2015 жылғы 15 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде кітапхана меңгерушісі Г.М. Қабденова Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған «Тәуелсіздіктің ұландары» атты ұлттық тарих сағатын өткізді.
Іс-шараны өткізуге ДМ-11 (сынып жетекшісі К. Ж. Нашарбаева), Д-11 (сынып жетекшісі Е. Ф. Баймышева) топ студенттері қатысты.
Қатысушылар 16 желтоқсан күні біздің еліміз басты ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтетіндігін айтып өтті. Бұл күн жаңа тарихқа бастама берді: өткен 24 жыл ішінде әлем аренасына тұрақты, экономикалық қуатты, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет шықты, ал оған арқау болған бейбітшілік, тұрақтылық және қоғамдық келісім. Қысқа уақыттың ішінде егемен республика халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы мүшесіне айналып, дамыған елдермен тығыз байланыс орнатты. Бұлардың барлығы – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың салиқалы дана мемлекеттік саясатының нәтижесі.
Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп, өз мәдениетін, тілін, діні мен салт-дәстүрлерін өркендетуге мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда республиканың әр азаматы өз тәуелсіздігін мақтан тұтады.
Іс-шараны өткізу барысында Қазақстанның тәуелсіздікке келген жолы көрініс тапқан слайдтар, «Қазақстан Республикасының Гимні» бейнебаяны көрсетіліп, «Домбыра», Б. Тілеуханның «Елім менің» аудио сүйемелдеуі орындалды. Кітапхананың оқу залында «Бірыңғай Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жүрекжарды құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Тәуелсіздік күні – қазіргі Қазақстанның ұлттық мерекесі. Ол жаңа егемен және тәуелсіз ел – Қазақстан Республикасының өмірге келген күнін белгілейді.
Сіздерге бейбітшілік, бар жақсылықты, әл-ауқаттың артуын және еліміздің игілігі үшін биік белестерді бағындыруды тілейміз. Әр күндеріңіз жемісті болып, әр ісіңіз біздің шаңырағымыздың бақытты болашағына мызғымас кепілдік берсін.
Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға бақыт, денсаулық және өркендеу тілейміз!
2015 жылғы 11 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы екінші курс студенттерінің арасында «Біз сайлаушылармыз» атты іскерлік ойыны өткізілді.
Аталған іс-шара Әлеуметтік-экономикалық пәндер апталығының шеңберінде ұйымдастырылған болатын. Ойын қорытындылары бойынша бірінші орынды Л-21 топ, екінші және үшінші орынды В-21 және В-22 топ командалары иеленді.
2015 жылғы 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдығы қарсаңында Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» тақырыбында студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты студенттердің шығармашылық белсенділігін және зерттеу қызметін дамыту еді. Конференцияға «Электрмен қамтамасыз ету», «Есеп және аудит», «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандықтарының бірінші және екінші курс студенттері қатысты. Конференция жұмысының барысында балалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының, халықаралық қатынастарының және спорттық жетістіктерінің өзекті мәселелерін қозғады.
2015 жылғы 9 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Қазақстан Республикасының Президенті: Конституция және жаңа Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, онда бірінші курс студенттері Тәуелсіз Қазақстанның құрылуындағы Президенттің рөлін талқылауға қатысты. Чен Наталья мен Борзыкина Екатеринаның (Б-11 топ), Масенко Ильяның (В-11), Амиршоев Алишердің (Э-12), Шерстов Дмитрийдің (Э-12 топ) баяндамалары мазмұнды деп танылды.