ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





14.02.2015
Мұқағали Мақатаев атындағы қалалық ақындар айтысы

2015 ж. 13 ақпан күні Мұқағали Мақатаев атындағы «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты қалалық ақындар айтысына Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері Хыдырова Қаламқас пен Зияханов Оңарбек (Э-23 топ) қатысты.

Байқау нәтижелері бойынша Хыдырова Қаламқас ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Зияханов Оңарбек Алғыс хатпен аталып өтілді.

14.02.2015
Ауғанстан – біздің есімізде

Ауғанстан жерінен әскердің шектеулі контингентін шығарудың 26 жылдығы қарсаңында 2015 жылғы 13 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында жауынгер-интернационалистерге құрмет көрсету рәсімі өтті. «Ауғанстан – біздің есімізде» іс-шарасы өткізілді.

30.12.2014
Жаңа Жылдарыңызбен!

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет Жаңа Жыл,

Бізге құтты жол болсын!

Құрметті әріптестер, ата-аналар мен студенттер! Петропавл темір жол көлігі колледжінің әкімшілігі сіздерді келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтайды!

Жаңа Жыл – бұл ең жарқын, ең ғажайып әрі жұмбақ, ең сүйікті және жүрекке жылы мереке! Келе жатқан жыл сіздерге көп жағымды жаңалықтар мен жаңа қызықты кездесулер әкелсін.

Сіздердің жүректеріңізде өткен жыл тек қана ізгі де жақсы естеліктермен сақталып қалсын.

Сіздерге келер жылға мерекелік шат көңіл-күй тілейміз, сәттілік пен табыс сіздердің серіктеріңіз болсын!

Жаңа Жылдарыңызбен!

19.12.2014
Облыстық инновациялық идеялардың фестиваль-жәрмеңкесі

2014 жылғы 19 желтоқсан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтында инновациялық идеялардың дәстүрлі 10-ыншы облыстық фестиваль-жәрмеңкесі өткізілді. Фестивальге Солтүстік Қазақстан облысының 85 білім саласы қызметкері қатысты.

Петропавл темір жол көлігі колледжінің психологы Чернова Екатерина Лазаревна байқаудың сырттай кезеңінен табысты өтіп, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» секциясының күндізгі кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Екатерина Лазаревна «Петропавл темір жол көлігі колледжінде дуалды оқыту жүйесінің элементтерін енгізу аясында студенттердің кәсіби қалыптасуын психологиялық қолдау» тақырыбындағы жобаны қорғады.

Жобаларды бағалау кезіндегі негізгі талаптар:

– инновациялық жобаның өзектілігі;

– жаңалық мақсаттары мен міндеттерінің дайындық деңгейі;

– инновациялық жобаның теориялық негізделуі;

– инновациялық жобаны енгізуді басқару жүйесінің өңделгендігі;

– жобаның тәжірибедегі мәні және оның нәтижелері болды.

Жобаларды қорғау нәтижелері бойынша Е.Л.Чернова ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Екатерина Лазаревнаны құттықтаймыз және кәсіптік қызметте табыстан табысқа жете беруін тілейміз!

16.12.2014
Тәуелсіздік күні

«Бiздiң туымыз – тәуелсiздiк, тiлегiмiз – бейбiтшiлiк, тыныштық. Ал елiмiздiң осы тұтастығын, жерiмiздiң бүтiндiгiн, халқымыздың жарастығын аман сақтау – әрбiр азаматтың борышы.» Н. Ә. Назарбаев

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Петропавл темір жол көлігі колледжінің әкімшілігі сіздерді шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

Бұл мереке Қазақстан азаттығы мен қуатының айғағына айналған, жас мемлекеттің жаңа тарихына бастау болған ұлы күн.

Осы салтанатты күні біздің үйімізде татулық пен келісім ұялап, ал жүректеріміз еліміз үшін мақтаныш сезіміне бөленсін.

Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!

Страница 367 из 386