ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






30.08.2015
Күз сыйы

2015 жылғы 30 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясының күнін мерекелеу аясында С. Мұқанов атындағы кітапхана алдындағы саябақта «Күз сыйы» көрмесі өтті. Петропавл темір жол көлігі колледжі осы іс-шараны өткізуге белсене қатысты. ПТКК шығармашылық қиялы көрме қонықтарына табиғи материалдардан жасалған бұйымдарды, бау-бақшаның сыйын тамашалауды ұсынды.

04.07.2015
ТҮЛЕК-2015

1-3 шілде күндері Петропавл темір жол көлігі колледжінде 2015 жылғы түлектерге дипломдарды табыс ету салтанаты өтті.

«Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (вагондар)» мамандығы бойынша оқыған 60 түлектің ішінде 4 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (локомотивтер)» мамандығы бойынша оқыған 61 түлек қалыпты үлгідегі диплом алды.

«Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша оқыған 54 түлектің ішінде 8 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқыған 16 түлектің ішінде 1 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Газ-мұнай және жанар май құю станцияларын салу және пайдалану» мамандығы бойынша оқыған 21 түлектің ішінде 1 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандығы бойынша оқыған 34 түлек қалыпты үлгідегі диплом алды.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқыған 21 түлек қалыпты үлгідегі диплом алды.

«Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша оқыған 82 түлектің ішінде 2 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

Жолың болсын, түлек! Бүгін сені диплом алуыңмен құттықтай отыра, оқыған жылдар бойы алған білімің мен іскерлігің сенің еңбек жолыңдағы сенімді тірегің болуын тілегіміз келеді!

05.06.2015
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және қолдау аясында СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасы бойынша Есіл өзені пен Пестрое көлінің жағалау аймақтарын тазартуға бағытталған «Таза жағалаулар» акциясы өткізілді.

Бұл іс-шараға Петропавл темір жол көлігі колледжінің бірінші курс студенттері (В-11 және В-12 топ) белсене қатысты.

Біздің студенттерге акциядағы белсенділігі үшін сертификат табыс етілді.

30.05.2015
«Көк тудың астында елтаңба мен гимнімізбен асулардан өтеміз» атты сазды-поэзия сағаты

2015 жылғы 28 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында кітапханашы Г. М. Қабденованың жетекшілігімен «Көк тудың астында елтаңба мен гимнімізбен асулардан өтеміз» атты сазды-поэзия сағаты өтті.

Сазды-поэзия сағатын өткізуге Т-11 топ (сынып жетекшісі Л. Н. Поролло) және ПО-11 топ (сынып жетекшісі В. В. Кревень) студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін, біздің халқымыздың тарихи өткені мен салт-дәстүрін құрмет тұтып, оларға ыстық ықыласпен қарайтынын білдірді, мемлекеттік рәміздер жайлы ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Іс-шараның барысында Қазақстан Республикасының рәміздеріне арналған слайдтар, «Қазақстан Республикасының гимні» бейнеклипі көрсетілді.

22.05.2015
2015 жылғы талапкерлердің назарына!

Қазақстанның үздік колледждерінің бірі - Петропавл темір жол көлігі колледжі 2015-2016 оқу жылына 9 және 11 сыныптар негізінде күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша студенттерді қабылдайтынын хабарлайды.

Қабылдау комиссиясы жұмысын 1 маусымнан бастайды, 2015 ж. 20 маусымнан бастап құжаттар қабылданады.

Колледж темір жол, техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырады:

«Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» (9 және 11 сынып негізінде – коммерциялық оқыту);

«Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»:

- «вагондар» (9 сынып негізінде – бюджеттік және коммерциялық оқыту, 11 сынып негізінде - коммерциялық оқыту);

- «локомотивтер» (9 сынып негізінде –коммерциялық оқыту, 11 сынып негізінде- бюджеттік оқыту);

«Электрмен жабдықтау» (салалар бойынша) (9 сынып негізінде – бюджеттік және коммерциялық оқыту; 11 сынып негізінде- бюджеттік және коммерциялық оқыту);

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (9 және 11 сынып негізінде - коммерциялық оқыту);

«Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» (9 сынып негізінде – бюджеттік және коммерциялық оқыту, 11 сынып негізінде- коммерциялық оқыту);

«Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» (9 сынып негізінде – бюджеттік және коммерциялық оқыту, 11 сынып негізінде- коммерциялық оқыту);

«Есеп және аудит» (9 және 11 сынып негізінде - коммерциялық оқыту).

Біздің мекенжайымыз: Петропавл қ., Ю.Медведев к-сі, 1 (Вокзал алаңы).

Анықтама телефондары: 38-12-91, 38-13-69, сырттай оқу бөлімі: 38-11-66.

ЛИЦЕНЗИЯ №0066788, сериясы АБ 2009 ж. 01.09. Көрсетілетін білім қызметтерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары талаптарына сәйкестігіне колледжді МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ 2014 ж. сәуір өткізілді. Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.

Страница 420 из 445