ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






20.03.2019
Жалпы гуманитарлық пәндер циклінің апталығы

Наурыз – жанданудың, сүйіспеншіліктің, құнарлық пен достықтың нышаны. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде 15-20 наурыз аралығында Наурыз мерекесіне арналған жалпы гуманитарлық пәндер циклінің апталығы өткізіледі.

15 наурыз Апталық аясында «Наурыз» тақырыбына қабырға газетінің байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша: I орын – Д-11, II орын – Б-11, Т-11, III орын – ЭРУ-11, ПО-11.

16 наурыз оқытушы Н. А. Бегимовамен «Тоғыз құмалақ», «Асық ойнау» ұлттық ойындар өткізілді. Ойынға қатысушылар Л-12 және Т-11 топ студенттері. Ойын жеңімпаздары: Дулат Данияр (Л-12 топ), Слободяк Кирилл (Л-12 топ).

Түркі тілдес халықтарында мықты әрі қайсар бозбалалар жігіт болып саналады. Дәстүр бойынша ғажайып Наурыз мерекесі қарсаңында «Жігіт сұлтаны» деп аталатын ең білімді, өнертапқыштық, талантты жас адам таңдалды.

18 наурызда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Қ.Қабденовамен «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізілді. «Жігіт сұлтаны» атағына СТС-21, Б-21, ПО-21 топ студенттері күш сынасты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

Сайыс қорытындысы бойынша Андрейчиков Николай – бірінші орын, Бекижанов Тимур – екінші орын, Бунков Роман – үшінші орын алды. Сонымен қатар Андрейчиков Николай «Сері жігіт» номинациясын, Бекижанов Тимур «Батыр жігіт»номинациясын ие болды, ал Арасланов Габит «Көсем жігіт» номинациясының жеңімпаза атанды. Сайыс жүргізушісі Б-21 топ студенттері Боздорев Кирилл және Құнанбай Венера болды. Б-21 топ студенттері Смирнова Мария және Славуцкая Ксения «Туған жер», «Незабудка» әндерін орындалды.

Жалпы гуманитарлық пәндер циклінің апталығының жалғасы «Қошкелдің, Наурыз!» әдеби-сазды кешпен 19 наурыз жалғасын тапты.

Іс-шара барысында қазақ халқының бірнеше әдемі салт-дәстүрлері «Тұсау кесу», «Арқан тарту» көрсетілді. Колледж студенттері әр түрлі тілдерде ән айтып, өз таланттарын көрсетті. Іс-шаралар өткізуге Михаил Лахтиннің жетекшілігімен құрылған «Мәңгілік» би ансамблі көп көмек көрсетеді. Бұл би ансамбілінің құрамында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері де бар: Дүйшанбе Азамат, Падалкин Дмитрий, Родин Владислав, Бабыкпаев Кирилл.

Кеш қонағы ретінде «Бала шабыты» атты Халықаралық байқаудың лауреаты Омарова Эльмира бірнеше ән шырқады.

Кешті өткізуге 1 және 2 курс студенттері қатысты (Д-11, ДМ-11, Б-11, Д-22, Т-11, Э-22, ПО-11, Л-12).

20 наурыз оқытушы А. Б. Сулейменовамен Э-22 топпен «Қазақ дастарханы» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Қазақстан – көпұлтты Тәуелсіз мемлекет туралы білім мен түсініктерді тереңдету және кеңейту; біздің Отанымыз үшін таңданыс пен мақтаныш сезімін туғызу.

Подробнее
15.03.2019
«Ұлы күн – Наурыз» танымдық сағат

2019 жылдың 15 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Б.Ж.Нұртазинамен «Ұлы күн – Наурыз» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара өткізуге Т-11, Л-21, Э-22 топ студенттері қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында қатысушылар ежелгі Наурыз мерекесі рухани жаңарудың, саяси тұрақтылықты нығайтудың, Қазақстандық қоғамдағы достық пен келісімді нығайтудың маңызды құралы болып табылатындығын айтты. Студенттер қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқып, викторинаға белсене қатысты.

Интерактивті тақтада слайдтар, бейнефильмдер көрсетілді: «Наурыз-жаңару мерекесі, жаңа өмірдің басталуы», ән клиптері: «Наурыз мейрамы» А. Жорабаева, «Наурыз» Р. Рымбаева, «Төрлет, Наурыз».

Кітапхананың оқу залында кітап көрмесі ұйымдастырылды: «Наурыз – традиция веков».

15.03.2019
«Жастар: кәсіби болашақтың траекториясы» облыстық студенттік форум

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі базасында «Жастар: кәсіптік болашақ траекториясы» атты облыстық студенттік форум өтті. Оған аймақтың 16 оқу орындарының өкілдері қатысты.

14.03.2019
«Жастар: кәсіби болашақтың траекториясы» облыстық студенттік форум

2019 жылдың 14 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі базасында «Жастар: кәсіптік болашақ траекториясы» атты облыстық студенттік форум өтті, бұған Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, мектеп оқушылары қатысты.

Форум жұмысы келесі бағыттар бойынша тақырыптық алаңдар шеңберінде түрлі форматтағы іс-шараларды біріктірді:

1. «IT-технологиялар кәсіби қызметте табыс факторы ретінде»;

2. «Жастар мен бизнес: табысқа алғашқы қадамдар»;

3. «Қазақстанның отын-энергетика саласы: қазіргісі және болашағы»;

4. «Техникалық шығармашылық үйірмелерінің қызметі арқылы кәсіби шеберлікті дамыту»;

5. «Студенттердің кәсіби-тұлғалық қасиеттерін дамыту»;

6. «Кәсіби тәжірибеден өту кезінде өндірістік жағдайларды модельдеу кәсіби қызметке дайындық факторы ретінде».

Форум аясында техникалық шығармашылық көрмесі өткізілді. Форум алаңдарында студент жастары болашақ кәсіби қызметке дайындықтың, елдің инновациялық дамуының, жастар кәсіпкерлігінің өзекті мәселелерін талқылады.

13.03.2019
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

2019 жылдың 13 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Азаматтық қорғаныс күні өтті.

Бұл күн ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9 сессиясы кезінде 1990 жылы жарияланды.

Азаматтық қорғаныс-бейбіт азаматтарды қорғау үшін құрылған арнайы құрылым. Уақыт өте келе бұл ұйымның міндеттері біршама кеңейтілді. Енді ол соғыс кезінде халықты қорғаумен ғана емес, табиғи, техногендік және басқа да апаттар кезінде азаматтарды құтқарумен де айналысады.

1 наурыз – Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс туралы шешім жариялау 1990 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9 сессиясы кезінде қабылданды.

Бас Ассамблеяның Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының қарарына сәйкес жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс Күні. Ағымдағы жылы бұл күн «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен өтті. ҚР ІІМ ТЖ Комитеті балалар мен елдің қазіргі жастары арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға үлкен мән береді. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында, мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде және басқа да оқу орындарында осы күні арнайы сабақтар өткізіледі, ойындар, жарыстар, сайыстар ұйымдастырылады, онда қатысушылар өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игереді, әртүрлі дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде өзін қалай сақтап, айналасындағыларды қалай сақтап қалуға үйренеді.

Подробнее
Страница 338 из 445