

2025 жылғы 11 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасы Еңбек мамандықтары жылы аясында сіздің назарыңызға келесі мамандыққа арналған ұсынылатын әдебиеттер тізімін ұсынады: 07161300 «Автомобиль көлігін техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» Библиографиялық тізімде оқу процесіне дайындық кезінде қолдануға болатын оқулықтар мен оқу құралдары көрсетілген. Егер сіз беделді мамандық алғыңыз келсе, табысты мансап жасағыңыз келсе — бұл кітаптар сіз үшін!



Балаларға арналған Бүкіләлемдік күн аясындағы іс-шаралар шеңберінде 2025 жылдың 11 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Эмпатия және зорлықсыз мінез-құлық» атты психологиялық тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің өзара тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту, өзара сыйластық, түсіністік пен қабылдауға негізделген қатынастарды қалыптастыру болды. Сабақтың басында қатысушылар метафоралық карталармен жұмыс жасап, өз көңіл күйін және эмоциялық жағдайын білдіріп, өзін және өзгені жақсырақ түсінуге мүмкіндік алды. Студенттер эмпатияның не екенін, тек тыңдау емес, шын мәнінде ести білу мен басқа адамның сезімін түсініп, оны айыптамай қабылдау қаншалықты маңызды екенін талқылады. Сондай-ақ, қарым-қатынаста үйлесімділікті сақтауға көмектесетін зорлықсыз коммуникацияның төрт қадамы туралы әңгімелесті. Тренинг соңында студенттер арт-терапия әдісі арқылы өздерінің ішкі дүниесін және адамдарға деген қарым-қатынасын бейнелейтін жарқын, мәнді образдар жасады. «Эмпатия – бұл өзгені түсіну қабілеті ғана емес, ол – өзіңді оның бойынан көре білу қасиеті».



Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 11 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде №9 орта мектептің 9-сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өтті. Экскурсияның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау. Мектеп оқушылары колледждің мамандықтарымен және материалдық-техникалық базасымен танысты.


2025 жылғы 11 қараша күні Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Толеранттылық – бейбітшілікке бастар жол» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында толеранттылық қағидаттарын қалыптастыру, студенттердің толерантты санасы мен мінез-құлқын дамыту. Студенттер «толеранттылық» ұғымымен, оның әр түрлі халықтарда, әр түрлі тілдерде қалай түсіндірілетіндігімен, толерантты және интолерантты тұлғаның негізгі ерекшеліктерімен танысты. «Сәлемдесу», «Сиқырлы қол», «Смайлик» атты жаттығулар мен ойындар өткізіліп, олар студенттердің тынығуына және ұжымның бірлігін арттыруға бағытталды.


2025 жылғы 7 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері жастар құқықтары жөніндегі республикалық комиссияның онлайн-отырысына қатысты.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор