2016 жылғы 07 маусымнан бастап 09 маусымға дейін Петропавл темір жол көлігі колледжінде ПТКК оқытушылары мен студенттерінің «Біздің болашағымыз колледжбен байланысты» атты ғылыми-техникалық және қолданбалы шығармашылық көрме-байқауының екінші кезеңі ұйымдастырылды.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1. Оңтайландыру және өнертапқыштық – оқу экспонаттары (білім беру үдерісінің қажеттіліктері үшін жасалған жабдық, ОТҚ, макеттер);
2. Студенттердің жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық цикл пәндері және жалпы білім беретін пәндер аясындағы шығармашылығы, халық қолөнері мен кәсібінің туындылары, тарихи архитектуралық ғимараттардың макеттері және т.б.
Көрме дарынды жастарды анықтау және қолдау, шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасау, ғылыми-техникалық және қолданбалы шығармашылықтың нәтижелілігін арттыру үшін, сондай-ақ облыстық «ЖҒТШ-2016» жастар ғылыми-техникалық шығармашылығының көрмесіне қатысушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Ұсынылған жәдігерлерді іріктеу екі кезеңнен тұрды:
– Бірінші кезең ғылыми-техникалық шығармашылық және қолданбалы өнер байқауларының аясында пәндік-циклдік комиссиялар деңгейінде өткізілді (2016 ж. қаңтар-наурыз);
– Көрменің екінші кезеңі 2016 жылғы 07-09 маусымда өткізілді.
Жеңімпаздар облыстық «ЖҒТШ-2016» жастар ғылыми-техникалық шығармашылығының көрмесіне қатысады.
Көрмені оқытушылар, студенттер, студенттердің ата-аналары, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері және талапкерлер тамашалады.
Көрме-байқау қорытындылары бойынша жеңімпаз атанғандар:
I орын – студент И. Игнатенко, оқытушы Б. В. Шипулин;
II орын – студент В. Калугин, В. Дикарев, Е. Найда, А.Севостьянова, оқытушы М. В. Торлопова;
III орын – студент Т. Исмагилов, Е. Иванов, И. Глушко, оқытушы В. В. Задорожный.
Студент К. Демидов, В. Сергеевтің, оқытушы Д. Ж. Ақышова, В. П. Багай, Б. Б. Илюбаеваның жұмыстары грамоталармен атап өтілді.
2016 жылғы 28 наурыздан бастап 06 мамырға дейін Петропавл темір жол көлігі колледжінің базасында Солтүстік Қазақстан облысы Аймақтық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Бизнес-мектеп курстары өтіп, оған 24 бітіруші топ студенті қатысты. Бизнес-мектеп курсының мақсаты жастарды қызмет мансабын кәсіпкерлер немесе өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер ретінде бастау дағдыларына үйрету ғана емес, сондай-ақ мүмкіндіктерді, міндеттерді, рәсімдерді және кәсіпкерлік дағдылардың ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде қолданумен таныстыру болды. Топтық бизнес жобаларды қорғау іс-шараны қорытындылады. Бизнес-мектептің барлық тыңдаушыларына СҚО АКП сертификаттары табыс етілді.
Осы уақытта колледждердің жүздеген түлектері лайықты жалақы іздеу үшін жыл сайын еңбек нарығына қосылуда. Қазіргі қоғамның міндеті қоғамда орын алған жұмыссыздықты жеңіп және жұмыссыз халықтың санын азайтып қана қоймай, еңбек нарығына келген жас мамандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беруде кәсіпкерлікке оқытуды енгізу білім алушыларды өз бетінше жұмыспен қамтылуға – ресми жұмыс орны болмаған жағдайда пайда болуы мүмкін жағдайға дайындайды. Адамдар өз бетінше жұмыспен қамтылу жолымен өздерінің жұмыс орындарын немесе басқа да жұмыс орындарын құруына және жаңа кәсіпорындарды ашуына қарай жұмыссыздар саны қысқаратын болады.
2016 жылғы 30 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г.М. Қабденова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Қастерлілерге теңелу» атты сазды-поэзия сағатын өткізді.
Іс-шараны өткізуге Э-11 (сынып жетекшісі А. Б. Сүлейменова), ДМ-11 (сынып жетекшісі К. Ж. Тасмагамбетова) топ студенттері қатысты.
Қатысушылар Отанға деген сезім, еліне деген мақтаныш оның рәміздеріне құрметтен басталатынын атап өтті. Сондықтан қай заманда болмасын, мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш. Олар нақты бір мемлекеттің тарихын баяндайды, бүгінді бейнелейді, азаматтарының патриотизмін білдіреді және халықаралық аренада бет-бейнесі, ерекшелік белгісі болып табылады. Біздің парызымыз, Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы – мемлекеттің мызғымас негіздерін қастерлеу және құрметтеу.
Іс-шараның барысында Қазақстан Республикасының Гимні орындалды, интербелсенді тақтада слайдтар, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» бейнефильмі, Н. Назарбаевтың «Мой город» өлеңіне жазылған әннің бейнебаяны көрсетіліп, оқу залында «Тәуелсіздіктің белгілері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2016 ж. 26 мамыр күні кітапхананың оқу залында қазақ тілінің оқытушылары «Жаңа әлемдегі жаңа Астана» әдеби-сазды кешін өткізді.
Іс-шараны өткізуге II курс студенттері қатысты. Олар Астананың құрылуы туралы әңгімелеп, өлеңдер оқу арқылы біздің елордамыздың тарихына студенттердің қызығушылығын арттырды. ДМ-11 топ студенті Жаменов Әділдің орындауында «Астана», «Айналайын» әндері шырқалды. Көрермендермен виторина өткізілді.
Интербелсенді тақтада «Астана. История молодой столицы», «Елімнің жүрегі – Астана» әнінің бейнебаяны, слайдтар көрсетілді.
Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы колледж студенттері мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» тақырыбындағы шығармалар байқауын өткізді.
Байқау Солтүстік Қазақстан облысының географиялық, әкімшілік-аумақтық атауларының шығу тарихын зерттеу арқылы студенттердің бойында туған жерге деген сүйіспеншік сезімін тәрбиелеу, тарихи-географиялық атаулардың шығу тарихын анықтау мақсатында өткізілді. Байқауға біздің студенттер: «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының 3 курс студенті Свежак Евгений және 4 курс студенті Хамзин Қадырбек қатысты, жетекшісі – география оқытушысы Құсайынова Айгүл Зейнулқызы.
2016 жылғы 24 мамыр күні жеңімпаздарды марапаттау өтіп, біздің студенттерге жүлделі орындар берілді – колледж студенттерінің арасында Хамзин Қадырбек қазақ тілінде жазылған шығармасы үшін 3 орынды иеленді; Свежак Евгений орыс тілінде жазылған шығармасы үшін 2 орынды иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.