2015 жылғы 19 сәуір күні Қалалық мәдениет үйінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары студенттерінің арасында «Мәңгілік ел жастары» атты патриоттық әндер байқауы өтті.
Байқауға Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенті Қосманов Мерей (Э-33 топ) қатысты. Ән сайысының қорытындылары бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015 ж. 17 сәуір күні СҚО білім басқармасының бастамасы бойынша Петропавл темір жол көлігі колледжінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ хандығының қалыптасу тарихы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Колледж фойесінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы туралы ақпарат орналастырылып, қазақ халқы ұлттық музыкасының туындылары орындалды. Конференция жұмысына СҚО-ның техникалық және кәсіптік білім беретін 10 колледжінен 17 студент қатысты.
Конференция жұмысы екі кезеңде өтті:
1 кезең – Қазақ хандығының тарихы бойынша білім байқауы;
2 кезең – секциялардағы жұмыс.
Байқауды келесі құрамдағы қазылар алқасы бағалады:
Маликова Сауле Зейнулловна - облыстық мұрағаттың директоры (қазылар алқасының төрайымы);
Саркен Нурсаят Шалкарович - «Жастар бастамасы орталығы» КММ директоры;
Зейнуллин Бауржан Жанатович - «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс пен ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскері;
Соколов Николай Александрович - «Солтүстік Қазақстан оқу-өндірістік комбинаты» ЖШС директоры;
Тюлюбаев Марат Абдулович - «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің кеңес берушісі.
Қазақ хандығының тарихы бойынша білім байқауында жеңіске жеткендер:
Қайырова Ұлпан Қанатқызы (Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі) – 1 дәрежелі диплом;
Ерман Әсел Таупыққызы («Өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені) - 2 дәрежелі диплом;
Есбатыровна Гүлнар Досалықызы (Петропавл темір жол көлігі колледжі) - 3 дәрежелі диплом.
Конференцияның барлық қатысушылары мен олардың жетекшілеріне қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.
17 сәуір күні «Алғыс» әскери патриоттық клубының құрамына кіретін Петропавл темір жол көлігі колледжінің 12 студенті Тула қаласына Халықаралық еске алу вахтасына қатысу үшін жол жүріп кетті.
15 сәуір күні вокзал алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған «Көше мерекесі» концерті өтті. Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері аталған іс-шараның қатысушылары мен көрермендерінің қатарында болды.