ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






13.11.2025
Әскери-қолданбалы пәндер бойынша облыстық онлайн спартакиада

2025 жылғы 10–13 қараша аралығында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері Солтүстік Қазақстан облысының ТжКБ ұйымдары студенттері арасындағы әскери-қолданбалы пәндер бойынша облыстық онлайн спартакиадаға қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Бұл іс-шара жастар арасында патриотизмді дамытуға, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және әскери-қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылықты арттыруға бағытталды

ПМЖКК командасы жүлделі екінші орынға ие болды.

Команда құрамында: Зелинский Андрей, Д-11 тобы Бубняк Дмитрий, Д-21 тобы Пытьев Роман, Л-32 тобы Мерц Кирилл, В-11 тобы Терещенко Егор, Л-21 тобы Кашникова Диана, Д-11 тобы Швецова Юлия, Б-21 тобы Кутузова Милана, ПО-21 тобы Ралло Ангелина, ПО-21 тобы

Бұл жеңіс — қажырлы дайындық пен бірлескен командалық еңбектің нәтижесі. Мұндай жарыстарға қатысу студенттердің жауапкершілігін арттырып, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және командадағы ұйымшылдықты нығайтуға ықпал етеді.

13.11.2025
1 курс старосталарына арналған оқу семинары

2025 жылғы 13 қараша күні Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс студенттерінің старостат отырысы ұйымдастырылды.

Іс-шара оқу семинары форматында өтті. Спикерлер ретінде әлеуметтік педагог П.А.Дылдина мен педагог-психолог Е.А.Беспятова сөз сөйледі.

Семинар барысында колледждің ішкі тәртіп ережелері, топтардағы әдеп нормалары, сондай-ақ РҚ Әкімшілік және Қылмыстық кодекстері талқыланды. Бұл ақпаратты топтар арасында «тең – теңімен» қағидаты бойынша тарату мақсат етілді.

Подоляник А.А. – Жастар ісі жөніндегі инспектор

12.11.2025
Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2025 жылғы 12 қарашада "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК педагогтары № 21 орта мектепте ата-аналар жиналысына кәсіби бағдар бере отырып қатысты. Ата-аналар колледжге түсу туралы сұрақтарға жауап алды, колледжде ұсынылған мамандықтармен танысты. Іс-шараның мақсаты-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу.

12.11.2025
Шахмат сайыстары

2025 жылғы 10–12 қараша аралығында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жаттығу залында жұмысшы мамандықтар жылы аясында студенттер арасында шахматтан сайыстар өтті. Төреші ойын өткізу ережелерін түсіндірді. Сайыс айналмалы жүйе бойынша өткізіліп, ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанды.

Жеке біріншілік бойынша орындар төмендегідей бөлінді: 1 орын – Насыров Надир, ТМ-11 тобы; 2 орын – Бишель Андрей, ЭМ-11 тобы; 3 орын – Казов Дархан, Л-21 тобы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдар және медальдармен марапатталды.

Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жеңістер тілейміз! Ең үздіктер «Сұңқар» облыстық спартакиадасына іріктелді.

11.11.2025
«Өзіме хат: Отбасымда нені өзгерткім келеді / Болашақтағы отбасымды қалай елестетемін?»

Балаларды қорғау бойынша әлемдік күнге арналған іс-шаралар аясында 2025 жылғы 11 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Өзіме хат: Отбасымда нені өзгерткім келеді / Болашақтағы отбасымды қалай елестетемін?» акциясы өткізілді. Іс-шара барысында студенттер өздерінің болашағына үн қатты: отбасы туралы ойларын бөлісті, жақындарымен қарым-қатынаста нені өзгерткісі келетінін ойланды, үйін және оның ішіндегі атмосфераны қалай армандайтынын баяндады. Мұндай өзін-өзі тану формасы жастарға өмірлік құндылықтар, жауапкершілік пен отбасыдағы өзара түсіністіктің маңыздылығын ойлауға көмектеседі. Өйткені бүгін өзімізге үңіліп қарасақ, бақытты және үйлесімді болашақты қалай құруды үйренеміз.

Страница 28 из 445