ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





28.04.2016
«EXPO-2017» – табысқа апарар жол» атты дөңгелек үстел

2016 жылғы 28 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы С.А. Махина «EXPO-2017» – табысқа апарар жол» атты дөңгелек үстел өткізді.

2017 ж. EXPO-2017 тұңғыш рет Еуразия континентінің дәл ортасында орын тебеді. Астанадағы дүниежүзілік көрме әлемдік қоғамдастық үшін өзекті болып табылатын «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтеді. EXPO-2017 көрмесіне 100-ден астам елдің өкілдері, 2 миллионнан астам көрермен қатысады деп күтілуде, олардың әрқайсы болжам бойынша 2 және одан да көп рет көрмеге келеді.

Іс-шараны өткізуге В-21 (сынып жетекшісі П. Г. Вирко) және Л-23 (сынып жетекшісі Д. В. Кириллов) топ студенттері қатысты.

Студенттерге алда тұрған оқиға туралы ақпарат берілді. Іс-шараны өткізу барысында интербелсенді тақтада «Астана - болашақ ЕХРО–2017 қаласы», «EXPO-2017-ге арналған «Сфера» ғимараты қандай болады», «Сапро–НАТ» ЖШС репортажы» бейнефильмдері көрсетілді.

Кітапхананың оқу залында «ЭКСПО-2017 – Қазақстанның болашағы - «болашақ энергиясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
27.04.2016
Бағдарламалау бойынша олимпиада

2016 жылғы 22 сәуір күні М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының Ақпараттық технологиялар факультеті күні аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің арасында 29 наурыз күні өткен бағдарламалау бойынша олимпиаданың қорытындылары шығарылды.

Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері өткізілген іс-шараға белсенді қатысып, онда теориялық даярлық пен тәжірибелік дағдылардың жоғары деңгейін көрсетті.

Олимпиада қорытындылары бойынша біздің студенттеріміз жүлделі орындарды алды және дипломдармен марапатталды:

1. Коркин Антон (ПО-31 топ) – I орын;

2. Михейкин Денис (ПО-21 топ) – II орын;

3. Ошмаров Артём (ПО-21 топ) – II орын;

4. Скрипак Дмитрий (ПО-21 топ) – III орын.

Студенттерді олимпиадаға дайындаған оқытушы К. Р. Петрищевтің жұмысы грамотамен аталып өтілді.

Подробнее
20.04.2016
«Аламан-2016» фестивалі

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына қатысушылар арасында 2016 ж. 04.04 бастап 2016 ж. 29.04 дейін өткен «Аламан-2016» аймақтық фестиваліне белсенді қатысқаны үшін Петропавл темір жол көлігі колледжі грамотамен марапатталды.

19.04.2016
«Ислам және қоғам» атты конференция

2016 жылғы 18 сәуір күні «Ислам және қоғам» атты конференция өтті. Кездесуге «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері шақырылды.

14.04.2016
«Денсаулық – табысты мансапқа апарар жол» атты саламатты өмір салты сағаты

2016 жылғы 13 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында Т. А. Таран «Денсаулық – табысты мансапқа апарар жол» атты саламатты өмір салты сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Т-12 (сынып жетекшісі М. В. Торлопова) және Э-11 (сынып жетекшісі А. Б. Сулейменова) топ студенттері қатысты.

Қатысушылар адамның денсаулығы – өмірлік мәні бар құндылық, ол бір-бірімен өзара байланысқан көптеген құрамдас бөліктерден тұратынын атап өтті. Денсаулыққа тұқым қуалаушылық, қоршаған ортаның жағдайы, денсаулық сақтау ықпал етеді, ал осы көрсетілетін ықпалдың жартыдан астам бөлігін саламатты өмір салты құрайды. Егер біз өз денсаулығымызды күтпесек – біздің болашағымыз болмайды. Біздің еліміздің болашағы – дендері сау адамдар.

Іс-шараны өткізу барысында қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқылды. Интербелсенді тақтада «Жастар арасындағы алкогольге тәуелділік» және «Спорт және саламатты өмір салты – сенің стилің» бейне фильмдері көрсетіліп, «Денсаулықты таңда» кітап көрмесі ресімделді.

Подробнее
Страница 339 из 376