2014 жылғы 6 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану», «Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандықтары түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде табыс ету өткізілді.
«Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандығы бойынша 37 түлектің ішінде 5 түлек (Староста Е. В., Әбдрахманова Б. Р., Гончарова А. Н., Кельм К. Ю., Кәрімова Е. Б.) үздік үлгідегі диплом алды.
«Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша 67 түлек қалыпты үлгідегі диплом алды.
Салтанатты іс-шара колледж директоры Михаил Леонидович Шатковскийдің, бөлімше меңгерушісі Р. А. Задорожнаяның және директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Ш. Галимулиннің түлектерге ақ жол тілеуімен ашылды.
Колледж түлектері және олардың ата-аналары әкімшілікке және оқытушылар құрамына алғыстарын білдірді.
Жолың болсын, түлек! Бүгін сені диплом алуыңмен құттықтай отыра, оқыған жылдар бойы алған білімің мен іскерлігің еңбек жолыңдағы сенімді тірегің болуын тілегіміз келеді!
2014 ж. 26 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің базасында үнемі қызмет ететін «Т және КБ жас ұстазы мектебі» семинары өтті.
Семинарда баяндама жасағандар:
1. С. М. Семидоцких, ГТК информатика оқытушысы, «Информатика сабақтарында саралап оқыту технологиясын қолдану»;
2. Н. И. Шибанов, ПҚЭК арнайы пәндерінің оқытушысы, «Электрондық оқулықтарды құру»;
3. М. А. Алексеева, ГТК заң пәндерінің оқытушысы, «Заң пәндері сабақтарында ойын технологиясын қолдану».
2014 жылғы 19 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрінің Т және КБ ұйымдары өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге: СҚО білім басқармасының басшысы Ш. Т. Каринова, СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Е. С. Әбілдинов, сондай-ақ Т және КБ оқу орындарының басшылары мен олардың орынбасарлары, Т және КБ оқытушылары (барлығы 180 адам) шақырылды.
Кездесуді Ш. Т. Каринова ашып, Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2014 ж. 17.01 «Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша кеңестің мақсатын тыңдаушыларға жеткізді және насихаттау тобының құрамында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Білім және ғылым вице-министрі Е. Н. Иманғалиевпен таныстырып өтті.
Ш. Т. Каринова Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманың ұзақ мерзімді басымдықтарында көрсетілген білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі міндеттер туралы айтты, ұлттық білім берудің барлық буындарының сапасын жақсарту бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігіне ерекше назар аударды.
Кездесуді Вице-министр Е. Н. Иманғалиев жалғастырып, Қазақстанның болашағы, ең алдымен, қазақстандықтардың әлеуетін ашуға арналған жаңа мүмкіндіктер жасаумен байланысты екендігін атап өтті.
Дамыған Қазақстан – бұл белсенді, білімді, бәсекеге қабілетті азаматтар. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев инженер-техникалық қызметкерлерді даярлауға ерекше назар аудара отырып, білім саласының алдына үлкен міндеттер қояды.
Е. Н. Иманғалиев Т және КБ теориялық дайындығын арттыру қажет екендігі туралы; Германияның, Нидердандының дамыған білім жүйелерімен тәжірибе алмасу туралы; материалдық-техникалық базаны дамыту қажеттігі туралы айтты.
Вице-министр Е. Н. Иманғалиев кездесу барысында танысқан Петропавл темір жол көлігі колледжі материалдық техникалық базасының жоғары деңгейін атап өтті. Осы бағытта ұжымның атқарған жұмысына ризашылығын білдірді.
Осыдан соң демографилық мәселені, оқушылардың жалпы санының, әсіресе солтүстік аймақта азайғанын атап өтті; жан басына қаржыландырудың келешегіне назар аудара отырып, оңтүстік аймақтардағы жастарды тарту туралы айтып кетті.
Әңгіме барысында әлеуметтік серіктестік және мамандарды сапалы даярлау, ИТҚ курстық қайта даярлау мүмкіндіктері жөніндегі; тек қазақ және орыс тілдерін білу ғана емес, бүгінгі күн талап етіп отырған ағылшын тілін білу баса айтылып, Т және КБ жүйесіне үштілділікті енгізу жөніндегі мәселелерге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ ашылып жатқан білім беру орталықтары мен зияткерлік мектептер арқылы Т және КБ оқытушыларының біліктілігін арттыру қажеттігі әңгіме арқауы болды.
Осыдан кейін диалог өтіп, оның барысында түрлі білім ұйымдарының өкілдері ауыл шаруашылығы үшін мамандарды даярлау және еңбек нарығындағы сұранысты зерттеу туралы, білім берудің дуалды жүйесі аясында оқу үдерісін түзету мүмкіндіктері туралы, сағаттарды қысқартуға байланысты мектепте еңбек және технологияны оқытудағы қиындықтар және т.б. туралы сұрақтар қойды.
Сөзін қорытындылай келе, Вице-министр Е. Н. Иманғалиев барлық қатысқандарға алғыс айтып, СҚО білім саласының қызметкерлері Президент қойған міндеттерді іске асыру үшін бар күш-жігерлерін жұмсайтынына сенім білдірді.
2014 жылғы 19 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына арналған «Мәңгілік ғұмырға қадам басқандар» атты салтанатты іс-шара өтті.
Ауған жауынгерлеріне мерейтойлық медальдерді Қорғаныс ісі департаменті бастығының орынбасары К. Г. Рожков табыс етті.
Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушылары Облыстық қолданбалы өнер көрмесіне қатысты. Көрмеге қойылған бұйымдардың ішінде Д-22 топ оқушысы Д. Омарованың жұмысы Республикалық көрмеге жол тартты.
Облыстық көрмеге қатысқандығы үшін Петропавл темір жол көлігі колледжі дипломмен марапатталды.