2016 жылғы 05 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері Петропавл ст. локомотив депосының мұражайына барды.
10 мыңнан астам жәдігер: тұңғыш машинистердің өмірбаяндары мен суреттері, өткен жылдардан қалған бөлшектер мен жабдықтар балалардың назарына ұсынылды. Мұражай үшін XIX ғасырдың соңындағы мұрағат құжаты – темір жол төсемі құрылысы басшысының жеделхаты аса құнды. Онда пойыздар қозғалысының басталуы туралы айтылған. Тұңғыш пойыз Петропавл станциясының перронынан осыдан 120 жыл бұрын жөнелтілген болатын.
2016 жылғы 11 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Кәсіптік және техникалық білім деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің ерекшеліктері және жасөспірімдер мен жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас мамандары Р. С. Байжанов және С. О. Айдарбеков; Білім басқармасының маманы Б. Ж. Зейнуллин; Петропавл қ. колледждері директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға қатысты мәселелер, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұйымдастырушылық–құқықтық шаралар қарастырылды; «Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес» арнайы курсының бағдарламасы ұсынылды.
2016 жылғы 05 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран «ЭКСПО-2017 – Қазақстанның болашағы – «болашақ энергиясы» атты газет-журнал мақалаларын библиографилық шолу өткізді.
Іс-шараны өткізуге ДМ-21 топ (сынып жетекшісі Н. А. Бегімова), Э-21 топ (сынып жетекшісі Д. Т. Аусиилов) қатысты.
Студенттерге алда тұрған оқиға – «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы ақпарат берілді. «Болашақ энергиясы» атты көрме - біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологияларға қол жеткізуге берілген ұлы мүмкіндік. Жаһандық мағынада ЭКСПО-2017 болашақ ұрпаққа деген баға жетпес мұра, бұл экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік салада, білім тұрғысынан маңызға ие тарихи оқиға.
Іс-шараны өткізу барысында интербелсенді тақтада «Астана город будущего ЕХРО-2017», «Как будет выглядеть здание Сфера ЕХРО-2017», «Репортаж о ТОО Сапро-НАТ» бейнефильмдері көрсетілді.
Оқу залында «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясының көзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ұлы Отан соғысындағы оқиғалар біздің халқымыздың тарихында жеңіс, қаһармандық және қасірет беттері болып қалды. Осындай оқиғалардың бірі Ленинград қоршауы еді. Бұл табандылық пен ерлікке толы ұзақ 900 күн болатын. Жыл сайын 27 қаңтар күні Ленинградтың фашистік қоршаудан толық босаған күні аталып өтіледі.
2016 жылғы 29 қаңтар күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран Ленинград қаласының қоршаудан босаған күніне арналған «Ленинград, сенің ерлігің өшпейді» атты әдебиетке шолу өткізді.
Ленинградтықтардың басынан өткерген күндер жайлы естелік сақтайтын кітаптар өте құнды. Қоршауды басынан өткергендердің өз естеліктері, өз тағдыры бар, бірақ барлық ленинградтықтар үшін ортақ - жеңіс үшін күрес, өмір үшін күрес. Қала тірлігін тоқтатпады, қала соғысты! Қала аянбай қарсы тұрып, беріспеді!
Іс-шараны өткізуге Д-11 (сынып жетекшісі Е. Ф. Баймышева) және Д-22 (сынып жетекшісі Р. Х. Курбанов) топ студенттері қатысты.
Іс-шараны өткізу барысында соғыс жылдары жазылған поэзия жолдары оқылды. Бұл Ольга Берггольцтің, Жамбыл Жабаевтың тамаша әрі ұмытылмас өлең шумақтары. Интербелсенді тақтада «900 дней и ночей блокады Ленинграда», «Вспоминая блокаду» бейнефильмдері көрсетілді.
Оқу залында «Қоршауда қалған 900 күн» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2016 жылғы 28 қаңтар күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде кітапханашы С. А. Махина Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен Қазақстан азаматымын» атты викторина өткізді.
Іс-шараны өткізуге В-11 (сынып жетекшісі В. В. Филитов) және Б-11 (сынып жетекшісі А. С. Оспанова) топ студенттері қатысты.
Қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен, оның негізгі ережелерімен, Қазақстан Респубикасы азаматтарының құқықтары және міндеттерімен таныстыру, құқықтық білім, саяси ұғымдар мен заң терминдерін түсіну деңгейлерін тексеру іс-шараның мақсаты етіп қойылды.
Құқықтық байқау барысында студенттерге бірнеше кезең ұсынылды:
1. Командаларды құқықтық ширату;
2. «Өз еліңнің Конституциясын білесің бе?» атты жанкүйерлерге арналған викторина;
3. ҚР азаматының құқықтары мен міндеттерін білуді сынға салатын командаларға арналған тәжірибелік тапсырма.
Іс-шараға қатысушылар байқауда асқан белсенділік танытып, конституциялық құқық бойынша жақсы білімдерін көрсетті.
Кітапхананың оқу залында «Әркімге құқықтық білім керек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.