстарының жетекшісі Журавлева Валентина Георгиевна Дипломмен марапатталды.

Барлық зерттеу жұмыстары 2018 жылғы «БІЛІМ.KZ» журналының нөмірінде жарияланады.

Подробнее
31.12.2017
Құтты болсын Жаңа жыл!

Жаңа Жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын Жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілейміз.

Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,

Құт-береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

30.12.2017
Құтты болсын Жаңа жыл!

2018 жыл – Ит жылы адал еңбекті, шыдамдылықты, алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын талап етеді. Позитивті көңіл-күйді, ойын-сауықты жақсы көреді. Жаңа жылмен ең ізгі құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Ит жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!

Б-11, ДСП-11, ПО-11, ЭРУ-11, ОВ-11, СГО-11, ПВ-11, Д-11, Д-21, Д-22, Д-23, Э-21, Э-22, Л-21, Л-22, ДМ-21, Т-21, В-21 топтарға игі тілектері үшін алғысымызды білдіреміз.

Страница 404 из 475