ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






13.02.2019
«Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» 1203000 мамандығының апталығы

2019 жылдың 11 ақпанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» 1203000 мамандығының апталығы басталды.

II, III және IV курс студенттері үшін Петропавл станцияларына экскурсиясы ұйымдастырылды: ЭЦ-2, ЭЦ-3, ДСЦ-2 ( Д-31 топ, оқытушы Шустова Т. А.), жолаушы паркі (Д-21 топ, оқытушы Донец Н. И.), оқу палигоны (Д-22 топ, оқытушы Жаравина Л. Н.), Петропавл ст.мұражайы (ДСП-21 топ, оқытушы Жаравина Л. Н.). Д-31 топ (оқытушы Баймышева Е. Ф.) ФКҚКАА Оңтүстік – Орал темір жолдың Петропавл бөлімшесінің кәсіпорнына барды. Оқытушы Н.И.Донецпен «ПетропавлТрансКом» ЖШС-не экскурсия ұйымдастырылды.

12.02.2019
Ауғаныстаннан әскердің шығарылғанына 30 жыл

15 ақпанда, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толады. Тоғыз жылдан астам уақыт бойы сарбаздар, офицерлер, медициналық корпус Отан мүдделерін қорғай отырып, лайықты және соңына дейін өзінің қызметтік борышын атқарды. Бұл атаулы күн Қазақстан Республикасында да салтанатты түрде атап өтіледі. Мерейтой қарсаңында өскелең ұрпаққа патриоттық сезімді тәрбиелеу үшін бірқатар іс-шаралар өтуде.

2019 жылдың 12 ақпанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналған «Есть в памяти мгновения» атты реквием-кешке шақырылды. Салтанатты іс-шара Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «И. Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхана» КММ-де өтті. Кеш барысында әндер шырқалып, кітаптар мен кинофильмдерден үзінділер оқылды, соғыс ардагерлері жастармен өз естеліктерімен бөлісті.

12.02.2019
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі

2019 жылдың 12 ақпанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің соңғы күні өтті. Колледжде «Бәрі Махаббаттан басталады» атты концерт ұйымдастырылып, өткізілді. Барлық нөмірлер мазмұнды тереңдігімен, шынайы шынайылығымен ерекшеленді және қайырымдылыққа, махаббатқа, әлемге, Отанға арналды. Концертке колледж студенттері белсенді ат салысты: Сычев Степан, Партенадзе Кристина, Зябликова Ирина, Шовдина Анастасия, Раскин Даниил, Байкенова Саида, Абдуллин Надим, Левчук Никита. Концерттік бағдарламаның жүргізушілері Бирюкова Екатерина мен Алимбаев Саламат болды.

12.02.2019
Ашық есік күні

2019 жылдың 12 ақпанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Ашық есік күні» өтті. Іс-шара қала мен облыс оқушыларының арасында кәсібибағдар жұмысын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.

Ашық есік күні аясында колледжге Петропавл қаласының №9, №21, №24, №42, №44 мектеп оқушылары, сонымен қатар Якорь ОМ, Бескөл №2 ОМ және Пенькова ОМ оқушылары келді. Талапкерлер назарына толықтай колледж туралы және ондағы мамандықтар туралы ақпараттар, сонымен қатар концерттік бағдарлама ұсынылды.

Іс-шараның екінші бөлігінде барлық қалаушылар үшін танысу экскурсиясы жүргізілді, экскурсия барысында балалар колледждің материалдық-техникалық базасымен және студенттердің күнделікті өмірімен танысты.

09.02.2019
«Электрмен жабдықтау» 0902000 мамандығының апталығы

2019 жылдың 4 ақпанынан 9 ақпаны аралығында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Электрмен жабдықтау» 0902000 мамандығының апталығы өтті. Апта бойы студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыруға және оны меңгеруге ынталандыруға бағытталған іс-шаралар өтті.

Апта І курс студенттерінің болашақ мамандығы туралы бейнефильмді көруден басталды. Апта бойы III курс студенттері «Электр мамандығы» турнирінде, «Сен және сенің болашақ мамандығың» викторинасында және «Электр біздің қолымызда» атты байқауында жарысып, өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетті.

Апта шеңберінде II және IV курс студенттері Петропавл электрмен жабдықтау дистанциясына және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-на барды. Техникалық шығармашылық көрмесінде Э-33 топ жеңіске жетті, олар «Техник-электрик» техникалық шығармашылық үйірмесінде дайындаған «Силовой трансформатор» макетті көрсетті. Екінші орынды Э-31 топтың студенттері ( «Шаговое напряжение» макеті), үшінші орынды Э-21 топ («Устройство ротора» макеті) иеленді.

Страница 342 из 445