ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






04.05.2018
«Әндер де шайқасты» музыкалық-поэтикалық сағаты

2018 жылдың 4-ші мамырында Бәйкен Әшімов атындағы кітапханасының қызметкері Т. А. Таран «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясында Жеңіс күніне арналған «Әндер де шайқасты» музыкалық-поэтикалық сағатын өткізді.

Іс-шараға ДМ-21 және Д-11 топтарының студенттері қатысты.

Іс-шараның қатысушылары соғыстың алғашқы күндерінен бастап әннің жауынгерлер қатарына қосылып, Жеңіске дейін шаңды және түтінге оранған жолдармен жүргенін айтты. Ән сарбаздармен қайғы-қасіретті де, қуанышты да бөлісті, майдандық өмірдегі қиындықтарды жеңуге көмектесті, сарбаздардың жауынгерлік рухын көтерді, жаудың жек көруіне, ерлік, батылдық сезімдері мен әскери достығын дәріптеді. Жеңіс жолында бұл ән халыққа аштық пен суыққа қарсы тұруға көмектесті, жауды жеңуге күш берді. Ұлы Отан соғысының әндері әлі күнге дейін ардагерлердің жандарын қуантады және бүгінгі ұрпақтың жүрегінде де орын алады.

Іс-шара барысында өлеңдер орындалды, интерактивті тақтада «Священная война», «Темная ночь», «В землянке», «Катюша», «Журавли», «Победа» әндерінің бейнебаяндары көрсетілді. ДСП-11 тобының студенті З. Ахметова «А закаты алые» әнін орындады. Оқу залында «Айбын мен абырой мерекесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
04.05.2018
«Майданнан келген хаттар» атты интербелсенді іс-шара

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің бірінші курс студенттері «Майданнан келген хаттар» атты интербелсенді іс-шараға қатысты.

Залдарда Ұлы Отан соғысы уақытындағы кемелердің суреттері мен үлгілері ұсынылды.

Іс-шара аясында студенттер үшін «Жеңіс хаты» шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында жауынгер-жеңімпаздарды құрметтеу, патриотизм сезімін тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи оқиғаларға ортақтастық сезімін қалыптастыру.

04.05.2018
«Ұлы Отан соғысы жылдарында солтүстік қазақстандықтар» мұражай сабағы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында облыстық өлкетану мұражайында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері қатысуымен «Ұлы Отан жылдарында солтүстік қазақстандықтар» атты мұражай сабағы өтті.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы оқиғалары, ҰОС майданында жанқиярлықпен күрескен біздің кейіпкер-жерлестеріміз, Солтүстік Қазақстан жауынгерлері туралы білімдерін кеңейту.

27.04.2018
«Бірлік пен достық шоқжұлдызында» атты студенттік шығармашылықтың халықаралық жастар фестивалі

2018 жылдың 26-27 сәуірінде Петропавл қаласының кәсіптік педагогикалық колледжінде Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері арасындағы ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыру аясында «Бірлік пен достық шоқжұлдызында» атты халықаралық студенттік шығармашылық фестиваль өтті.

Фестивальдің мақсаты – дарынды студенттік жастарды анықтау және қолдау, шығармашылық қарым-қатынасқа жағдай жасау, Қазақстан мен Ресей Федерациясының білім беру мекемелерімен тәжірибе алмасу және ынтымақтастық жасау. Фестивальде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі атынан Д-22 топ студенті Таран Константин «Вокал» номинациясы бойынша Төреғали Төреали әншінің «Қазағым-ау» әнімен шықты. Байқауға барлығы 22 адам қатысты. Константин халықаралық конкурсқа қатысу үшін сертификат алды.

26.04.2018
«Достық кубогі» көңілді тапқырлар клубының фестивалі

2018 жылы 26 сәуірде Жастар сарайында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін «Достық кубогі» көңілді тапқырлар клубының фестивалі өтті. Оған облыстың түрлі өңірлерінен келген 12 команда қатысты. Солтүстік Қазақстандық көрерменді әзілмен таңқалдырып, бас жүлдеге ие болу үшін Петропавл қаласына ең үздік КТК-шілер келді.

Әзіл – қарым-қатынастың әмбебап тәсілі, онда жас, ұлт немесе тіл маңызды емес. Фестивальдің әрбір командасы оларға ғана тән қасиеттерімен ерекшеленді. Көптеген команданың өзіндік бірегей стилі қалыптасты.

Жыл сайын Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі осы іс-шараға белсене қатысады. Биылғы жылы да «ПТКК құрамасы» командасы бүкіл залды баурап алды.

Страница 360 из 445