20018 жылғы 22 ақпанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің акт залында қала мен облыс мектептерінің оқушыларына арналған ашық есіктер күні өтті.
Іс-шараға №1 ом, №7 ом, №8 ом, №9 ом, №10 ом, №17 ом, №21 ом, №24 ом, №32 ом, №42 ом, №44 ом, №1 және №2 ом, Бескөл а.,Тоқшын ст. ом, Асаново ст. ом, Якорь ауылының орта мектебі шақырылды.
Талапкерлердің алдында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, арнайы пәндер оқытушылары, өткен жылдар колледж түлектері сөз сөйледі. КТК құрама командасы ойын-сауық бағдарламасын дайындады.
2018 жылғы 21 ақпанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша «Төртінші өнеркәсіптік революция мақсаттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына жоғары курс студенттері қатысты.
2018 жылғы 20 ақпанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Қ. Қабденова «Төбесінде жарқырап, күн төгілген Астана» атты сынып сағатын өткізді. Іс-шараға СГО-11 топ студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: студенттерді Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру, Қазақстанның көп ұлтты халқының бірлігін нығайтудағы үлкен рөлі туралы, Астана тәуелсіздіктің және жарқын болашаққа ұмтылу символы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2018 жылғы 16 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің тәрбиешісі В.Г.Журавлева «Менің жерлестерім – менің мақтанышым» зерттеу жұмыстарының байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: ғылымның, мәдениеттің, спорттың, Петропавл қаласының және барлық облыс тарихының дамуына зор үлесін қосқан Солтүстік Қазақстан облысының тумалары, атақты адамдардың өмірбаяндарын зерттеу.
Байқауға ОВМ-11, СТС-11, Д-11, Л-11, ПО-11, ОВ-11 топтар қатысты. Байқау аясында студенттер Солтүстік Қазақстан жерінде туған, тағдырлары қызық адамдар: жазушылар, ақындар, суретшілер, ғарышкерлер, спортшылар туралы презентациялар дайындады.
Байқаудың нәтижелері:
I орын – Шиц Артур (Л-11 топ) «Менің ғарышкер жерлестерім» атты презентациясымен;
II орын – Ульянова Анна және Клишина Алина (Д-11 топ) «Менің суретші жерлестерім» атты презентациясымен;
III орын – Абрамов Кирилл және Андрейчиков Николай (СТС-11 топ) «Менің ақын жерлестерім» атты презентациясымен.
2018 жылғы 26 қаңтарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Аялаған Астана» атты интернет байқауы өтті.
2018 жылғы 14.02. өткен байқаудың нәтижелері бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Б-11 топ студенті Славуцкая Ксения «Астана бояулары» номинациясында қатысушы серитификатына иеленді. Жоба жетекшісі тәрбиеші В. Г. Журавлева.