Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І курс студенттері «Рухани жанғыру» бағдарламаның аясында Абылай хан резиденциясына барып қайтты. Мұражайда ұсынылған экспозициялар XVIII ғасырдағы Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері Абылай хан өмірі мен іс-әрекеттері жөнінде ақпарат береді.Экскурсияда студенттерді Абылай хан өмірінің негізгі оқиғаларымен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырумен қатар, студенттердің патриотизм сезімін, Отанға шын берілгендігін тәрбиелеуге назар аударылған.
2018 жылғы 14 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде тәрбиеші В.Г. Журавлева «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» сынып сағатын өткізді. Іс-шараны өткізуге ОВ-11 топ студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: мәдени мұраны тану арқылы қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеу, казақ халқының мәдениетін, тарихын құрметтеу және қызығушылық сезімін арттыру.
Сынып сағатының барысында «Қазақ халқының дәстүрлері» атты фильм көрсетілді, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты викторина өткізілді.
2018 жылғы 14 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І курс студенттері Астананың 20-жылдық мерейтойын қарсаңында Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы өткізген «Астана – мақтанышымыз» атты шараға қатысты (ПВ-11 және ДСП-11 топ).
Іс-шараның мақсаты: Студенттерге еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру, оның көрікті орындарымен таныстыру, отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық-географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын, әлеуметтік-экономикалық күрделі жаратылыс.
Астана – ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Астананың көркіне не бір өркениетті елдер таңдана да тамсана қарауда.
2018 жылғы 14 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырмы жылдығы» атты бірыңғай ақпараттық сағат өткізілді.
Студенттермен кездесуге Сотүстік Қазақстан көлік прокуратурасының аға прокуроры Ж. Н. Айткулина шақырылды, кездесу барысында студенттер оларды қызықтыратын сұрақтарды қойды.
2018 жылғы 5 наурызда Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент Палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысы өтті. Оның барысында Президентіміз Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады.
«Мен халқымның өз келешегіне сеніммен қарауы үшін еңбек еттім, қазір де, болашақта да осы мақсат жолында жұмыс істей беремін. Сол себепті, мен бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қабырғасынан жаңа əлеуметтік бастамалар көтеріп, халқыма үндеу жариялағалы отырмын. Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр. Бірақ, Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. Міне, сол күн де туды! Бұл – біздің қоғамның əлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сəт. Біз оны ауқымды əлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз», - дейді Нұрсұлтан Əбішұлы.
Елбасы əлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастаманы белгіледі. Олардың қатарында баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз ету мəселелері бар.
Мемлекет басшысының жаңа үндеуін халық жылы қарсы алды.
2018 жылғы 13 наурызда Бəйкен Əшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің оқу залында облыстық мəслихат депутаты, “Петропавл қаласы жастар ресурстық орталығы” КММ жастармен жұмыс жөніндегі инспекторы Старостина Екатеринамен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Президенттің бес əлеуметтік бастамасы” атты халыққа үндеуі талқыланды. Колледжд атынан жастар мəслихатының депутаты, “Есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының IV курс студенті Аманжолов Азамат баяндама оқыды.