2018 жылғы 17 мамыр күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжіде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Қ. Қабденова «Астана – айбыным» сынып сағатын өткізді. Іс-шараны өткізуге ОВ-11, Э-22 топтар қатысты.
Бұл шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді, азаматтықты, студенттер арасында бейбітшілікті қалыптастыру болып табылады.
Студенттер біздің елордамыз - Астана қаласы дамуының егжей-тегжейлі тарихы туралы, халықтың және Президенттің оның қалыптасуына қосқан үлесі туралы қызығушылықпен тыңдады.
Іс-шара барысында елорда туралы өлеңдер тыңдалды, балалар қазақ тіліндегі Отан туралы мақал-мәтелдер бойынша білімдерін көрсетті, викториналық сұрақтарға жауап берді, «Астана – болашақ қаласы» бейнефильмі көрсетілді, «Мой город» әні шырқалды.
2018 жылғы 16 мамырда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың аясында кітапхана меңгерушісі Г.М. Қабденова көрнекті ақын, «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, біздің жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Струны золотых строк» поэтикалық сағат өткізді.
Іс-шараға Б-11 топ және ПМ-12 топ студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар қазақ жазушысы, ақын, публицист Мағжан Жұмабаев туралы әңгімеледі. Оның әдеби мұрасы уақыт сынағынан өтіп, қазақ поэтикалық мәдениетінің тарихына енді.
Мағжанның өлеңдері патриотизмді, өмірге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, өзімен үйлесімді өмір сүруге, адамның атынан жақсылық жасауға үйретеді.
Іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқыды. Интерактивті тақтаға слайдтар мен «Есімдер – Мағжан Жұмабаев», «М. Жұмабаев «Лирика» бейнефильмдері көрсетілді. Оқу залында «Мағжан және оның заманы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2018 жылғы 15 мамырда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі студенттерімен Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін волонтерлерді жинау аясында ақпараттық кездесу өткізілді.
Форум 2018 жылғы қарашада өтеді. Кездесуде СҚО ХАО директоры К.С. Маметов, төрайымы Лилия Гизатуллина, СҚМУ белсенді студенті Ыбырай Нургали қатысты. Студенттерге волонтерлік қозғалыс туралы және осы қозғалыс қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат берілді. Көптеген студенттер форумға қатысуға ниет білдірді.
10-13 мамырда Қазақстанда Жекпе-жек чемпионаты өтті. Жекпе-жек – жеке батырлар шайқасы, адамның күшін, шеберлігін, әдіс-айласын сынайтын бәсеке. Жекпе-жек өте керемет жарыс, себебі спортшылар түрлі жекпе-жектің техникасын пайдаланады.
Солтүстік Қазақстан облысының құрамына Сұңқар ММА күресшілер клубынан Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенті Ильясов Рүстем кірді.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша Рүстем бірінші орынға ие болды (алтын) және қазір ол Әлемдік және Азия чемпионатына қатысады.
2018 жылғы 14 мамырда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері Петропавл станциясы желілік полициясының ішкі бөлімі инспекторымен кездесті.
Инспектор «Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында әңгімелесіп, кәмелетке толмаған студенттер білуі қажет, Қылмыстық және Әкімшілік Кодекстің негізгі баптарын сипаттады. Кешкі уақытта кәмелетке толмаған балалардың болу мәселесіне және шағын бұзақылыққа арналған бапатарына жан-жақты сараптауға ерекше назар аударылды.