2017 жылғы 15 желтоқсан күні Тараз қаласында зерттеу жұмыстарының республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» атты этномәдени форумы onlinе-режимінде өтті. Форум Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналды. Форум мақсаты: Қазақстан халқының мәдениетін және ұлттық кодын сақтау үшін білім беру ұйымдарының оқытушылары мен білім алушыларының зерттеушілік және зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау.
Іс-шараның нәтижесінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І курс студенті Мелькова Дарья (Б-11 топ) «СҚО қоныс аударушыларының тарихы» атты жұмыс үшін Дипломды иеленді. Денисюк Виктор және Клёцин Никита (ЭРУ-11 топ), жасаған «Петропавл қаласының тарихындағы халық топонимдері» атты жұмыстар үшін Сертификаттарды алды.
Зерттеу жұмыстарының жетекшісі Журавлева Валентина Георгиевна Дипломмен марапатталды.
Барлық зерттеу жұмыстары 2018 жылғы «БІЛІМ.KZ» журналының нөмірінде жарияланады.
Жаңа Жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын Жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілейміз.
Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.
2018 жыл – Ит жылы адал еңбекті, шыдамдылықты, алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын талап етеді. Позитивті көңіл-күйді, ойын-сауықты жақсы көреді. Жаңа жылмен ең ізгі құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Ит жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!
Б-11, ДСП-11, ПО-11, ЭРУ-11, ОВ-11, СГО-11, ПВ-11, Д-11, Д-21, Д-22, Д-23, Э-21, Э-22, Л-21, Л-22, ДМ-21, Т-21, В-21 топтарға игі тілектері үшін алғысымызды білдіреміз.
2017 жылы 28 желтоқсан күні кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана – жаңа дәуірдің нышаны» атты сазды-поэтикалық сағат өткізді.
Іс-шараны өткізуге В-21топ және ПМ-11 топ студенттері қатысты.
Астана әлемдік деңгейіндегі гүлденген және әдемі қалаға айналды. Бүкіл әлемге өзінің жоғары әлеуеті мен мүмкіндіктерін танытып, жасампаздық пен даму жолында сенімді қадаммен келе жатқан Астана – Қазақстанның ұлттық мақтанышы болып табылады.
Студенттерге интербелсенді тақтада «Астана – 20 лет преображения» бейнефильмі, Н.Ә. Назарбаев сөзіне жазған «Город мой» өлеңінің бейнеклипі, слайдтар көрсетілді.
Желтоқсанның 22-сінен 27-сіне дейін аралығында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде 1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының апталығы өтті.
Мамандық апталығы аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
– І және ІІ курс студенттеріне арналған жылжымалы құрамды дамыту болашағы туралы бейнефильмдерді көрсету;
– мамандықтың IV курс студенттері қатысқан ғылыми-тәжірибелік конференция. Студенттер Э. Кукежан, Е. Наби, М. Шляйнинг өткен өндірістік-технологиялық тәжірибенің қорытындылары туралы мәлімдеме жасады. Конференцияның жұмысына «РЖД» ААҚ филиалы Оңтүстік-Орал темір жолы Петропавл бөлімшесі ВЧД-4 кәсіпорнының инженері В. В. Сердюк, арнайы пәндер оқытушылары А. В. Ионов, Д. В. Кириллов, В. Г. Смирнов, Н. П. Никитина, Л. Н Поролло қатысты.
– «РЖД» ААҚ филиалы Оңтүстік-Орал темір жолы Петропавл бөлімшесі ВЧД-4 кәсіпорнына саяхат, ІІ және ІІІ курс студенттері әлеуметтік серіктестерімен кездесті;
– «Жылжымалы құрамды пайдаланудың мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы ғылыми жобаларды қорғау.