2018 жылдың 23 қазан күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі «Түрксіб» Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты. Олимпиада 2018 жылғы 22 қазан мен 26 қазан аралығында теміржол бейіндегі колледж студенттері арасында өткізіледі. «IQ college» жобасы аясында олимпиада өткізуді ұйымдастырушы «Urker mitec» интеллектуалды орталығы болып табылады.
Олимпиада тапсырмалары темір жолдардың тарихы, вагондарды таңбалау, құрамдарды жөнелту қағидаларын, танымдық және шығармашылық сипаты бар мәселелерін қамтиды. Олимпиада нәтижелері өткізілгеннен күннен бір айдан кейін www.iqcollege.kz сайттында жарияланады. Олимпиаданың барлық қатысушылары атаулы сертификаттарға ие болады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады, ал 4 және 5 орын алған қатысушылар мақтау грамоталарына ие болады. Нәтиже күтеміз және жеңіске үміттенеміз.
2018 жылдың 23 қазан күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің «Туған жер» өлкетану клубының белсенділері (жетекшісі В. Г. Журавлева) және «Көздеп ату» әскери-спорттық үйірмесінің белсенділері (жетекшісі В. В. Гутевич) «Қазіргі әлемдегі жастар» атты облыстық конференцияға қатысты.
Конференция жастардың бос уақытын өткізу, түрлі жастар іс-шараларына, клубтарға, секциялар мен үйірмелерге қатысу туралы сындарлы диалогта өтті. «Туған жер» клубының төрайымы Морхова Алина клубтың жұмысы мен жетістіктері туралы презентация жасады, «Көздеп ату» үйірмесінің жұмысы туралы Синичкин Влад пен Требин Владимир айтып берді.
2018 жылдың 22 қазанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттерімен Ж. Р. Байғазина «Нашақорлық – қайғы ма, жоқ па?» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгімелесудің басты мақсаты есірткімен байланысты мәселелер бойынша жасөспірімдердің хабардар болу деңгейін арттыру, психобелсенді заттарды пайдалануды болдырмайтын дағдыларды дамыту болып табылады. Адамның негізгі әдеттері балалық шақта және жасөспірім жасында қалыптасады, сондықтан жасөспірімді зиянды құмарлықтан қорғау үшін алдын алу әңгімелерін жүргізу маңызды.
Әңгіме жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алуға, сондай-ақ жастардың есірткіге қарсы дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Есірткінің проблемалары, есірткі заттарын қолданудың түрлері мен салдары туралы мәселелер талқыланды. Студенттер есірткі заттарына қатысты теріс ұстанымды айтып, кез келген қылмыстық әрекеттердің куәсі болса, дереу полицияға хабарласатындарына сендірді.
2018 жылғы 16 қазанда Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің алғашқы әскери дайындық бойынша оқытушыларымен оқу-дала жиындарын өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі базасында Б-21 және ПО-21 екінші курс топтарына сабақ өткізілді.
Сабақ барысында студенттер әскери қызметшілерді орналастыру тәртібімен, тұрмыстық үй-жайлармен, әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысымен, сондай-ақ Қарулы Күштердегі саптық және спорттық дайындықтармен танысты. Сабақ соңында балалар мұражаймен, радио - және авиамодель клубтарымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта біздің елімізде әскери қызметтен баламалы өту бар – бұл әскери-техникалық мектептерде ақылы негізде оқудан өту. Қазіргі уақытта баламалы қызметті 24-27 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының ер азаматтары өте алады. Оқыту 40 күн көлемінде өтеді, одан кейін тәрбиеленушілер әскери ант қабылдайды және әскери билет алады.
2018 жылдың 17 қазанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің оқу залында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары Д.Ж.Ақышова мен А.Қ.Қабденова «Тіл мерекесі – ел мерейі» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Іс–шараға Б-11, Д-11, Б-21, Э-22 топ студенттері белсенді қатысты.
Іс–шара кезінде қазақ тілі және орыс тілінде әндер шырқалып, белгілі авторлардың тіл достығы туралы өлеңдері оқылды, презентация мен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің нышаны ретінде» атты бейнеролик көрсетілді.