Құрметті студенттер! Жаңа оқу жылымен баршаңызды құттықтаймын!
Студенттік кезең – бұл өміріміздегі ең маңызды кезең! Романтикаға, түрлі қызықтарға, көптеген жағдайлар мен жаңа білімге толы кезең!
Білім бізді дана, ақылды, шыдамды және байқампаз болуға үйретеді, жоғары еңбекақы төленетін жақсы жұмыс табуға және өмірден өз орнымызда таба білуге көмектеседі. Сендерді 1-қырүйекпен құттықтаймын, өз көздеген мақсаттарыңа жетіп, әрдайым алда болуға тілеймін. Терең білім алуға, жақсы оқуға бар күш-жігерлеріңді салуға және өмір жолымызда кездесетін қиындықтарға мойынсынбауға тілектеспін. Өз өздеріңе сеніңдер, алға қойған мақсаттарыңа жетуге еңбектеніңдер, сонда ғана бәрі жақсы болады!
2018 жылдың 1-қыркүйегіндегі Бәйкен Әшімов атындағы колледждің жаңадан қабылданған студенттер үшін Білім күніне арналған салтанатты линейка өтіледі.
Сағат 09.00 колледждің бас корпусында жиналады.
Ауысымды топтар үшін тақырыптық сынып сағаттары өтіледі.
2018 жылғы 18 маусы күні «PROFENEGY» жобасының аясында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ атаулы стипендиясын алуға арналған ғылыми жұмыстар байқауының ақтық кезеңі өтті. Ғылыми жұмыстарының байқауы жыл сайын өтіп, оған Петропавл қаласы бейінді оқу орындарының үшінші курс оқушылары қатыса алады.
Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің ІІІ курс студенттері Какунов Мейрам және Богдан Токарев 2018 жылғы байқаудың финалына шықты.
1 маусымда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Балаларды қорғау күніне арналған парадқа белсенді қатысты.
1 маусымда Қазақстан Балаларды қорғау күнін атап өтеді. Мерекеге орай бүкіл ел бойынша парадттар өтті. Әр түрлі оқу орындарының оқушылары мен студенттері өз мектептері мен колледждерінің намысын қорғап, қала көшелерімен өтіп шықты. Әр командада өз атрибуттары, туы және формасы болған.
Бүгін Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Мемлекет басшысының 1997 жылғы 5 сәуірдегі жарлығына сәйкес 31 мамырда жыл сайын атап өтілетін естелік күн. Сол замадағы қатаң мемлекеттік саясат халық арасында елеулі құрбандарына әкелді. Миллиондаған кеңестік азаматтар репрессияға ұшырады.
Қазақстан миллиондаған кеңестік азаматтар үшін депортациялау жері болды. Елде бүкіл тоталитарлық режимнің жазалау жүйесінде 953 лагерь мен елді мекен жұмыс істеді. Тарихшылардың айтуынша, 1937-1938 жылдары Кеңес Одағында 118 мың адам сотталды. Олардың ішінен 25 мың адамы атылды.
2018 жылы 31 мамырда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Туған жер» клубының белсенділері Пилипенко Ирина мен Горшкова Ангелина жатақхананың студенттері үшін «Еске алу шамы өшпес ...» атты еске алу сағатын өткізді.
Іс-шара барысында «Алжир» Отанына сатқындық жасаған әйелдердің Ақмола лагері туралы фильм көрсетіліп, репрессияға ұшыраған қазақ мәдениетінің, ғылымының, білімінің атақты азаматтары оның ішінде тоталитаризмнің қанды механизміне түскен біздің отандастарымыз туралы айтылды. Іс-шараның соңында кінәсіз кінәлілерді еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды.
2018 жылғы 9 мамыр күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» атты республикалық интернет конкурс өтті. Іс-шараның мақсаты: туған жерді зерттеу арқылы студенттердің танымдық қызығушылығы мен ғылыми-зерттеу шығармашылығын дамыту.
2018 жылғы 25 мамырда өткен байқаудың қорытындысы бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенті Морхова Алина «Өшпес есте қалды» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Алина конкурсқа Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және хабарсыз кеткен Петропавл теміржол техникумының оқытушылары мен студенттері қатысты презентацияны жасады.
Зерттеу жұмысының жетекшісі Журавлева Валентина Георгиевнаға алғыс хат табыс етті.