ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





12.12.2014
«Тәуелсіз Қазақстанның табыстары мен жетістіктері» атты дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 2014 ж. 12 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледінде «Тәуелсіз Қазақстанның табыстары мен жетістіктері» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысында студент А.Қабдрахманов, Т.Жакенов, М.Малиновский, Н.Илюхин, А.Ефимов және басқалар белсенділік танытты.

Іс-шараны өткізу барысында Қазақстан Ресубликасының әлеуметтік, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы талқыланып, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі ықпалдастығы, әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену мәселелері қарастырылды.

Іс-шараны әлеуметтік-экономикалық пәндердің оқытушылары Ф. Ю.Мигович және И. А.Сергеева ұйымдастырып, өткізді.

09.12.2014
Ғылыми-тәжірибелік конференция

2014 жылғы 9 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылауға арналған студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Конференцияның жұмысына ІІ курс студенттері: М.Яркова (Б-21), Е.Нұрышев (Д-22), М.Семизоров (В-21), А.Корольчук (Э-21), Д.Сайбеков (Т-21), В.Шанин (ДМ-21), А.Коркин (ПО-21) қатысты.

Конференцияда студенттердің болашақ кәсіптік қызметі мәселелері қарастырылды. Ерекше назар темір жол және автомобиль көлігінің , энергетикалық саланың және жалпы ел экономикасының дамуына аударылды.

08.03.2014
8 НАУРЫЗБЕН!

Аяулы нәзік жандар!

Күн нұрынан жандарына нәр алған,

Әйел-алау қызғалдақтай әр алуан.

Әйел-аққу айдындарда таранған,

Сұлулық пен нәзіктіктен жаралған.

Гүлдей болсын өміріңіз!

Нұрға толсын көңіліңіз!

Биік боп жұлдызыңыз,

Көктемдей құлпырыңыз!

Петропавл темір жол көлігі колледжінің әкімшілігі мен кәсіптік одағы Сіздерді көктемнің көркем меркесі – 8 наурызбен құттықтайды!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейді. Әрбір арайлап атқан күн сіздерді шуағымен, гүлдердің жұпар иісімен қарсы алсын, ең жақын және сүйікті адамдарыңыз әрқашан жандарыңыздан табылсын!

Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға бейбіт өмірде бақыт құсы қонсын!

08.03.2014
ТҮЛЕК – 2014

2014 жылғы 6 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану», «Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандықтары түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде табыс ету өткізілді.

«Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандығы бойынша 37 түлектің ішінде 5 түлек (Староста Е. В., Әбдрахманова Б. Р., Гончарова А. Н., Кельм К. Ю., Кәрімова Е. Б.) үздік үлгідегі диплом алды.

«Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша 67 түлек қалыпты үлгідегі диплом алды.

Салтанатты іс-шара колледж директоры Михаил Леонидович Шатковскийдің, бөлімше меңгерушісі Р. А. Задорожнаяның және директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Ш. Галимулиннің түлектерге ақ жол тілеуімен ашылды.

Колледж түлектері және олардың ата-аналары әкімшілікке және оқытушылар құрамына алғыстарын білдірді.

Жолың болсын, түлек! Бүгін сені диплом алуыңмен құттықтай отыра, оқыған жылдар бойы алған білімің мен іскерлігің еңбек жолыңдағы сенімді тірегің болуын тілегіміз келеді!

02.03.2014
«Т және КБ жас ұстазы мектебі» семинары

2014 ж. 26 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің базасында үнемі қызмет ететін «Т және КБ жас ұстазы мектебі» семинары өтті.

Семинарда баяндама жасағандар:

1. С. М. Семидоцких, ГТК информатика оқытушысы, «Информатика сабақтарында саралап оқыту технологиясын қолдану»;

2. Н. И. Шибанов, ПҚЭК арнайы пәндерінің оқытушысы, «Электрондық оқулықтарды құру»;

3. М. А. Алексеева, ГТК заң пәндерінің оқытушысы, «Заң пәндері сабақтарында ойын технологиясын қолдану».

Страница 368 из 386