ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






08.12.2020
«Мінез-құлықтың қауіпті факторлары» конференциясы

2020 ж. 8 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің I курс студенттері үшін онлайн режимінде Нұр-Cұлтан қаласының «Салауатты өмір салты орталығының» дәріскерлері Қ. Хамзин, Ж. Тоқтарова, М. Ашен «Мінез-құлықтық қауіпті факторлары» тақырыбында конференция өткізді.

Іс-шараны өткізуге 190 студент қатысты.

04.12.2020
Сенің денсаулығың – сенің байлығың

2020 ж. 4 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері үшін Нұр-сұлтан қаласының «Салауатты өмір салты орталығының» дәріскерлері Н.М. Бекмұхамбетова мен А. М. Мерханова онлайн режимінде «Репродуктивті денсаулық», «Сенің денсаулығың – сенің байлығың» тақырыптарында конференциялар өткізді.

Іс-шараны өткізуге 65 студент қатысты.

27.11.2020
«Латын әліпбиі – қазақ тілінің болашағы» эссе байқауы

2017 жылғы 27 қазанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» өкімге қол қойып, латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жобасын бекітті. Өркениетті әлем латын графикасын бұрыннан қолданып келеді. Латын әліпбиі әлемнің 100-ден астам елінде қолданылады. Латын тілінің кең таралуы оның лексикалық байлығына байланысты, ол адам өмірінің барлық салаларын және грамматикалық үйлесімділікті, сөз тіркестерінің қысқалығы мен дәлдігін көрсете алады.

Ұлт Көшбасшысының пікірінше, латын әліпбиіне көшудің терең тарихи логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның ерекшеліктеріне, қазіргі әлемдегі коммуникациялардың ерекшеліктері және ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Ақпараттық технологиялар ғасырында біз уақытпен бірге қадам басуымыз керек. Сондықтан латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы екенін бәріміз түсінеміз.

2020 жылдың 27 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Б.Б. Илюбаева «Латын әліпби-қазақ тілінің болашағы» атты онлайн – эссе байқауын өткізді. Байқауға I және II курс студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты: қазақ халқының тарихи – мәдени мұрасын сақтау, жастар арасында жазбаша мұраны насихаттау.

27.11.2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні

Еліміздің Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында Б.Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер циклін талқылау бойынша кураторлық сағаттары өткізілді.

Жеті фильмнің әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа – экономика, интеграциялық процестер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар, жаңа Астана, транзиттік әлеует, отандастарымыздың Отанына оралуы тақырыбына арналған.

Циклдің мазмұны: «Білел бір тағдыр», «Сын сағат», «Парасат шешім», «Ұйымдасқан ұтады», «Болашаққа бастар жол», «Жаңғыру жолы», «Елдіктің бастауы».

Студенттер саны 468 адамды құрады.

26.11.2020
«Тарих беттерінен» тақырыптық сағаты

2020 жылдың 26 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханашысы Т. А. Таран Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қашықтық форматта «Тарих беттерінен» тақырыптық сағатын өткізді. Іс-шараны өткізуге I курс студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты саясатының арқасында біздің еліміз жаңа Астанасы және дамыған нарықтық экономикасы, ұлтаралық келісімнің үлгісі бар, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытын сенімді қабылдаған тәуелсіз мемлекетке айналғаны айтылды.

Қазіргі Қазақстан - біздің мақтанышымыз, және бүгінгі қазақстандық жастардың міндеті - лайықты адамдар болу, жас мемлекет құруды жалғастыруға дайын болу және, әрине, өз елінің нағыз патриоттары болу.

Іс – шараны өткізу барысында: Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы слайдтық презентациясы, «Н. Ә.Назарбаев - Дәуір адамы» бейнефильмі, Н. Ә. Назарбаевтың «Менің қалам» өлеңіне жазылған әнінің бейнеклипі көрсетілді.

Страница 319 из 475