ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






17.09.2016
Тілдер апталығы

Қазақстан халқының тілдері күні аясында Петропавл темір жол көлігі колледжінде жалпы гуманитарлық цикл оқытушылары 2016 ж. 16.09 бастап 2016 ж. 22.09 дейін жоспарға сәйкес келесі іс-шараларды: «Бабамның тілі - ұрпақтарға аманат» мәнерлеп оқушылар байқауын, «Мемлекеттік тіл - менің тілім», «Тіл дарын» байқауларын, «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» әдеби-сазды кешін өткізді.

16.09.2016
Қазақстан халқының тілдері күні

2016 жылғы 15 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл білу – байлық» атты тақырыптық сынып сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Д-12 (сынып жетекшісі Ж. С. Мусина), Т-11 (сынып жетекшісі И. А. Сергеева) топ студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар тіл – халықтың байлығы, ол ұлттың бірігіп, нығаюына көмектесетінін, тәрбие беру құралы және адамдардың өзара байланысын жалғайтын тірек екенін атап өтті.

Тілдер күні – еліміздің барлық азаматтарының достығы, туыстығы және бірлігінің белгісі. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – Қазақстан халқын қалыптастырудың негізгі діңгегі.

Сонымен қатар студенттер үш тілді білім – заман талабы екеніне тоқталып, ал тілдерді білу қазіргі адамның көп тілді қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

Іс-шараны өткізу барысында қазақ, орыс және украин тілдерінде өлең жолдары оқылды. Интербелсенді тақтада слайдтар көрсетіліп, оқу залында «Халықтың өмірі тілінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
06.09.2016
Хабарландыру

«Петропавл темір жол көлігі колледжі» КМҚК 2016 – 2017 оқу жылындағы бос жұмыс орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды:

– «Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығы бойынша арнайы пәндердің оқытушысы;

– «Әлеуметтану және саясаттану негіздері» пәнінің оқытушысы;

– «Философия» пәнінің оқытушысы;

– экономикалық пәндердің оқытушысы.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер резюмесін мына мекенжайға алып келуі қажет: Петропавл қ., Медведев к-сі, 1.

Анықтама телефондары: 8 (7152) 38–12–97, 8 (7152) 38–08–15, 8 (7152) 38–12–91.

01.09.2016
1 қыркүйек – Білім күні

2016 жылғы 1 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында Білім күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л. Ф. Курбанова студенттерді білім мерекесімен құттықтады. Ол білім алушыларға көздеген мақсаттарға жетуде табыстар, білім шыңына бастар таңдаған жолда толыққанды және мазмұнды өмір тіледі.

Құттықтау сөздерінен кейін сахнаға колледждің әкімшілігі: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. В. Никитина, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Ш. Галимулин, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары С. В. Мироняк, бөлімше меңгерушісі («Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы) А. С. Оспанова, бөлімше меңгерушісі («Электрмен қамтамасыз ету», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану») А. У. Наяндина, бөлімше меңгерушісі («Есеп және аудит», «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару», «Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері») Р. А. Задорожная сахнаның төріне шақырылды. Өздерінің құттықтау сөздерінде олар студенттерге оқуда табыс, «үздік» деген бағаға оқып, колледждің өміріне белсенді қатысуды тіледі.

Салтанатты жиналыстың ресми бөлімінен кейін әр топта «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты сынып сағаттары өткізілді.

Подробнее
08.07.2016
Талапкер – 2016

Петропавл темір жол көлігі колледжі күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша 9 және 11 сынып негізінде 2016-2017 оқу жылына студенттерді қабылдайтынын хабарлайды.

Қабылдау комиссиясы жұмысын 1 маусымнан бастады, күндізгі оқу нысанына құжаттарды қабылдау 20 маусымнан бастап 20 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – Жұма – 08.30 бастап 18.00 дейін;

Сенбі –08.30 бастап 13.00 дейін;

Жексенбі – демалыс.

Түскі асқа үзіліссіз.

Анықтаманы келесі телефондар арқылы алуға болады: 38-13-69, 38-12-91, 38-11-66 (сырттай оқу бөлімі).

Мамандықтардың тізімі

«Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»

Біліктілігі: техник-механик.

Қосымша берілетін жұмысшы мамандығы - жол машиналарын, автомобильдер мен тракторларды жөндеу бойынша слесарь.

Өндірістік қызмет түрлері: автомобиль жолдарын және темір жолдарды салу, құрылыс ұйымдары, машина жасау және жөндеу зауыттары, меншік нысанына тәуелсіз көтеріп-тасымалдағыш құрылыс машиналары бар кәсіпорындар. Түлек жол шеберханаларының шебері, телімдер мен цехтардың шебері, көтеріп-тасымалдағыш машиналарды жөндеу жөніндегі механик, жол-құрылыс машиналары мен жабдығын жөндеу жөніндегі механик, КТҚЖМ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер, телім басшысы болып жұмыс істей алады.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл l0 ай (бюджет), жалпы орта білім базасында 2 жыл l0 ай (бюджет).

«Есеп және аудит»

Біліктілігі: бухгалтер.

Өндірістік қызмет түрлері: кәсіптік қызмет нысаны: өндірістік, операциялық, коммерциялық қаржылық және инвестициялық қызметтің кірісі мен шығысы, қаржылық нәтижелері, экономикалық және қаржылық-шаруашылық қызметті бақылау және талдау, аудит, нормативтік және есептеу-бөлу құжаттамасы болып табылады.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл l0 ай, жалпы орта білім базасында l жыл l0 ай.

«Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (вагондар)»

Біліктілігі: техник-электромеханик.

Қосымша берілетін жұмысшы мамандығы - жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь.

