ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






19.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Мәңгілік» би ансамблі құрамының қатысуымен «Күш - бірлікте!» атты мерекелік онлайн-концер өтті. Ансамбль құрамына дәстүрлі түрде Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері кіреді.

16.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ел бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!» атты концерт ұйымдастырылды. Концертке дәстүрлі түрде Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері кіретін «Мәңгілік» би ансамблі қатысты.

16.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Еркін және гүлденген Қазақстаным

Тәуелсіздік күнін бүгін атап өтеді.

Ол елдер шоқжұлдызындағы жарқын жұлдызым,

Оның жетістіктері жарқырап шыңға жете береді!

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Тәуелсіздік алған сәттен бастап халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен тамаша жалғастырды. Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің еліміз бүкіл әлемге танылып, үлкен прогреске қол жеткізді.

Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілейміз! Сіздің үйіңізде әрдайым бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-еліміздің маңызды оқиғаларының бірі. Бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің символы болып саналады.

Мереке қарсаңында I курс студенттері арасында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан тарихы», «Туған елім – тірегім, өнер білім – бұлағым», «Достық пен татулықтың шаңырағы» атты тақырыптық сынып сағаттары өткізілді, 225 студент қамтылды.

11.12.2020
«Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптық сағаты

2020 жылдың 11 желтоқсанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханашысы Таран Т.А. I курс топтарына қашықтық форматта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптық сағатын өткізді.

Іс – шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - бұл өз тарихында алғаш рет тұрақтылық, бейбітшілік және ұлтаралық келісім орнаған заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын символы екендігі айтылды.

Қазіргі Қазақстан – біздің мақтанышымыз және бүгінгі таңда біздің алдымызда маңызды міндет тұр – Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерді сақтау және өркендету.

Іс – шараны өткізу барысында слайдтық презентация, «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» бейнефильмдері, «Менің Қазақстаным» әнінің бейнеклипі көрсетілді.

Страница 318 из 475