ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






01.10.2015
Мұғалімдер күнімен!

Сәлем бердік, ұстаздар, баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамыз да.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең, ұстаздар, құтты болсын!

Осы ғажап күнде қиын да қажетті еңбектеріңіз үшін ең ыстық және жүрекжарды алғыс сөздерді қабыл алыңыздар, қадірлі ұстаздар! Сіздердің өмірлеріңіз әрқашан бақытқа, құлшынысқа және жақсылыққа толы болсын!

Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінде жаңа табыстар тілейміз!

26.09.2015
«Халықтарды біріктірген ел» сазды-поэзия сағаты

2015 жылғы 25 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Халықтарды біріктірген тіл» атты сазды-поэзия сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілін үйренуге, қазақ тілі мен орыс тілі үндестігінің әсемдігін ұғынуға көмектесу еді.

Іс-шараны өткізуге Б-11 топ студенттері (сынып жетекшісі М. А. Айтимбетова) және Б- 21 топ (сынып жетекшісі И. А. Сергеева) қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында көрсетілген тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік саясат ерекше орындардың біріне ие болған мақсаттар мен міндеттерді ашып көрсетті. Тілдерді білу қазіргі, әсіресе жас, келешегінен зор үміт күттіретін және талап етілетін адамға көп тілді қоғамда қанатын қатайтуға мүмкіндік береді. Тілдердің үш тұғырлығы туралы айта отырып, балалар мемлекеттік қазақ тілінің маңыздылығын атап өтті, тілдің саяси-құқықтық мәртебесі Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңда бекітілгенін тілге тиек етті.

Іс-шараны өткізу барысында қазақ, орыс және украин тілдерінде поэзия жолдары оқылды. Интерактивті тақтада слайдтар көрсетілді.

23.09.2015
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті өкілімен кездесу

2015 жылғы 22 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және әлеуметпен байланыс бөлімінің кеңесшісі Байжанов Рүстем Сейітұлының екінші курс студенттерімен кездесуі өтті. Мемлекеттік қызмет, білім, медицина жүйелеріндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері қарастырылды.

17.09.2015
Жастар бастамалары орталығымен кездесу

2015 жылғы 16 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша жүз нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға: Петропавл қ. ІІБ есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бөлімінің аға уәкілетті өкілі Д. Е. Смағұлов, СҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар бастамасы орталығы» КММ директоры Н. Ш. Саркен, СҚО бойынша «СӨС ҚО» ЖДО менеджері И. М. Нагметова, «Даму» қорының маманы Р. С. Зейнуллин, СҚО дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынасты дамытуды талдау орталығы» КММ бөлім басшысы А. М. Жұмағалиева қатысты.

10.09.2015
Облыстық «Жылдың үздік психологы» байқауы

2015 жылғы 9 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» филиалында облыстық «Жылдың үздік психологы» байқауы өтті.

«Жылдың үздік психологы» байқауы Қазақстанда екінші рет өткізіліп жатыр. Оның өзектілігі білім жүйесін жаңғыртумен байланысты. Қазылар алқасының айтуы бойынша, басқа педагогтар сияқты психологтар да уақыт ағымынан қалмаулары керек.

Облыстық байқауға 26 маман қатысты. Олар балабақшадағы, мектептегі және колледждегі үздік психолог атағы үшін бақ сынасты.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар әр білім ұйымында даму бағдарламасы барын ескере отырып, түзету және дамыту бағдарламаларының таныстырылымын өткізді. Екінші кезеңнің шарты бойынша психологтар таныстырылып жатқан бағдарламаның элементтерін көрсететін шеберлік сабағын назарға ұсынды.

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары арасында үздік психолог болып Петропавл темір жол көлігі колледжінің педагог-психологы Чернова Екатерина Лазаревна танылды.

Страница 366 из 393