ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






17.03.2026
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

2026 жылғы 17 наурызда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында Наурыз мейрамына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке құрметпен қарауды қалыптастыру, студенттер арасында патриотизм, бірлік пен достық сезімін тәрбиелеу. Наурыз – жаңару, гүлдену, мейірім, жылулық пен жарықтың мерекесі. Іс-шара барысында студенттер осы жарқын мейрамның тарихымен, оны атап өту дәстүрлерімен және Қазақстан халқы үшін маңызымен танысты. Кейін бірнеше кезеңнен тұратын викторина өткізілді. Онда қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін көрсетіп, белсенділік пен қызығушылық танытты. Кеш соңында «шашу» ұлттық дәстүрі өткізілді. Бұл іс-шараның жарқын әрі есте қаларлық сәтіне айналды.

17.03.2026
«Нұр Наурыз – халық тойы» ұлттық ойындар сайысы (Асық ойнау, Тоғыз құмалақ)

2026 жылғы 17 наурызда Байкен Ашимов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Нұр Наурыз – халық тойы» атты ұлттық ойындар сайысы өтті.

Іс-шара студенттерге мәдени мұраға құрметпен қарауды қалыптастыру, ұлттық ойындарға қызығушылықты арттыру және бірлік сезімін нығайтуға бағытталды. Мерекелік іс-шараға С-11 және С-12 топтарының студенттері қатысты. Қатысушылар Наурыз мерекесі, оның дәстүрлері және ұлттық ойындарды өткізу ережелері туралы тақырыптық бейнематериалмен танысты.

Бейнематериалды көргеннен кейін студенттер тоғыз құмалақ пен асық ойнап, шеберліктерін және тапқырлықтарын көрсетті.

Іс-шараның соңында қатысушылармен викторина өткізіліп, онда студенттер көктемгі күн мен түннің теңесу мерекесін.атап өту дәстүрлеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Іс-шара ұлттық мұра мен дәстүрлерге қызығушылықты арттыруға септігін тигізді.

17.03.2026
Құқық бұзушылықтың алдын алу: студенттердің сотталғандармен телекөпір

2026 жылғы 17 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің бірінші курс студенттері «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында жазасын өтеп жатқан сотталғандармен телекөпір ұйымдастырылды.

Кездесу кезінде студенттер сотталғандарға сұрақтар қойып, олардың өмір жолы, құқық бұзушылық жасау себептері және бір кездері қабылданған шешімдердің салдары туралы білді. Сотталғандар өздерінің жеке оқиғаларымен бөлісіп, жіберілген қателіктер мен ойланбай жасалған әрекеттер адамның өмірін қалай өзгертуі мүмкін екенін айтып берді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Мұндай кездесулер студенттерге заңды сақтаудың маңыздылығын, бостандықтың қадірін және өмірде дұрыс, саналы шешім қабылдау қажеттігін түсінуге көмектеседі.

16.03.2026
«Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!» бейне шолуы Бауырсақ тарту «Наурыз – құт – береке бастауы!»

2025 жылдың 16 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде оқытушылар мен студенттер «Наурыз – құт – береке бастауы!» тауырсақ тарту өткізді. Мақсаты - қазақ ұлттық тағамдарын, оның ішінде ұлттық тағамдарды, ұмытылған игі дәстүрлерді жаңғырту және дәріптеу. Іс-шараға Э-11, Б-11 топ студенттері қатысты. Мерекелік іс-шарада колледж оқытушыларына, қызметкерлеріне, студенттеріне дәмді бауырсақ пен тәттілер тарту етілді. Студенттерге Наурыз мейрамына арналған слайдтар мен бейнематериалдардан тұратын «Наурыз - ұлыстың ұлы күні» бейне шолуы ұсынылды.

16.03.2026
Дебат турнирі «Қазіргі Қазақстан жастары арасындағы патриотизм – шындық па, әлде миф пе?»

2026 жылғы 16 наурызда Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде колледж студенттері арасында «Қазіргі Қазақстан жастары арасындағы патриотизм – шындық па, әлде миф пе?» тақырыбында дебат турнирі өтті. Іс-шараның мақсаты – бүгінгі жас ұрпақтың өз еліне деген сүйіспеншілігін, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрметін қаншалықты көрсететінін талқылау болды.

Дебат барысында студенттер жастардың қоғамдық өмірге, волонтерлік қозғалыстарға, мәдени және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуының мысалдарын келтірді. Олардың пікірінше, жастар өз елінің тарихына қызығушылық танытып, мемлекеттік бастамаларды қолдайды және Қазақстанның дамуына үлес қосуға ұмтылады. Сонымен қатар қатысушылар кейбір мәселелерді де талқылап, жастардың бір бөлігі шетел мәдениетіне көбірек бағдарланып, әрдайым белсенді азаматтық ұстаным таныта бермейтінін атап өтті.

<< < 2 3 456> >>
Страница 4 из 451