2019 жылдың 14 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы меңгерушісі Г. М. Кабденовамен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Төзімділік - ел игілігінің негізі» тақырыптық сағаты өткізілді. Іс-шараны өткізуге Д-11 және ПО-11 топ студенттері қатысты.
Іс – шараға қатысушылар төзімділік-бұл біздің әлем мәдениетінің бай алуан түрлілігін, өзін-өзі көрсету формалары мен адам даралығын көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну екенін атап өтті.
Іс-шараны өткізу барысында интерактивті тақтада презентация, бейнефильмдер: «Толерантность. Мы разные, но мы вместе», «Достық – бірлік нышаны»; «Достық байланысы», «Родина моя» ән бейнелері көрсетілді. Студенттер «Ладная семья» атты әңгімесін тыңдады, мұнда басты сөздер-махаббат, шыдамдылық, кешірім, бейбітшілік пен келісім орнаған отбасы заңы болды.
Іс-шара соңында «Комплименты» және «Подними руку, у кого...» ойындары өткізілді, бұл ойындар студенттерге сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлады, қазақ, орыс, украин тілдерінде әр түрлі халықтардың достығы туралы өлеңдер оқылды.
Кітапхананың оқу залында «Бір қадаммен төзімділікке қадам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2019 жылдың 13 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде рухани-адамгершілік тәрбие аясында «Қазіргі заманғы қоғамның толеранттылық негізі ретінде әлемдік мәдениеттердің өзара кірігуі» атты интерактивті сынып сағаты өткізілді.
Л-11 тобының студенттері Батыс және Шығыс елдері мәдениетінің ерекшеліктерін креативті түрде ұсынды, интерактивті ойындар өткізді, ұсынылған тапсырмаларды қолданбалы өнер элементтерімен орындады.
2019 жылдың 11 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында «Денсаулық –даналардың артықшылығы» атты тақырыптық сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатын өткізу барысында студенттер денсаулыққа оң және теріс әсер ететін факторларды анықтады, «Денсаулық формуласы», «Көңіл-күй гүлі», «Салауатты өмір салты ағашы» жаттығуларын орындады.
2019 жылдың 11 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Ақылдылар» химия пәнінен зияткерлік ойыны болды. Іс-шараға Д-11, Д-12, ПО-11, Э-11 топ студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің химияға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауды, танымдық қызығушылығын дамыту, студенттердің шығармашылық қызметін ынталандыру, топта жұмыс істеу барысында қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тілектестік, қайырымдылықты, қарсыласқа деген құрметті тәрбиелеу.
Іс-шара барысында студенттер жоғары белсенділік, қызығушылық танытып, химия пәнінен жақсы білімдерін көрсетті.
Жеңімпаз командалар құрмет грамоталарымен марапатталды.
2019 жылдың 06.11 – 07.11.аралығында «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» факультативтік сабақтар өткізу шеңберінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Л-32 тобында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша, СҚО Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бизнес - кеңесші» атты қысқа мерзімді екі күндік курстардан өтті.
Бизнес-тренер Е. Коняхина студенттерге өз бизнесін қалай ашу керектігін, бизнесті жүргізудің заңды негіздері туралы ақпарат берді,маркетинг негіздерін, адам ресурстарын басқару, қаржылық құрамдауыштарды, персоналды басқару негіздерін үйретті.
Студенттер кәсіпкерлік негіздері бойынша теориялық білімдерін өзектендірді, бизнес-жоспар құруды және ақпараттық ресурстарды пайдалануды үйренді, салық режимдерінің қыр-сырын біліп, бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарымен танысты.
Курс аяқталғаннан кейін атаулы сертификаттар беріледі, олардың болуы «ДКБ-2020» бағдарлама шеңберінде гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға құқық береді.