Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XV форумына қатысқаны үшін Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Биисов Жаслан, Симонов Илья, Биисов Рустем, Зубкова Софья, Қазбек Камиля, Кожабергенова Альбина алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
2018 жылдың 20 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Б-11 тобында әлеуметтік-психологиялық қызметпен «Жауапты тәртіп-бақытты болашақтың кепілі» атты тақырыптық сынып сағаты өткізілді. Студенттер салауатты өмір салты туралы бейнероликтер қарап, жауапты мінез-құлық туралы жағдайларды талдап, пайдалы және зиянды әдеттер туралы тапсырмалар орындады.
АҚТҚ-ЖҚТБ-ның алдын алу онкүндігі аясында Б.Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен «Тұңғиыққа жол» мұражайлық сабаққа қатысты.
Сабақтың мақсаты студенттерде салауатты өмір салтын тәрбиелеу және АҚТҚ-ЖҚТБ алдын алу, сонымен қатар зиянды әдеттерге белсенді қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Балаларға есірткіні, алкоголь мен темекіні қолданудың салдары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Зиянды әдеттер мен АҚТҚ-ЖҚТБ –ның салдарынан өмірден озған көптеген атақты тұлғалар мысалға келтірілді. Студенттер зиянды құмарлыққа әкелетін патология материалдарын көрнекі түрде көре алды.
2018 жылдың 16 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кітапханашы Г. М. Кабденовамен «Толеранттылық – мәдениет негізі» тақырыптық сағаты өткізілді.
Іс-шараны өткізуге В-11 және ПМ-11 топ студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар толеранттылық – бұл біздің әлем мәдениетінің бай алуан түрлілігін, өзін-өзі көрсету формалары мен адам даралығын көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну екенін атап өтті.
Іс-шара барысында студенттер қазақ, орыс және украин тілдерінде әр түрлі халықтардың достығы туралы өлеңдер оқыды.
Интерактивті тақтада слайдтар көрсетіліп, бейнефильмдер көрсетілді: «Бәрі толеранттылық», «Достық – бірлік нышаны», әндердің бейнеклиптері: «Достық байланысы», «Қазақстан халықы Ассамблеясы», «Менің Отаным». Кітапхананың оқу залында кітап көрмесі ресімделді: «Біз толеранттылықты таңдаймыз».
2018 жылдың 15 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кітапханашы Т. А. Таранмен «Қазақстандық валютаға – 25 жыл» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шараға Л-11 және Л-12 топ студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар бүгінгі теңге – банкноттар мен тиындар – заманауи Қазақстанның ұлттық нышаны, мәдени мен тарихи ақпараттың жолсерігі екендігін айтты. Елдің тарихы, халқының мәдениеті, ұлттық тұрмысы мен салт-дәстүрі ақшадан бастау алады. 25 жыл ішінде халықаралық стандартқа сай, жаңа бюджеттік және валюталық-қаржылық жүйені құру бойынша көлемді жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқылып, «Теңгенің тарихы», «Ақшаны қалай жасайды» секілді бейнефильмдер көрсетілді., оқу залында «Теңге, мерейтойыңды тойла» атты кітап көрмесі ресімделді.