ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






24.10.2018
«Инсульттің алдын алу» тақырыбына әңгімелесу

2018 жылғы 24 қазанда Бәйкен Әшімов Петропавл теміржол көлігі колледжінде Петропавл қ.инсульт орталығының дәрігер-невропатологы Т. А. Гаркуша «Инсульттің алдын алу» тақырыбына әңгіме жүргізді. Дәрігер-невропатолог инсульттің алғашқы белгілері және олардың алдын алу, инсульт кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері туралы айтып берді. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға Тамара Андреевна толық жауап берді.

24.10.2018
«Әскерге шақырылушылар күні» облыстық әскери-патриоттық акциясы»

2018 жылдың 24 қазанында жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу және қазақстандық әскерде әскери қызметтің беделін көтеру мақсатында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің СТС-21 және Л-21 топтарының студенттері алғашқы әскери дайындық оқытушыларының жетекшілігімен «Әскерге шақырылушылар күні» атты облыстық әскери-патриоттық акциясына қатысты.

Іс-шараның ашылуы ҚР Мемлекеттік Туын шығарудан басталды, оның барысында патриоттық әндер шырқалып, қоян-қолтық ұрыс, қару-жарақ тәсілдері, саптық амалдар көрсетілді.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері бөлімінде мерзімді әскери қызметті өткеру үшін шақырылушыларды салтанатты түрде жөнелту өтті.

Подробнее
24.10.2018
«Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлер картасы» виртуалды экскурсия

2018 жылғы 24 қазанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде ҚР Президентінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында тәрбиеші В. Г. Журавлева ПВ-21және Д-11 топпен «Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлер картасы» атты виртуалды экскурсия өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерінің картасында «Қызылжар» мешіті, Әулие апостолдар Петр мен Павел соборы, Абылай хан резиденциясы, Қарасай мен Ағынтай батырларының ескерткіші, сондай-ақ осы батырларға арналған мемориалдық кешен, Ботай қонысы, Байқара археологиялық ескерткіші, Қожаберген жырау мазары мен Құлсары батырдың кесенесі, Сарымбет қонысын көруге болады. Өңіріміздің киелі картасына сондай-ақ облыстың аудандарында орналасқан Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов және Иван Шухов жерлес-жазушылардың төрт мұражайы енгізілді.

Киелі орын ретінде табиғи-ландшафтық объектілер, діни ғибадат объектілері, ескерткіш шайқас орындары, ұлы адамдардың өмірі және мәдени және тарихи мұраның басқа да ескерткіштері болады. Петропавлда 14 қасиетті нысанның төртеуі орналасқан. Олардың кейбірі бай тарихы бар, басқалары жақында пайда болды. Виртуалды экскурсияның қатысушылары болып балалар бұл туралы толығырақ білді.

Подробнее
23.10.2018
Студенттердің Жастар бастамаларының орталығы өкілдерімен кездесуі

2018 жылдың 23 қазанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінде I курс студенттерімен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Жолдауын түсіндіру бойынша Жастар бастамаларының орталығы өкілдерімен кездесу өтті.

Петропавл қаласының ЖРО жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушысы Абдувалиева Зарина аудиторияны Жолдаудың негізгі тақырыптарымен таныстырды,олар: ең төменгі жалақыны бір жарым есе көтеру, білім беру мәселелері, педагог мәртебесі туралы заңды қабылдау, жоғары оқу орындарындағы дайындық сапасы, Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы, спорттың қолжетімділігі, қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту және т. б.

ЖРО жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы Есимгажинова Аққу студенттерге ЖРО жұмысы және ағымдағы қызметі туралы айтып берді. Студенттер әңгімеге белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Подробнее
23.10.2018
«Туған жүректердің одақтастығы» шығармашылық отбасылық ансамбльдердің облыстық байқауы

2018 жылдың 23 қазанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері Қалалық мәдениет үйіне «Туған жүректердің одақтастығы» атты отбасылық шығармашылық ансамбльдердің облыстық байқауына шақырылды. Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген отбасылық ансамбльдер көрермендер мен қазылар алқасына өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды.

Страница 352 из 445