2013 жылғы 27 ақпан Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында Д-12 топтың (сынып жетекшісі Ж.С.Мусина) және Д-11 топтың (сынып жетекшісі В.А.Симонов) қатысуымен «Арыңды жасыңнан сақта» атты жастарға адамгершілік тәрбие беру сабағы өткізілді.
Іс-шараның барысында қатысушылар «қарапайымдылық», «адалдық», «ар» сөздерінің беретін мағынасы жайлы айтты; махаббат, ар және сезім сұлулығы туралы лирикалық шығармалар орындалды.
Іс-шараның қорытындысы ретінде қатысушылардың назарына «Қыз Жібек» фильмінен кадрлар көрсетілді.
25.02.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында «Білім беру кызметкерлерінің кәсіби өсуі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» Бірінші Республикалық педагогикалық оқуларының аясында «Экономиканың индустриалдық-инновациялық дамуы жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» тақырыбында педагогикалық оқулар өткізілді.
Педагогикалық оқуларға келесі оқытушылар қатысты:
Л.Н.Жаравина «Техникалық және кәсіптік білім берудегі нәтижелі педагогикалық технологиялар»;
О.Н.Икоников «Оқытудың сапасын арттыру үшін шығармашылық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды қолдану»;
В.В.Филитов «Электроника» пәні бойынша интербелсенді оқытуды ұйымдастырудағы ақпараттық -коммуникативтік технологиялар»;
М.А.Айтымбетова «Интерактивтілік – тағы да сабақтың интерактивтігі туралы»;
Р.С.Жамұлдинова «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуден кәсіптік бағдарланған іс қағаздарын жүргізуге көшу»;
Н.П.Никитина «Еңбек нарығындағы жас маман»;
Е.Ю.Дорошенко «Сызудағы инновациялық технологиялар»;
П.Г.Вирко «IT-маман. Талап етілуі және келешегі».
2013 ж. 15 ақпан Александр Викторович Самойлов «Поиск» қаза тапқан Отан қорғаушыларды мәңгі есте сақтау жөніндегі бүкілресейлік қоғамдық ұйымы марапаттау комиссиясының, "Застава Святого Ильи Муромца" әскери-патриоттық қорының және Орыс Александровск Империялық комитетінің шешімімен № 001 «Шагнувши в бессмертие» медалімен дүниеден өткеннен кейін марапатталды.
Петропавл темір жол көлігі колледжінің үгітбригадасы 2013 жылғы 15 ақпан күні Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің базасында өткен облыстық «Таңдауды мен жасаймын» слёт -байқауына қатысты.
Белсенді жұмысы үшін колледж командасы «Ең жалынды үгітбригада» номинациясында грамотамен марапатталды.
2013 жылғы 15 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің базасында «Өзін-өзі тану» пәні оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудағы инновациялық әдістер» тақырыбындағы отырысы өтті. Ашық іс-шараларды өткізуге Л-23, Т-11, Д-11, ПО-11 топ балалары қатысты.