Өндірістік қызмет түрлері: техник-электромеханик – темір жолдардың жылжымалы құрамы, энергия-күш қондырғылары, ауаны кондициялау қондырғылары және салқындатқыш машиналар жөніндегі маман. Түлек телім басшысы, жолаушылар пойызының басшысы, рефрижераторлық жылжымалы құрамның басшысы, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нұсқаушы, техникалық қызмет көрсету пунктінің басшысы, жолсерік болып жұмыс істей алады.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл l0 ай (бюджет), жалпы орта білім базасында 2 жыл l0 ай (бюджет).

«Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (локомотивтер)»

Біліктілігі: техник-электромеханик.

Қосымша берілетін жұмысшы мамандығы - жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь.

Өндірістік қызмет түрлері: техник-электромеханик локомотив деполарында, цех шебері, жөндеу-жинау цехтарының бригада басшысы, арбашық және доңғалақ-ролик цехының шебері, нормалаушы, ТЖҚ слесарі, машинист көмекшісі, машинист болып, тартымдық жылжымалы құрамға қызмет көрсету бойынша жөндеу цехтарында, локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктінің шебері болып жұмыс істей алады.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл l0 ай (бюджет), жалпы орта білім базасында 2 жыл l0 ай (бюджет).

«Электрмен қамтамасыз ету»

Біліктілігі: техник-электрик.

Қосымша берілетін жұмысшы мамандығы - электромонтер.

Өндірістік қызмет түрлері: – техник-электрик электрмен жабдықтау және электрлендіру құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, салу саласындағы жұмысқа арналған кең бейінді ортаңғы буынның маманы болып табылады. Түлек түйіспе желісі мен тартымдық қосалқы станцияның біліктілігі жоғары жөндеушісі; түйіспе желісі мен тартымдық қосалқы станцияның электромеханигі; түйіспе желісі мен тартымдық қосалқы станцияның энергодиспетчері, «Солтүстік Қазақстан Энерго», «СҚТЭК» кәсіпорындарында, темір жол энергия телімдерінде түйіспе желісі ауданы мен желілік аудан тартымдық қосалқы станциясының басшысы болып жұмыс істей алады.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл l0 ай (бюджет), жалпы орта білім базасында 2 жыл l0 ай (бюджет).

«Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»

Біліктілігі: ұйымдастырушы техник.

Өндірістік қызмет түрлері: ұйымдастырушы техник станция басшысы, станция бойынша кезекші, станция және пойыз диспетчерлері, билет кассаларының әкімшісі, жүк аулаларының, тауар және техникалық кеңселердің меңгерушілері, дөңес бойынша кезекші, маневрлік диспетчер, орталықтандыру қосынының операторы, вокзал бойынша кезекші, парк бойынша кезекші лауазымдарында жұмыс істей алады.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл l0 ай (бюджет), жалпы орта білім базасында 2 жыл l0 ай (бюджет).

«Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері»

Біліктілігі: техник-жылу технигі.

Қосымша берілетін жұмысшы мамандығы - жылу желілерінің жабдығын жөндеу бойынша слесарь; сорғы қондырғыларының машинист-операторы.

Өндірістік қызмет түрлері: жылуландыру қазандықтары. Кәсіпорындардың, қалалар мен елді-мекендердің жылыту жүйелерінің желілері, жылу пунктері, жылумен қамтамасыз ету жабдығы. Түлек ЖЭО, «Петропавл жылу желілері» кәсіпорындарында, қалалар мен елді-мекендердегі жылу пунктерінде жұмыс істей алады. Құрылу сатысындағы жылыту және желдету жүйелерінің жобалау–сметалық құжаттамасын құрады.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл l0 ай (бюджет), жалпы орта білім базасында 2 жыл l0 ай (бюджет).

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Біліктілігі: техник-бағдарламашы.

Қосымша берілетін жұмысшы мамандығы - бағдарламалық қамтамасыз етудің тестілеушісі.

Өндірістік қызмет түрлері: техник-бағдарламашы есептеу орталықтарында, әр түрлі министрліктердің, департаменттердің, кәсіпорындар мен фирмалардың, коммерциялық құрылымдардың ақпаратты өңдеу бөлімдерінде темір жол көлігін БАЖ үшін бағдарламалар құру, ғылыми және экономикалық міндеттерге шешім табу бағытында қызмет атқаратын маман болып табылады.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл l0 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл l0 ай.

Қабылдау ережелері

Қабылдау емтихандары кешенді тестілеу түрінде өткізіледі.

Негізгі орта білім базасында (9 сынып) – математика, қазақ тілі немесе орыс тілі.

Жалпы орта білім базасында (11 сынып) – математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі немесе орыс тілі.

Орта мектептердің ағымдағы жылдағы түлектері ҰБТ сертификатын тапсыруға міндетті емес.

Өтінішке қоса беріледі:

  • Білім туралы құжат (түпнұсқа+ көшірме);
  • Медициналық анықтама (№086-У нысан) +флюоросурет;
  • Нарколог, психиатр;
  • Фотосурет (3 x 4) – 6 дана;
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Тіркелу куәлігінің көшірмесі (ұлдар үшін);
  • Алдын алу екпелерінің картасы;
  • ҰБТ сертификаты.
  • Біздің мекенжайымыз: СҚО, Петропавл қ., Медведев к-сі, 1 (вокзал маңы алаңы).

    Байланыс телефондары:

    8(7152) 38-13-69 - қабылдау комиссиясы;

    8(7152) 38-11-66 - сырттай оқу бөлімі.

    www.pkgt.kz - колледждің сайты

    pkgt@yandex.kz – электрондық пошта

    .
    Подробнее
    Страница 351 из 393