ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






27.11.2018
Салауатты өмір салты

2018 жылдың 27 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Д-11, Л-12, В-11, Л-11, ПО-21және ЭРУ-11 топ студенттерінің 3 қалалық емхананың жалпы практика дәрігерлері М. К.Сарпиевна және Л.Г.Жараямен кездесуі өтті.

Дәрігер М. К. Сарпиева ӨСОА алдын алу бойынша әңгімелесу өткізді. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – бұл әртүрлі экологиялық факторлардың әсерінен туындайтын, оның бастысы темекі шегу болып табылады, тыныс алу жүйесінің созылмалы қабыну ауруы. Ауру созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігінің дамуымен өкпе қызметінің біртіндеп төмендеуімен сипатталады.

Кездесу барысында дәрігер Л. Г. Жарая студенттерге қант диабетінің ерекшеліктері, диабетке әкелетін ішкі және сыртқы факторлар, оның белгілері және осы аурудың алдын алу әдістері туралы айтып берді. Сондай-ақ кездесу барысында әрбір адам қандағы қант деңгейін өлшеуге мүмкіндігі бар екендігін айтты.

Подробнее
23.11.2018
«Әр жол махаббатпен» әдеби кеш

2018 жылдың 23 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Б.Ж.Нұртазинамен «Әр жол махаббатпен» атты әдеби кеш өткізілді.

Іс-шараға Э-11 және ПМ-11 топ студенттері қатысты.

Іс – шараға қатысушылар «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында 2018 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей оқу үшін үш автордың: Шәкәрім Құдайбердиевтің «Үш ақиқат» философиялық трактаты, Бауыржан Момышұлының «Біздің отбасымыз» кітабы, Немат Келімбетовтың «Үмітімді үзгім келмейді» өмірбаяндық повесі танылғанын атап өтті. Бұл шығармалар әр түрлі, бірақ оларды авторлардың қиын тағдыры, өмірдің ауыртпалығы мен қиындығын жеңе білулері байланыстырады.

Іс-шара барысында «Ой мен сөз. Даналық пен батырлық» бейнефильм, интерактивті тақтада слайдттар көрсетілді, оқу залында «Шабыт жаны мен жүрегі» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Подробнее
23.11.2018
«Тілдерді білу - қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды факторы» аймақтық полиглоттар байқауы

2018 жылдың 23 қарашасында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің Тіл және әдебиет институты базасында жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері арасында өткізілген «Тілдерді білу – қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды факторы» аймақтық полиглоттар байқауына Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы қатысты. Байқаудың мақсаты: жастар арасында көптілділікті насихаттау, толеранттылық пен мәдениетаралық байланысты тәрбиелеу.

Команда құрамына Дуйшанбе Азамат (Э-31 топ), Гельцер Виктория (Д-22 топ), Симонов Денис (ОВМ-21) енді.

Байқау қорытындысы бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы І орынды иеленіп, кубокпен және дипломмен марапатталды.

22.11.2018
АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша айлық

15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында «Өз статусыңды біл» ұранымен АИТВ – инфекциясының алдын алу бойынша айлық өтуде.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І–ІІ курс студенттері үшін облыстық наркодиспансер психологы Ю. А. Семеновамен, дерматовенеролог дәрігер Р. С. Великановамен, СӨС қалыптастыру орталығының маманы К. М. Кусаиновамен тақырыптық лекциялар ұйымдастырылып, өткізілді.

21.11.2018
«Біз есірткіге қарсымыз» акциясы

Психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Ж. Байгазина Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І – ІІ курс студенттері үшін интерактивті дәрістер циклін өткізді.

ІІ курс студенттері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы ұйымдастырған «Біз есірткіге қарсымыз» акциясына қатысты. Акция күні студенттер синтетикалық есірткі заттарын таратушылардың 100-ден астам мекен-жайын бояды.

Страница 349 из 445