ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






29.01.2018
«Білім алушы жастардың арасында ұлтаралық келісімді қалыптастыру» тақырыбындағы интербелсенді сұхбат

Қазақстан – көпұлтты мемлекет, аумағында 130 ұлттың өкілі тұрады. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарды. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

2018 жылғы 29 қаңтар күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің акт залында қаланың оқу мекемелерінің студенттеріне арналған «Білім алушы жастардың арасында ұлтаралық келісімді қалыптастыру» тақырыбындағы интербелсенді сұхбат өткізілді.

Іс-шараға шақырылғандар:

Облыс мәслихатының депутаты, Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жастар бастамалары орталығының нұсқаушысы Екатерина Сергеевна;

Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жастар бастамалары орталығының нұсқаушысы Танакулова Эльмира Шамильевна;

«Солтүстік Қазақстан облыстық «Радзіма» белорус орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Татаренко Мария Петровна.

Подробнее
26.01.2018
«Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басты бағыты» ақпараттық сағат

2018 жылғы 26 қаңтарда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушылары «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.– Жолдаудың басты бағыты»» ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараның барысында Жолдаудың жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға және елдің қоғамдық-саяси өмірінде бірден бір жемқорлықтың көрінісін бодырмауға бағытталған тезистері қарастырылған.

Осы іс-шара І-ІІ курс студенттері арасында жүргізілді. Осы уақытта «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын таныстыру және түсіндіріп тарату жөніндегі жұмыс жалғасуда.

24.01.2018
«Астана ғажайыптар қаласы» атты брейн-ринг

2018 жылғы 24 қаңтар күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Астана ғажайыптар қаласы» атты брейн-ринг өткізілді. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Б. Б. Илюбаева ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаттары: Астана қаласының тарихы туралы білімдерді бекіту, қызығушылықты арттыру, туған жеріне деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу.

23.01.2018
«Заңды білесің бе?» атты блиц-турнир

2018 жылғы 19 қаңтар күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Б. Ж. Нуртазина «Заңды білесің бе?» атты блиц-турнир өткізді. Бұл іс-шара ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Блиц-турнир өткізуге В-32 топ студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты: қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен, оның негізгі бөлімдерімен, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, құқықтарды, саяси ұғымдарды және заңды терминдерді білу деңгейін тексеру, құқықтанудың үздіктерін анықтау.

Блиц – турнир келесі бөлімдерден тұрды:

1 бөлім «Конституцияны білесің бе?»;

2 бөлім «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары»;

3 бөлім «Тәуелсіздіктің хронологиялық кезеңдері».

Іс-шараға қатысушылар байқаудға белсене араласты, конституциялық құқықтарды білу жақсы деңгейін көрсетті. Белсене қатысқандар көтермелеу сыйлықтармен марапатталды.

Блиц-турнир өту барысында «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары» атты бейнефильм және слайдтар көрсетілді.

Кітапхана залында «Заңды білу және қадірлеу» тақырыптағы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
18.01.2018
«Бой көтерді бір қала» сынып сағаты

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі «Электрмен жабдықтау» мамандығының II курс студенттері «Бой көтерді бір қала» сынып сағатына қатысты. Сынып сағатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А. Қ.Қабденова өткізді.

Іс-шараға қатысушыларының назарларына Астана тарихына қызықты саяхат ұсынылды. Балалар еліміздің бас қаласының өткені мен қазіргі уақыты туралы, астананың басты көрнекі орындары туралы әңгіме қозғады. Қазақ және орыс тілдерінде ән шырқалып, өлең оқыды. «Менің Астанам» бейнефильм, «Мой город», «Астана» атты бейнеклиптері, слайдтар көрсетілді. Сағаттың соңында викторина өткізілді.

Подробнее
Страница 321 из 393