«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты» және Петропавл темір жол көлігі колледжі арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалған. Шарттың мәні техникалық және кәсіптік білім мекемелері инженер-педагогикалық қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруға арналған қысқа мерзімдік курстар кезінде практикалық сабақтар өткізу бойынша бекітілген білім беру бағдарламаларына сәйкес бірлескен қызмет болып табылады.
2015 жылғы 4 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Баймышева Елена Федоровна біліктілікті арттыру курстары тыңдаушылары – облыс колледждерінің арнайы пәндер оқытушылары үшін ашық сабақ өткізді.
«Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде болатын апатты жағдайларды жою тәртібі» тақырыбындағы сабақты өткізген кезде «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығының 4 курс студенттері «Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру» пәні бойынша үздік теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Сабаққа қатысқан оқытушылар сабақтың өте оңтайлы құрылымын, кәсіби бағытталғандығын, АКТ тиімді қолданылғандығын, студенттердің жақсы дайындығы мен сабақтағы белсенділігін атап өтті.
2015 жылғы 26 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесте келесі мәселелер қарастырылды:
1. Педагогикалық ұжым жұмысының 2014-2015 оқу жылының 1 семестріндегі қорытындылары және 2 семестріндегі міндеттері;
2. Жалпы гуманитарлық пәндер сабақтарында студенттердің танымдық қызметін жандандыру жолдары;
3. Колледж студенттерінің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу.
2015 жылғы 23 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында кітапханашы Г. М. Қабденова қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған «Ғасырлық салт-дәстүрлерді жаңғыртамыз» атты ұлттық мәдениет сағатын өткізді.
Іс-шара өткізуге В-11 және Л-11 топ оқушылары қатысты.
Өнер көрсеткендер жастардың ұлттық мәдениетке қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтіп, қазақ отбасындағы дәстүрлер туралы, қоғамда өзін-өзі ұстау әдебі, қазақ халқының «Қызкөру», «Құда түсу», «Үйлену той», «Отаукөтеру», «Қалжа», «Тұсаукесу» сияқты ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жол-жоралары жайлы әңгімелеп берді.
Интерактивтік тақтада қазақ күйімен сүйемелдене отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы слайдтар, «Қызқуу»,бәйге, тоғызқұмалақ және т.б. қазақ халқының ұлттық ойындары туралы қысқа метражды фильмдер көрсетілді.
Оқу залында «Халық даналығының көзі» кітап көрмесі дайындалды.
Ақпанның 9-ынан бастап 15-іне дейінгі аралықта Қарағанды қаласында 1997-1998 жылы туған жастар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті. Қарағандыдағы турнирге елдің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Республикалық турнирде Солтүстік Қазақстан облысының намысын 8 спортшы қорғады, бірақ екеуі ғана жеңіс тұғырына көтеріле алды. Олар - Николай Чебаков және Азат Илюбаев.
Николай Чебаков Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенті болып табылады. Бокс мектебіне шамамен үш жыл бұрын келген. Бүгін Николай белгілі боксшы Жанат Жакияновтың жетекшілігімен жаттығып жүр. Өткен жарыстарда дайындықтың жақсы деңгейін көрсетіп, Николай үшінші орынды иеленген болатын. 91 килограммнан астам салмақ дәрежесінде шыққан Николай үшін бокстан ҚР жастар чемпионатының қоласы алғашқы елеулі жетістігі болып отыр.
Николайды жеңісімен құттықтаймыз
2015 ж. 13 ақпан күні Мұқағали Мақатаев атындағы «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты қалалық ақындар айтысына Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері Хыдырова Қаламқас пен Зияханов Оңарбек (Э-23 топ) қатысты.
Байқау нәтижелері бойынша Хыдырова Қаламқас ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Зияханов Оңарбек Алғыс хатпен аталып өтілді.