ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






12.03.2020
«Есімдері біздің жадымызда» викторина

2020 жылдың 12 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г. М. Кабденовамен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Есімдері біздің жадымызда» викторинасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтау, тарихи өткенге ұқыпты қарауға тәрбиелеу, тұлғаның рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру.

Викторина ережелері бойынша студенттерге таңдау үшін санаттар ұсынылды: «Күндер мен сандар», «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында», «Адамдар мен оқиғалар», «Соғыс өлең жолдары мен әндерде», «Мақалды жалғастырыңдар». Әр санат күрделілік деңгейі әр түрлі 5 сұрақтан тұрды. Викторина қатысушылары, В-11 және ПО-11 топтарының студенттері Ұлы Отан соғысы туралы жақсы білім деңгейін көрсетіп, сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.

Іс-шара барысында бейнефильмдер көрсетілді: «Ұлы Отан соғысы хроникасы», «Есімізде сақтаймыз. Мақтан тұтамыз». Кітапхананың оқу залында кітап көрмесі ұйымдастырылды: «Ерлік ғасырлар бойы өмір сүреді».

12.03.2020
«Өндірістік технологиялық тәжірибенің қорытындысы» өндірістік техникалық конференция

2020 жылдың 12 наурызында «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының апталығы аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Өндірістік технологиялық тәжірибенің қорытындысы» тақырыбына өндірістік техникалық конференция өткізілді.

IV курс студенттері колледждің әлеуметтік серіктестері кәсіпорындарында тәжірибеден өту орындары туралы баяндамалар дайындады:

– Шиманская Ю. Ю. («Казахстан Темiр жолы» ҰК, Тайынша станциясы);

– Лукашова Д. В. (Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі, Мамлютка станциясы);

– Жанкобаев Д. Ж. – (Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі, Кондратовка станциясы);

– Кравченко Я. Ю. – (Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі, Тоқшын станциясы).

Техникалық конференцияға қонақтар ретінде Петропавл стансасының техникалық бөлімінің технологы Хисамутдинова Р. Х. және Петропавл стансасының жұп паркінің сигналшысы Зверковский Д. М. шақырылды.

Студенттер конференция жұмысына белсенді қатысып, баяндамашыларға сұрақтар қойды,станция бойынша кезекшінің, тауар кассирлерінің, орталықтандыру постының операторының жұмыс ерекшеліктерімен, сондай-ақ поездық және маневрлік жұмыста ақау жағдайларына және жарақаттану жағдайларына әкелуі мүмкін бұзушылықтардың негізгі түрлерімен танысты.

Конференция сенімді және толық өзара түсіністікпен өтті, өйткені шақырылған қонақтар біздің колледждің түлектері болып табылады.

11.03.2020
Мамандықтар апталығы

2020 жылдың 11 наурызында Мамандықтар апталығының екінші күні «Қауіпсіздік күні» ұранымен өтті. Оқытушылар Н. В. Набадчикова мен Т. А. Шустованың жетекшілігімен IV курс студенттері үшін «Дабыл сигналы» іс-шарасы дайындалды. Студенттерге темір жол жолдарында болған кездегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы бейнеролик және 2020 жылдың басынан бері теміржол көлігінде болған апаттық жағдайлар мен балалардың жарақаттануы туралы презентация көрсетілді.

«Қауіпсіздік күні» сияқты іс-шараларды өткізу кәсіби мүдделердің дамуына ықпал етеді, студенттердің атқаратын жұмысы мен қозғалыс қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілік сезімін оятады.

Осы күні II және III курс топтары үшін арнайы пәндер оқытушылары Е. Ф. Баймышева мен Н. И. Донец станцияның жұмыс объектілеріне және оқу полигонына экскурсия өткізді.

10.03.2020
Мамандықтар апталығы

2020 жылдың 10 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде "Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" мамандығының апталығы басталды.

Мамандық апталығының ашылуы мамандық бойынша техникалық әдебиеттер көрмесінен және арнайы пәндер оқытушылары Е. Ф. Баймышеваның, Н. И. Донецтің, Т. А. Шустованың, Н. В. Набадчикованың әзірлеген техникалық бюллетендер байқауынан басталды. Көрмеге Д-21 және Д-32 топтарының оқу тәжірибесі бойынша есептері мен Республикалық «Түрксіб» олимпиадасына қатысқан студенттердің шығармашылық жұмыстары қойылды.

Осы күні мамандықтың барлық топтарында «Менің мамандығым – қозғаушы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарын өткізуге белсенді қатысқан студенттер темір жол құрылысының тарихы, пойыз қозғалысымен байланысты қызметкерлердің жетекші мамандықтары, олардың жұмыс орындары туралы әңгімеледі.

06.03.2020
«Кәмелетке толмағандар арасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық» дәрісі

2020 жылдың 6 наурызында Петропавл қ. ІІБ КҚПБ МЮП инспекторы полиция майоры А. Ш. Шаймергенова Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері үшін (Л–11 және ПО–11 топтар) «Кәмелетке толмағандар арасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыбында дәріс оқыды.

Жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу колледждің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Бұл мәселеде салауатты өмір салтын насихаттау да маңызды рөл атқарады. Негізгі өмірлік құндылықтарды және бағдарлары қалыптаспаған жас ұрпақ әлсіз буын болып табылады, оларға айла-шарғы жасау оңай, олар салдарлар туралы ойламай, жиі азғыруға беріледі. Әдетте, ерте жастан жолдан тайған адамдар болашақта жиі қылмыскерлер болады, сондықтан қылмыс пен құқық бұзушылықтың ерте алдын алу жастармен байланысты барлық адамдардың, оқытушылардың, жаттықтырушылардың, басшылардың және, әрине, мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады, өйткені дені сау, заңға бағынышты және дұрыс бағытталған жас ұрпақ елдің негізгі тірегі.

Страница 340 из 475