ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






22.10.2015
Құқық негіздері

2015 жылғы 22 қазан күні «Құқық негіздері» пәні шеңберінде Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері Ювеналдық соттың ашық отырысына қатысты. Отырыста кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс қарастырылды.

17.10.2015
Көңілді және тапқырлар клубы

Петропавл темір жол көлігі колледжінің «ЖД квартал» КВН командасы 2015 ж. 21 қазан күні ОБЖШО-нда облыс әкімінің кубогы үшін өтетін КВН іріктеу фестиваліне қатысады. Солтүстік Қазақстан облысының үздік командаларының ойынын тамашалай аласыздар.

Кіру тегін. Шақыру билеттері таратушыларда.

Өз командаңды қолда!

15.10.2015
Ашық сот отырысы

2015 жылғы 15 қазан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде СҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Н. М. Жәнібекованың, прокурор Д. М. Тұрсыновтың төрағалық етуімен ашық сот отырысы өтті. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 бабын бұзу қарастырылды. Петропавл қ. Ювеналдық полиция басшысы С. С. Саркенов студенттермен алдын алу сұхбатын жүргізді.

01.10.2015
Мұғалімдер күнімен!

Сәлем бердік, ұстаздар, баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамыз да.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең, ұстаздар, құтты болсын!

Осы ғажап күнде қиын да қажетті еңбектеріңіз үшін ең ыстық және жүрекжарды алғыс сөздерді қабыл алыңыздар, қадірлі ұстаздар! Сіздердің өмірлеріңіз әрқашан бақытқа, құлшынысқа және жақсылыққа толы болсын!

Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінде жаңа табыстар тілейміз!

26.09.2015
«Халықтарды біріктірген ел» сазды-поэзия сағаты

2015 жылғы 25 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Халықтарды біріктірген тіл» атты сазды-поэзия сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілін үйренуге, қазақ тілі мен орыс тілі үндестігінің әсемдігін ұғынуға көмектесу еді.

Іс-шараны өткізуге Б-11 топ студенттері (сынып жетекшісі М. А. Айтимбетова) және Б- 21 топ (сынып жетекшісі И. А. Сергеева) қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында көрсетілген тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік саясат ерекше орындардың біріне ие болған мақсаттар мен міндеттерді ашып көрсетті. Тілдерді білу қазіргі, әсіресе жас, келешегінен зор үміт күттіретін және талап етілетін адамға көп тілді қоғамда қанатын қатайтуға мүмкіндік береді. Тілдердің үш тұғырлығы туралы айта отырып, балалар мемлекеттік қазақ тілінің маңыздылығын атап өтті, тілдің саяси-құқықтық мәртебесі Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңда бекітілгенін тілге тиек етті.

Іс-шараны өткізу барысында қазақ, орыс және украин тілдерінде поэзия жолдары оқылды. Интерактивті тақтада слайдтар көрсетілді.

Страница 418 из 445