2015 ж. 17 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Г. М. Қабденова Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және көктем мерекесі Наурызға арналған «Біз халықтар достығымен қуаттымыз» сазды-поэзия сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан этностарын біріктіру арқылы қазақстандық патриотизмді, азаматтық және рухани-мәдени тұтастықты тәрбиелеу болатын.
Іс-шараны өткізуге ДМ-11 (сынып жетекшісі Н. А. Бегімова) және В-11 (сынып жетекшісі П. Г. Вирко) қатысты.
Тарихи оқиғалардың әмірімен Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдері үшін туған үйі болып кетті. Кейбіреулер өз еркімен келсе, кейбіреулер осында келуге мәжбүрленген еді. Біздің еліміздің тарихы ашаршылықты, құлдырауды және сан мыңдаған арнайы қоныс аударушылардың тірі қалудан үміт үзілген шарасыздық сезімін есінде сақтап қалды. Алайда бұл даланың борандары өңменнен өткенмен, қазақ халқының дархан жаны соңғы тілім нанымен бөлісіп, қолынан келген қамқорлығын олардан аямады.
Бүгінгі таңда көптеген ұлт өкілдері өзге ұлт өкілдерімен қоян-қолтық араласып, олардың салт-дәстүрін құрметтей отыра, Қазақстанды өз Отаны деп есептейді. Мемлекет 500-ден астам ұлттық-мәдени бірлестіктің қызметіне қолдау көрсету үшін аз күш жұмсап жатқан жоқ.
Іс-шараға қатысушылар барлық халықтардың тарихи-мәдени дәстүрлеріне, олардың тұрмысына, этикалық және психологиялық ерекшеліктеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, ұлтаралық қарым-қатынасты үйлесімді дамыту, халықтар арасындағы татулық пен достықтың нығаюына қолдау көрсету жайлы әңгімеледі.
Іс-шараны өткізу барысында халықтар достығы туралы, Отан туралы қазақ, орыс тілдерінде поэзия жолдары оқылып, бір-бірін ұғына, толықтыра отырып, көркем өрілді. Интерактивтік тақтада слайдтар, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» сөзіне бейнеклип көрсетіліп, «Бізді қазақ жері туыс-бауыр етті», «Наурыздың өмірлік нәрі» кітап көрмелері ресімделді.
Іс-шараны сазды сүйемелдеуге М. Қосманов (Э-33 топ), «Туған жер» атты қазақ биін орындаған О. Малиновская және М. Яркова (Б-22 топ) қатысты.
2015 жылғы 17-18 ақпан күні «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында Қазақстан Республикасы білім ұйымдары психологтарының арасында online тәртібінде психология бойынша қашықтық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, олардың кәсіптік қызметіне қолдау көрсету. Олимпиаданы өткізуді үйлестіруді және техникалық жабдықтауды «Қазақстан Интернет олимпиадалары» порталы жүзеге асырды.
Олимпиадада уақыт бойынша шектеу белгіленді, осы кезде қатысушы тапсырмаларға жауаптар беріп үлгеруі керек еді. Әр тапсырманы өтуге берілген уақыт олимпиада тапсырмасында көрсетілді. Қатысушылардың тапсырмаларды орындау нәтижелері автоматты түрде бағаланды.
Петропавл темір жол көлігі колледжінің педагог-психологы Чернова Екатерина Лазаревна психологиядан өткен республикалық қашықтық олимпиаданың жеңімпазы атанып, ІІІ дәрежелі диплом иеленді.
«Я ушла из детства в грязную теплушку.
В эшелон пехоты, в санитарный взвод.
Дальние разрывы слушал и не слушал
Ко всему привычный 41-й год...»
Ю. Друнина
ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде әлем әйелдер феноменінің куәсі болды. Кеңес әскерінде миллионға жуық әйел соғысты. Нәзік қыздар, жасөспірім бойжеткендер, қайсар әйелдер жарақат алғандарды бораған оқтың астында таңып, ұрыс даласынан әкетіп қана қоймай, олар сұрапыл жылдары снайперлер, ұшқыштар, минашылар, танкисттер, партизандар болып, сондай-ақ тылда аянбай еңбек еткен еді. Олардың барлығы Жеңісті жақындатуға баға жетпес үлес қосты. Көбі қан майданнан оралған жоқ. Сол жандардың арасында қазақ халқының қаһарман қыздары Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлова да бар.
2015 жылғы 6 наурыз күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде, Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз қарсаңында Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында «Соғыстағы әйел – ХХ ғасырдың феномені» атты әскери поэзия сағаты өткізілді.
Іс-шараны өткізуге Т-11 топ (сынып жетекшісі Л. Н. Поролло), Э-11 топ (сынып жетекшісі Д. Т. Аусиилов) және ДМ-11 топ (сынып жетекшісі Н. А. Бегимова) қатысты.
Жауынгер әйелдерге, тылда еңбек еткен әйелдерге А. Твардовскийдің, Ю. Друнинаның, А. Ахматованың патриоттық жолдары арналды. Олардың құрметіне алғыс сөздер айтылып, біздің Отанымыздың жарқын болашағы үшін жасаған ерліктеріне тағзым етілді.
Іс-шараға қатысушылар соғыстан оралмаған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Соғыс жылдарындағы «Вспомните ребята», «За того парня», «До свидания, мальчики», «Алия», «День Победы» әндерімен музыкалық сүйемелдене слайдтар мен «Соғыс шежіресі» бейнефильмі көрсетілді.
Аяулы асыл жандар!
Көңіліңді торламасын қайғы-мұң,
Аққу-қаздан арылмасын айдының.
Ақ жаулығың ақша бұлттай желбіреп,
Қуанышпен қарсы ала бер таң нұрын!
Петропавл темір жол көлігі колледжінің әкімшілігі мен кәсіптік одағы сіздерді көктемнің көркем мерекесі 8 наурызбен құттықтайды!
Нәзік жандар, көктем мерекесі, мейірім мен ілтипат мерекесі, әйелдер сүйкімділігі салтанат құрған мереке құтты болсын. Шын жүректен сіздерге бақыт, махаббат, бақ-береке тілейміз.
Әр күн жақын адамдарыңыздың ілтипаты және қамқорлығымен сіздерді қуанта берсін, өмірлеріңіз жаңа әсерлерге, жағымды көңіл-күй мен жарқын жаңалықтарға толсын.
Сізге және сіздердің отбасыларыңызға бейбіт күн мен бақыт тілейміз!
2014 жылғы 6 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану» мамандығының түлектеріне дипломдар табыс етілді. 29 түлек қалыпты үлгідегі диплом алды.
Салтанатты іс-шара директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Ш. Галимулиннің, бөлімше меңгерушісі А. У. Наяндинаның және арнайы пәндер оқытушысы В. В. Задорожныйдың сәт сапар тілеген сөзімен ашылды.
Түлектер және олардың ата-аналары әкімшілік пен педагогикалық құрамға алғыстарын білдірді.
Жолың болсын, түлек! Бүгін сені диплом алуыңмен құттықтай отыра, білім алған жылдары бойыңа сіңірген білімің мен іскерлігің еңбек қызметіңдегі сенімді тірегің болуын тілейміз!