
2026 жылғы 10 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына арналған кураторлық сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметімен таныстыру, Қазақстанның тарихи мұрасына деген құрметті қалыптастыру, патриоттық сезімді тәрбиелеу және өз елінің тарихына қызығушылықты арттыру болды. Студенттерге Әлихан Бөкейхан тұлғасының Қазақстан тарихындағы маңызы туралы айтылды. Олар оның өмірінің негізгі кезеңдерімен: балалық шағы, білімі, ғылыми қызметі және елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуы туралы мәлімет алды. Сондай-ақ оның Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметін құрудағы рөліне ерекше назар аударылды. Өткізілген кураторлық сағаттың нәтижесінде студенттер Қазақстан тарихы туралы білімдерін кеңейтіп, Әлихан Бөкейханның ұлттық-азаттық қозғалыстағы рөлі туралы тың мәліметтер алды.



Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің еріктілері жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсету акциясына қатысуды жалғастыруда.
Надежда Ивановна Семашкоға көмектескен ПО-11 топ студенттері Саттаров Валерийге, Солдатов Егор мен Очхикидзе Артемге алғыс айтамыз.



2026 жылғы 5 наурызда Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында колледж директоры Анатолий Павлович Фурманюк әйелдер ұжымын және студент қыздарды құттықтап, оқуда табыс, кәсіби өсу және көктемгі көтеріңкі көңіл-күй тіледі. Колледж оқытушылары мен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Акт залы нағыз шығармашылық алаңға айналды: студенттеріміз керемет музыкалық нөмірлер дайындап, бейнеролик ұсынылды, сондай-ақ Ақан сері атындағы облыстық филармонияның «Туған жер» ансамблі жалынды билерімен өнер көрсетті. Кеш барысында шынайы күлкі де, қадірлі оқытушыларымыз бен студент қыздардың қуаныштан төгілген көз жастары да болды.
Ұйымдастырушыларға сыйлаған мерекелік көңіл-күйі мен жылы атмосферасы үшін алғыс айтамыз! Құрметті арулар, мерекелеріңізбен! Сіздердің күш-қуаттарыңыз ешқашан сарқылмасын, ал әр күніңіз жағымды тосынсыйлар мен жаңа жетістіктерге шабыт әкелсін!

2026 жылғы 3 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері 15 наурызда өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында жастар флешмобына қатысты.
Іс-шараның мақсаты - жастардың жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыру және студенттік қоғамдастықты елдің қоғамдық өміріне тарту.

2026 жылғы 3 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Сұлулық – қорқынышты күш» атты байқау бағдарламасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты — әйелдерге құрмет көрсету, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және студенттік ұжымды біріктіру. Мерекелік бағдарлама жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қыздар тапқырлыққа, шығармашылыққа және іскерлікке арналған түрлі байқауларға белсене қатысып, өздерінің таланттары мен алғырлықтарын көрсетті.
Жігіттер де қатысушыларды белсенді қолдап, құттықтаулар дайындап, ерекше құрмет пен көңіл бөлу атмосферасын қалыптастырды. Соның нәтижесінде кеш шынайы мерекелік әрі есте қаларлықтай өтті.