ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






12.01.2016
«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы

Қазақстан Республикасында қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы бастау алды.

2016 жылғы 12 қаңтар күні облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының залында елдің басты мерекесіне дейінгі уақытты салтанатты түрде кері қарай есептеу басталды. Бұл іс-шараға Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері қатысты (Т-11 топ).

12.01.2016
«Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты дөңгелек үстел

2016 жылғы 11 қаңтар күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты дөңгелек үстел өткізілді. Студенттер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің халықаралық аренада мойындалуын, Қазақстанның бастамалары мен келешекте дамуын талқылады.

12.01.2016
«Үздік студент» байқауы

«Облыстық «Үздік студент» байқауында «Үздік жаңашыл» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Б-32 топ студенті Хорина Татьянаны құттықтаймыз!

31.12.2015
Жаңа жылдарыңызбен!

Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен,

Жаңа жылым, келді бірге бақпенен!

Төрт түлігім түгел болып жерімде,

Арылмасын дастарқаннан ақ деген!

Жаңа жылым, жарқын жүзді жандарым,

Жаңа жылым, әрбір атқан таңдарым!

Үміт артқан болашаққа ақ жарқын,

Сөнбесінші әр үйдегі шамдарың!

Құрметті достар!

Жарқын және көңілді мереке Жаңа жыл келе жатыр! Осы жыл сіздерге мол бақыт, табыс, қуаныш, мейірім мен жақсылық әкелсін. Қанық бояуларымен өмірге сән беріп, сүйінші хабарлар мен қызық-қуанышқа толы болсын.

Сіздердің шаңырақтарыңыздан береке, денсаулық пен бақыт кетпесін. Жақын адамдарыңыздың мейірімі мен махаббаты ең қиын сәттерде жүректеріңізге жылу берсін!

Жаңа жыл ең бағалы, ең асылды ғана тарту етсін! Жаңа жылдарыңызбен!

30.12.2015
«Қазақ тілін оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2015 жылғы 23 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Қазақ тілін оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары, білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Г.М. Набиева қатысты.

Баяндама жасағандар:

1. Оқытушы Д. Ж. Ақышова, «Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі»;

2. Оқытушы А. С. Оспанова, «Кәсіби қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы студенттердің кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру»;

3. Оқытушы Р. С. Жамулдинова, «Студенттердің білім сапасын жетілдіру үшін мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқытудың тиімді әдістерін қолдану»;

4. Оқытушы Ж. С. Мусина, «Студенттердің жеке және кәсіби тұрғыдан қазақ тілін үйренуге қызығушылықтарын қалыптастыру».

Страница 414 из 445