ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






23.05.2018
ҰЛАН – 2018

2018 жылдың 18 мамырынан бастап 19 мамырына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының әскери институты негізінде Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша «Ұлан» спартакиадасы өттті. Бұл спартакиада - қатысушылардың бастапқы әскери дайындық бөлімдері, сондай-ақ әскери істердің негіздері бойынша дайындық сынағы болып табылады. Қажырлы күрес кезінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің командасы II жалпыкомандалық орынды иеленді. Спартакиадаға 8 команда қатысты.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжі командасының құрамы:

1. Жапаров Тимур (ПМ-12 топ);

2. Маренков Евгений (ПМ-12 топ);

3. Ращупкин Данил (ПМ-12 топ);

4. Требин Владимир (ПМ-11 топ);

5. Синичкин Владислав (ПМ-11 топ);

6. Пинчук Роман (ПМ-11 топ);

7. Мартынов Никита (Э-22 топ);

9. Вульф Виктор (СДМ-11 топ);

10. Ибраев Вадим (СДМ-11 топ) .

Команданы АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Гутевич Виталий Владимирович дайындады.

23 мамырда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында спартакиаданың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Іс-шарада Ахметова Зарина (ДСП-11 топ) әскери-патриоттық әндерді орындады.

Подробнее
23.05.2018
«Отанымның рәміздері» тақырыбына интербелсенді дәрістер

«Отанға деген, өз елін мақтан тұту деген сезім оның рәміздерін құрметтеуден басталады. Сондықтан, мемлекеттік рәміздер әрдайым ұлттық мақтаныш болып табылады. Оларға деген көзқарас ерекше» Н.Ә. Назарбаев. 2018 жылғы 23 мамыр күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапхананың кітапханашысы Б.Ж. Нұртазина «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы іске асыру мақсатында «Отанымның рәміздері» тақырыбына интербелсенді дәрістер өткізді. Іс-шараға ДСП 11, Э-11, ПМ-12 және Л-22 топ студенттері қатысты.

Кітапханашы мемлекеттің рәміздері – тарих пен мәдениеттің көрінісі, еліміздің бірегей ерекшелігін көрсетіп, өз азаматтарының өзін-өзі танытуы болып табылатыны туралы айтты.

Мемлекеттің рәміздерін ардақтап және құрметтеп, біз еліміздің одан әрі дамуын, оның егемендігін және тәуелсіздігін нығайту саясатын қолдаймыз.

Мемлекеттік геральдика мазмұнын білу және түсіну, Қазақстан Республикасының елтаңбасының, туының және әнұранының мәнін білу біздің еліміздің осы маңызды элементтеріне деген терең құрмет пен мақтаныштың көрсеткіштері болып табылады.

Іс-шара барысында «Менің Қазақстаным» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Интерактивті тақтадағы слайдтарда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» бейнефильмі көрсетілді, «Жаса Қазақстан» әнінің клипі көрсетілді. Кітапхананың оқу залында «Мәңгілік белгісі аясында» кітап көрмесі өтті.

Подробнее
22.05.2018
«Таза жағалар» акциялары

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері «Таза жағалар» акциясына белсенді қатысты. Олар «Пестрое» көлінің аумағын ғана тазалап қоймай, сонымен қатар, қалдықтарды сұрыптады, кейбір қалдықтар қайта өңдеу үшін қолданылатын болады. Мұндай жаппай жинау көлдің жағалауларын тазалауға мүмкіндік берді, ал ең белсенді қатысушылар марапаттарға ие болды.

Бес колледждің студенттері «Таза жағалаулар» акциясына қатысуға шешім қабылдады. Бұл акция жыл сайын өткізіледі. Және оның қатарына жастар саны өсе береді. Барлығы 100-ден астам колледж студенттері «Пестрое» көлінің жағалауына келіп, оны суға түсу маусымға дейін дайындау үшін келді. Жастар бұл жұмысты жігерімен істеді.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің оқушылары бірінші орынға ие болды және басты жүлделер алды.

Подробнее
22.05.2018
«Астанам! Ару қалам, ақордам!» тақырыбында шығармалар байқауы

2018 жылғы 22 мамыр күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжіде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Б.Б. Илюбаева «Астанам! Ару қалам, ақордам!» тақырыбына шығармалар байқауын өткізді. Іс-шараны өткізуге Б-11 топ және СГО-11 топ студенттері қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмнің және Отанға деген сүйіспеншіліктің қалыптасуына үлес қосу, Астана туралы студенттердің ой-өрісін кеңейту; махаббат пен сыйластықты тәрбиелеу, отанына деген мақтаныш сезімі, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Студенттердің әрқайсысы әртүрлі тақырыпқа жазғандықтан, тыңдармандар қызықты әңгімелеріне қызығушылық танытты. Өздерінің жазбаларында студенттер болашақта Астананы қалай көретінін, астанада қандай мейрімді адамдар өмір сүргенін және т.б. көрсетті. шығармалар қазақ және орыс тілдерінде тыңдалды.

Подробнее
17.05.2018
«Саламатты өмір салты» сынып сағаты

2018 жылғы 17 мамырда Қалалық мәдениет үйінің кітапханасында саламатты өмір салтына арналған сынып сағаты өтті. Іс-шараны 2-ші қалалық аурухананың аға медбикесі Ахметова Зауреш Самуратовна өткізді. Сынып сағатына Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І курс студенттері шақырылды.

З. С. Ахметова «Темекісіз өмір», «Есірткісіз өмір» тақырыптарына профилактикалық әңгімелесуледі өткізді. Әңгіме барысында оқушылар қызығушылық тудыратын сұрақтар қойды және толық жауап алды.

Сынып сағатының соңында алкогольді тұтынудың, темекі шегудің, есірткіні пайдаланудың алдын-алу және салауатты өмір салтын ұстану туралы ұсынымдар берілді.

Страница 358 из 445