ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






25.11.2020
«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» пікірталасы

2020 жылдың 25 қарашасында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А. К. Қабденова «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты пікірталас өткізді. Іс-шараны өткізуге ПО-31 тобының студенттері қатысты.

Латын графикасына көшу – 2017 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына ұсынған бағдарламалық мақаланың маңызды бөлігі болып табылады. Латын графикасы қазіргі кезеңде көптеген елдерде қолданылады. Қазіргі уақытта қазақ тілін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шарада Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің негізгі себептері мен мүмкіншілігі қарастырылды. Студенттерге қазақ жазуының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу тарихы туралы «Латын әліпбиі: тарихи тағдыр белгілері» деректі фильмінің үзінділері, сондай-ақ қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің болашағы мен мәселелері туралы отандық және шетелдік сарапшылардың пікірлері көрсетілді.

17.11.2020
«Латын графикасына көшу - болашақтың жарқын бағдары» конференциясы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу қажеттігін атап өтті.

«Бірінші кезекте қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп көшуін бастау керек. Біз бұл үдеріске тәуелсіздік алғаннан бері дайындалдық», – деп жазады Ұлт Көшбасшысы.

2020 жылдың 17 қарашасында «Қызылжар» қосымша білім беру орталығының директоры Жанат Мұхамеджан Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының ұйымдастыруымен «Латын графикасына көшу-болашақтың жарқын бағдары» атты онлайн – конференция өткізді.

Конференцияда графика мен әліпби туралы мәлімет, қазақ жазуының латын әліпбиіне ауысу мәнінің қарастырылуы, күн тәртібінде қамтылуы, қазақ жазуының тарихы, латын әліпбиін таңдауымыздың себебі, латын графикасын қолдану статистикасы, латын графикасын қолданатын елдер, әлемдегі қазіргі латын әліпбиі туралы пікірлер, жаңа емледегі жаңалықтар туралы мәселелер талқыланды. Конференция тыңдаушысы болған колледж студенттері белсенді қатысып, ұсынылған мәліметтерге үлкен қызығушылық танытты.

16.11.2020
«Қазақстан - менің мақтанышым» ақпараттық сағаты

2020 жылдың 16 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова I курс топтары үшін қашықтықтан форматта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын ілгерілету бойынша «Қазақстан – менің мақтанышым» ақпараттық сағатын өткізді.

Іс-шараға қатысушыларға Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қазіргі Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі, экономикасы өсіп келе жатқан, біртұтас халқы бар және үлкен жоспарлары бар елге айналғаны айтылды. Тәуелсіздік тарихының қысқа кезеңі ішінде біздің еліміз қоғам өмірінің түрлі салаларында ауқымды реформаларды табысты жүзеге асыратын қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды. Бүгінгі таңда біздің алдымызда маңызды міндет тұр – Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерді сақтау және көбейту.

Іс-шараны өткізу барысында слайдтық презентация және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» бейнефильмі, Н. Назарбаевтың «Город мой» өлеңіне жазылған әні мен Қазақстан туралы «Сильные люди, сильной земли» әнінің бейнеклиптері көрсетілді.

16.11.2020
«Жастар арасында есірткі тұтыну мен есірткі қылмыстарының алдын алу» дәрісі

2020 жылдың 16 қарашасында СҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Ж.Б. Байгазина Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері үшін онлайн режимінде «Жастар арасында есірткі тұтыну мен есірткі қылмыстарының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараға 100 студент қатысты.

14.11.2020
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Қарашаның әр үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні атап өтіледі.

2020 жылғы 14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі түрде аграрлық болып саналатын Қазақстанның ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған «Мәңгілік» би ансамблінің мерекелік онлайн-концерті өтті. Дәстүр бойынша ансамбль құрамының мүшелері болып табылатын Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері де қатысты.

Страница 320 из 475